Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу .
  • 18.05.2016
  • 365 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19044

Күні:14.03.2016 ж Пән мұғалімі : Нурекеева Роза Ерденқызы математика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу .

Сілтеме 6-сынып оқулығы. Авторы: Р. Алдамұратова математика электрондық оқулық, презентация
Жалпы мақсаттар Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер туралы ақпарат беру .
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер шешу жолдарын түсіну
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер шешу жолдарын есептерде қолдану
Оқыту нәтижесі Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер туралы ақпарат беретін болады .
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер шешу жолдарын түсінеді.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер шешу жолдарын есептерде қолдана алады
Сабақтың әдісі АКТ, қолдану, электронды оқулықпен жұмыс, «Блум гүлі», Сын тұрғысынан ойлау («Ой тастау», « Үй тапсырмасын пысықтау кезеңі.
Кім жылдам. Кір жаятын жіп әдісі
Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс
Жұптық жұмыс.Пилот -Штурман.
Жеке жұмыс.Тест жұмысы.
Блум гүлі.
Кері байланыс.
.

Жалпы
Сабақ барысы
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті
3 минут
Психологиялық дайындық

5 минут

1минут

2 минут

10 минут

3минут

4 минут

5минут

5минут

4 минут

2 минут

1 минут
- Сыныппен сәлемдесу.
- Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, аудиторияны қалыпқа келтіру)
- Оқушыларды таңбалар арқылы топқа бөлу.
3х-7<2; 2х<1; 4х>16; 5х<20; 6х<3; 8х≥24; 5х≥16; 3х≥-18; 2х≥12; -8х≤32; 2х≤х+8;
5х=5; х+2‚7= 3; 2х=4; х=3; 5х=10; 8х=4
1 топ Теңдіктер
2 топ Қатаң теңсіздіктер
3 топ Қатаң емес теңсіздіктер
деп 3 топқа бөлінеді.
ІІ. Кім жылдам
Біз не білеміз?
1. Қандай сан аралығын білесіндер?
2. [ -3; 2] сан аралығы не деп аталады?
3. (1; 6) сан аралығы не деп аталады?
4. Қандай сан аралығын А және В аралықтарының қиылысуы деп атайды?
5. Қандай сан аралығын А және В аралықтарының бірігуі деп атайды?

Мадақтау жылы шырай таныту арқылы бағаланады.

Ой тастау
Тірек сөздер арқылы жаңа сабақты ашу
Айнымалысы
Сызықтық
Бар
Бір
Теңсіздіктер
Шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Электрондық оқулық арқылы бейне көрсетіледі.
ax>b; ax<b; ax≥b; ax≤b
а, в- қандайда бір сандар
X-айнымалы
Бір айнымалысы бар теңсіздіктің шешімі деп, айнымалының теңсіздікті тура санды теңсіздікке айналдыратын мәнін айтады.
Теңсіздікті шешу дегеніміз – оның барлық шешімдер жиынын табу немесе шешімдерінің болмайтынын дәлелдеу.
Теңсіздік мәндес теңсіздіктерге түрленеді, егер:
1.Теңсіздік құрамындағы қосылғыш теңсіздіктің бір жақ бөлігінен екінші жақ бөлігіне қарама –қарсы таңбамен көшірілсе;
2.Теңсіздіктің екі жақ бөлігі де бір ғана оң санға көбейтілсе немесе бөлінсе;
3.Теңсіздіктің екі жақ бөлігінде бір ғана теріс санға көбейтіп немесе бөліп, сонымен бірге теңсіздік белгісі қарама-қарсы теңсіздік белгісіне өзгертілсе.

ІІІ. Топтық жұмыс
1-топ 1 жағдайда теңсіздіктің шешімдер жиынын түсіндіру
2-топ 2 жағдайда теңсіздіктің шешімдер жиынын түсіндіреді
3-топ 3 жағдайда теңсіздіктің шешімдер жиынын түсіндіру
Теңсіздіктің жағдайларын түсіндіруі-1 балл
Мысал келтіру – 2балл
Тақырыпты аша білуі -3балл

Бағалау критерийлері арқылы бағаланады

Өмірде ойлап тұрсаң, бәріде есеп,
Ауырсаң іше-тұғын дәріде есеп.
Есепсіз өмір деген мазмұнсыз-ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

ІҮ Пилот –Штурман «Оқулықпен жұмыс»
№1025 есеп А деңгейі
1) 3х≥ -18 3) 5у ≥16 5)8х≥24
х≥ -6 у ≥3,2 х ≥ 3
•-6///////////// 3;2•/////// 3•/////////
[ -6;∞ ) [3‚2;∞) [3;∞)
2)-8х≤32 4) 6,5у>13 6) 7,5х≤30
х ≥-4 у>2 х≤4
-4•/////////// 2◦////////// ///////////•4

[-4;∞) (2;+∞) ( -∞;4]

№1036 есеп В деңгейі
Жауабы:
1) (-∞;-0‚5]; 2) [6;+∞); 3) [⅛; +∞); 4) (-∞;1); 5) (-∞;0‚5);
6) (-∞;1)

Компьютердегі тапсырмалар
1.Теңсіздікті шешіңдер:
Координаталық түзуде белгілеңдер:
5х-9<x+3
5x-x<3+9
4x<12
x<3

////////////◦3
(-∞;3)
3.Есепті теңсіздік құру арқылы шеш:
Қорапта мәмпәзидің 21-ін қосқанда, 9 адамға теңдей бөліп берді, әр қайсысы кем дегенде 5мәмпәзиден алды, қорапта алғашында неше мәмпәзиден болған?
(х+21):9≥5
х+21≥5•9
х+21≥45
х≥45-21
х≥24
[24;∞)
5.Теңсіздікті шешіңдер:
5-3х>3-2х
-3х+2х>3-5
-х>-2
х<2
/////////////◦2
(-∞;2)
Жұптарда өзара бағалау жүргізіледі.

Ү. Жеке жұмыс Іздеген жетер мұратқа.
Тест
1.(- ∞; 5] сан аралығының аты
А) ашық сәуле Б) интервал В) кесінді Г) сәуле
2.Белгіленумен жаз: 1-ден 4-ке дейінгі кесінді.
А) (1; 4) Б) [ 1; 4] В) ( 1; 4 ] Г) [ 1; 4)
3. Сан аралығындағы бүтін сандарды тап; (4; 7]
А) 4;5;6 Б) 4;5;6;7 В)5;6 Г) 5;6;7
4. Белгіленуімен жаз; 1-ден 3-ке дейінгі 3 саны қоса алынған жартылай интервал
А) (1;3] Б) [ 1; 3] В) ( 1; 3) Г) [ 1; 3)
5.Теңсіздіктер шешімін сан арлығымен жаз; 2≤х <6
А) [ 2;6 ] Б) (2;6) В) [ 2; 6) Г) ( 2; 6 ]

Өзін өзі бағалау жүргізіледі

ҮІ .Блум гүлі



ҮІІ .Рефлексия. Табыс ағашы
Алған әсерлерін стикерге жазу. (Табыс ағашына ілу)
• Не ұнады?
• Не қиын болды ?
• Тілегім

ҮІІІ. Үйге тапсырма:№ 1026, №1034 ереже жаттау.

Конвертегі сұрақ
Мектептің іс жүргізушісі факс арқылы келген жеделхатты әкеледі: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу тақырыбына ашық сабақ өткізіп жатқан 6 сынып осы ма? Олай болса сіздерге маңызды мәлімет алып келе жатқан кеме жолда қарақшыларға кездесіпті. Соларды құтқару жолы осы жеделхатта айтылған».
Мына тапсырмаларды орындау арқылы кемені қарақшылардан құтқарайық. Тәрбие.орг сайтынан Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу . Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нурекеева Роза Ерденқызы

Шиелі ауданы №207"Жаңатұрмыс" орта мектебі Математика және информатика

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар
Көрсетілім: 365 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar