Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 381
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 04/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19883


Сабақтың тақырыбы: Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі.
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелігі: Ойқозғау арқылы мейірімділікке, қамқорлыққа, өзгенің де пікірін тыңдауға, мәдинетті сөйлеуге, көргені мен естігенін айта білуге жағдай жасау.
Білімділік: Бірмүшенің анықтамасын, бірмүшені стандарт түрге келтіруде мән-мағынасын ажыратуға жаттықтыру, шығармашылық еркіндікті сезінуге мүмкіндік жасау.
Дамытушылық: Шығармашылық жұмыс арқылы өз бетімен жұмыс жасауға жағдай туғызу, мәселені шешудегі ізденушілік қасиеттері мен дағдыларының дамуына мүмкіндік жасау.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді талдау.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ойқозғау, ізденушілік, шығармашылық.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, таратпа тапсырма, слайд.
Сабақтың оқыту формасы: Топпен, жұппен, жеке.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Ой қозғау
Ауызша жаттығу арқылы өткен тақырыпты еске түсіріп, пысықтау.
1.Өрнекті ықшамдаңдар:
а) х〖∙х 〗^3∙х^(0 )∙х^5 ; ә) p^18÷p^3; б) (m∙m^3 )^6.
2. x=-2 болғанда өрнектердің мәндерін табыңдар: 5х^2; -5х^2.
3. R-ның қандай мәнінде теңдік дұрыс болады.
а) 2^2∙2^R=2^5; ә) 5^8∙5^R=5^4 ; б) 9^2∙3^R=9^2.
4. Өзара кері санның квадраттарының көбейтіндісі неге тең болады?
5. Есептеңдер: (-1/5)^17÷(-1/5)^15
6. Салыстырыңдар: (2b)^2 және 2b^2

ІІІ. Жаңа сабақ
Бірмүше
Анықтама
жазылуы
Тану коэффиценті
әріп көбейткіші
дәреже
Түрлендіру ұқсас мүшелер
Түрге санның стандарт түрі
Түрге айыру бірмүшелерді көбейту
бірмүшелерді дәрежеге шығару
ІV. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
«Бастаманы қайта бағыттау» әдісі арқылы топпар бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогтік қарым-қатынасқа түсу.
І топ: 1. Бірмүше деп нені айтамыз?мысал келтір.
2.Бірмүшені дәрежеге шығару үшін не істейді?
ІІ топ: 1. Бір ғана саннан тұратын өрнекті бірмүше деп айтуға бола ма?
2.Қандай бірмүшелерді ұқсас бірмүше деп атайды?
ІІІтоп: 1. Қандай бірмүшені стандарт түрдегі бірмүше деп атайды?
2.Бірмүшені бірмүшеге көбейту дегеніміз не?
ІVтоп: 1.Бірмүшенің коэффиценті деп нені атайды?
2.Кез келген бірмүшені стандарт түрге келтіруге бола ма?
Vтоп: 1. Қандай бірмүшелерді ұқсас бірмүшелер деп айтады?
2.Қарама-қарсы бірмүшелер дегеніміз қандай бірмүшелер?
V. Ой түйіп, өткенді қорытындылау
48ac∙0.5ac∙0.25b∙(-1/2 ac)бірмүшесінің
коэффиценті -3
дәрежесі 7
ұқсас мүшелері 48ac және 0,5ac
стандарт түрі - 3а^3 вс^3
қарама –қарсы мүшелері 0,5ac және-1/2 ac

VІ.Талқылау әдісі бойынша жұппен жұмыс
«Семантикалық карта» тақырып бойынша ойды ортаға салып дәлелдеу.
Реті Тапсырма
Жауаптары
0,625 6 〖5y〗^9 0,2
1 Бірмүшені стандарт түрге келтіріңдер 〖5y〗^4∙y^2∙y^3
2 Бірмүшенің мәнің табыңдар: 〖5x〗^3, мұндағы x=0,5
3 Бірмүшенің дәрежесі қандай? 〖0,8ab〗^2 c^2
4 1/5 abc бірмүше коэффицентін ата

VІІ. Деңгейлік тапсырма
А №155(1,3,5); 156(1,3,5); 157(1,3);158(1,5).
В №164(1,3); 165(1,3)
VІІІ. Сергіту сәті
Екі таңбалы санның ондығы бірлігінен 3 есе артық.Егер осы саннан сол санның цифрларымен кері тәртіпте жазылған екі таңбалы санды азайтса, 36шығады.Осы санды табыңдар.
Екі таңбалы сан
Бірлігі
Ондығы
Берілген сан
Кері тәртіппен жазғанда
Есеп шарты
Жауабы:
XІ. Ойтолғау
«Дөңгелек стол» әдісі арқылы сабақты қорытындылау. Топтарға қағаз және түрлі түсті фломастер үлестіріп беріп, әр топ бөлінген тақырыптары бойынша өз пікірлерін бір-бір сөйлеммен жазып шығарады (топтан біреуі оқып береді).
ІX. Үйге тапсырма беру
№155(2,4,6);156(2,4,6);157(2,4);158(2,4);164(2,4);165(2).
XІ. Бағалау Тәрбие.орг сайтынан Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кудинова Балгупа Амангельдиновна

Қарағанды облысы Жезқазған қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі математика пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar