Ең кіші ортақ еселік

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 57
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 07/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23448


Ең кіші ортақ еселік. сабақтың мақсаты: • ЕКОЕ-ні табу алгоритмін түсіндіру;
• ЕҮОБ және ЕКОЕ тақырыбына байланысты есептер шығару
Бағалау критерийлері: -ЕҮОБ табу алгоритмін біледі;
-ЕКОЕ табу алгоритмін біледі;
--ЕКОЕ-ні мәтінді есеп шешуде қолдана алады
Оқушылармен сәлемдесу;
Түгел екенін тексеру;
Зейіндерін сабаққа аудару
«Бағыттаушы сұрақтар қою» арқылы:
1) Натурал сандардың бөлгіштерін қалай табамыз?
2) Натурал санның еселігін қалай табамыз?
3) Жай сандар дегеніміз не?
Жаңа сабақ
Оқыту мақсатына сәйкес есептерді шешу алгоритмін талқылау,
Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал санды сол сандардың ең кіші ортақ еселігі деп атайды.
Берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігін (ЕКОЕ) табу алгоритмі: (1-тәсіл) көбейткіштерге жіктеу арқылы.
1) Берілген натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу керек;
2) Берілген сандардың ең үлкенінің жай көбейіткіштерін жазу керек;
3) Оны оның жіктелуінде жоқ, бірақ басқа сандардың жіктелуінде бар жай көбейткіштермен толықтыру керек;
4) Шыққан көбейткіштердің көбейтіндісін табу керек.
Мысалы: 56 мен 60 сандырының ең кіші ортақ еселігін табайық. Тәрбие.орг сайтынан Ең кіші ортақ еселік Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Билялова Малика Сакеновна

СҚО, Петропавл қаласы, М.Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы мектеп-лицейі математика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar