Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу

  • Жүктеулер: 12
  • Көрсетілім: 410
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 11/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20463


САБАҚТЫң ТАҚЫРЫБЫ : Екі айнымалысы бар сызықты теңдеулер
жүйесін алмастыру әдісімен шешу. Ахметчеева Батима Абдигапаровна математика пәнінің мұғалімі
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ :
1. Оқушылардың алған білімдерін жинақтау , ойлау , танымдық қабілетін , логикалық сауаттылығын дамыту ;
2.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын , белсенділігін арттыру ;
3. Оқушыларды шығармашылыққа баулу , өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру;
4. Интерактивті тақтаны пайдаланып оқушыларды шыдамдылыққа және байқампаздыққа тәрбиелеу .

САБАҚТЫҢ ТҮРІ : Бекіту сабағы.
КӨРНЕКІЛІК : Интерактивті тақта .

Сабақ барысы:
• Ұйымдастыру кезеңі
• Үй тапсырмасын тексеру .
• Өткен сабақты қайталау.
• Ауызша тапсырма шешу.
• Кітаппен жұмыс.
• Өзіндік жұмыс.
• Үйге тапсырма беру.
• Сабақты қорытындылау, бағалау.
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеріп, шықпаған есептерді талдау.

Қайталауға арналған сұрақтар:
1. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі деп нені айтады?
2. Теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер қиылысса, осы теңдеулер жүйесінің неше шешімі болады?
3. Сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешкенде, қандай жағдайда жүйенің шешімі болмайды? Шексіз көп шешімі болады?
4. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі алмастыру тәсілімен қалай шешілетінін айтып бер.
5. Қандай жағдайда екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу үшін алмастыру тәсілін қолданған тиімді?

Ауызша тапсырмалар интерактивті тақтадан шығады.

Есептер шығару. (№1510.(3,4), №1512.(1,3), №1514, №1518, №1522.(1))
2-3 оқушыға жеке карточкамен жұмыс беріледі.

№1510
3.

Жауабы: (6;8)
4.

Жауабы: (2;3)
№1512
1.

Жауабы: (8;-2)
3.

Жауабы: (3;5)
№1514
Берілгені:
Ені – х
Ұзындығы – у
Р=22см


Жауабы: Ені – 4 см, Ұзындығы – 7 см.

№1518
Қыздар – х
Ұлдар – у


Жауабы: Қыздар – 15, ұлдар – 13.

№1522(1)


Жауабы: (7;1)
Өзіндік жұмыс
1. Ж: (2;1) 2. Ж: (-3;5)

Үйге тапсырма №1510.(1,2), №1512.(2,4), №1513, 1517, 1522(2) есептерді шығарып келу.
Сабақты қорытындылау, бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ахметчеева Батима Абдигапаровна

Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылы №21 жалпы білім беретін орта мектебі Математика пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar