ЕКІ ӨРНЕКТІҢ КВАДРАТЫНЫҢ АЙЫРЫМЫ

  • Жүктеулер: 19
  • Көрсетілім: 155
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 20/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23538


ЕКІ ӨРНЕКТІҢ КВАДРАТЫНЫҢ АЙЫРЫМЫ
Сабақ тақырыбы: Екі өрнектің квадратының айырымы.
Сабақтың мақсаты:
а) Көпмүшені көпмүшеге көбейту арқылы қысқаша көбейту формулаларын мысалдар арқылы түсіндіріп, қорытып шығару, түсіндіру.
б) Дамыта - тереңдетіп топтық әдіспен тақырыптың мәнін түсіндіру, қысқаша көбейту формуласын қорыту, ережені жатқа айту.
в) «Математикалық диктант», «Жекпе - жек», «Күш сынасу», «Бәйге» ойыны арқылы топтық, ұжымдыққа, батылдыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың түрі: топтық сайыс сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дидактикалық тапсырмалар, электронды оқулық.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру.
2. Оқушылардың білімдерін тексеру.
3. Жаңа сабақты түсіндіру;
4. Түсінгендерін тексеру;
5. Бекіту;
6. Үйге тапсырма беру.
Сабақ үш кезеңді қамтиды:
Бірінші кезең – жаңа білімге ие болу және оны қолдану;
Екінші кезең – алған білімді түрлендіру.
Үшінші кезең — жаңа білімді өздігінен меңгеру.
Сынып үш топқа бөлінеді.
І. Білімдерін тексеру үшін әр топ өз аттарын қорғайды.
«Бірмүше», «Көпмүше», «Ұқсас мүше»
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Үш топтан бір - бір оқушы шығып көпмүшені көпмүшеге көбейту амалын орындайды.
(а - в)(а+в) = а²+ав - ав – в²= а²- в²
(х - у)(х+у) = х²+ху - ху – у²= х²- у²
(m - n)(m+n) = m²+mn - mn – n²= m² - n²
Ереже: екі өрнектің айырмасы мен олардың қосындысының көбейтіндісі сол өрнектердің квадраттарының айырмасына тең болады.
1) (5а - 4в)(5а+4в) = 25а²+20ав - 20ав – 16в²=25а²- 16в²
2) 57*63= (60 - 3)(60+3)= 60² – 3² =3600 – 9=3591
Ауыспалы ҚР туы жеңімпаз топта.
1. Математикалық диктант (Әркімнің өзі шығар биігі бар)
1.(а - 3)(а+3) = а²- 9 2.(m - n)(m+n) = m²- n²
3.(1+c)(1 - c) = 1 – c² 4. (10x - 7y)(10x+7y)= 100х²- 49y²
2. Бәйге (Шапқан озар, жатқан қалар)
1.(а - 5)(а+5) =
2.(2х - 1)(2х +1) =
3. (8с - d)(8c+d) =
4. (7 - 3y)(7+3y)=
5.(a2 - 3)(a2+3)=
3. Жекпе – жек (Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар )
1.(3m - *)(3m+ *) =9 m²- 4n²
2.(*+4х)(*- 4х) =25а² – 16х²
3.(144а²- 4в²) =(12а -*)(12а+*)
4. (100 - 1)(*+1)= * - 1
4. Күш сынасу. (Жұмыла көтерген жүк жеңіл)
№158 есеп
5. Сабақты бекіту:
1 өрнек 2 өрнек Екі өрнектің айырмасын оның қосындысына көбейту Екі өрнектің квадраттарының айырмасын жаз
3а b
0, 3 4а
аb 5
Үйге тапсырма: 8 - тарау №152(жұп нөмірлері) №154
Оқушыларды бағалау. Тәрбие.орг сайтынан ЕКІ ӨРНЕКТІҢ КВАДРАТЫНЫҢ АЙЫРЫМЫ Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нуртазина Сулушаш Кобеновна

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Алтайбаев негізгі орта мектебі Математика және информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar