Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы формулаларын қолданып есептер шығару

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 612
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 29/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18885


Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы формулаларын қолданып есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушылардың есеп шығару барысында екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы формулаларын орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін жүйелеу.
2) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
3) Тәрбиелік: Оқушыарды ұлттық ойындар арқылы ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, дәлдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Өткен материалды жүйелеу және пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту, практикалық, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік есептер, «Көкпар», «Теңге алу» ойындары, таратпалар, тест.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
* Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқушылардың сыртқы көрінісіне, кабинет тазалығына, сабаққа дайындығына назар аудару, оқу құралдарын түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№436 . Көпмүше түріне келтір:
4) (0,5+0,1в)3 =0,125+0,075в+0,015в2+0,001в3
5) (0,2m+0,1n)3=0,008m3+0,012m2n+0,006mn2+0,001n3
6) (0,2х+0,5у)3=0,008х3+0,06х2у+0,15ху2+0,125у3
«Жалғасын тап»
(а+в)3= а3+3а2в+3ав2+в3
(а-в)3= а3-3а2в+3ав2-в3
а2-в2=(а-в)(а+в)
(а+в)2=а2+2ав+в2
(а-в)2=а2-2ав+в2
ІІІ. Сабақтың құрылымы: Сабақ 4-деңгейлі құрылымнан тұрады:
1. Өткен тақырыпқа шолу
«Формулалар сөйлейді» Қысқаша көбейту формулаларының анықтамаларын оқушылар жатқа айтады.
2. Деңгейлік есептермен жұмыс
«Көкпар» ойыны ойналады.
Ережесі: А, В, С деңгейлеріне үш қазандық қойылады. Ал бізде көкпар орнында оқулықтан деңгейлік есептер. Оқушылар өз деңгейіндегі есепті шығарады. А деңгейінен №435 есеп, В деңгейінен №438, №439 есептер, С деңгейінен №446 есеп бар. Әр шығарылған есептің жанына өз аты-жөндерін жазады. Қатардың соңғы оқушысы шығарып біткен соң таратпа өз қазандығына салынады. А деңгейінің есебінің құны-3000 теңге, В деңгейінің есебінің құны- 5000 теңге, С деңгейінің есебінің құны-10000 теңгемен бағаланады.
3. Сергіту сәті (Логикалық есеп)
а) Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан- Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан 2 жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?
ә) Тізбектелген әр түрлі тоғыз цифрдан амал таңбаларымен біріктіріп, 100 санын жаз.
«Теңге алу ойыны»
Оқушылар өз деңгейлеріне байланысты теңге алады.
А деңгейі - 3000 теңгелік купюраға жапсырылған
№437 (1,2,3,4) Өрнекті ықшамдау
В деңгейі - 5000 теңгелік купюраға жапсырылған
№441 (1,2,5,6) Көмпүшеге түрлендір №443 (1,2,3,6)
С деңгейі- 10000 теңгелік купюраға жапсырылған
№449 (2,3) Теңдеуді шеш

IV. Бекіту кезеңі (тестілеу арқылы орындалады)
«Аламан бәйге» ойыны
Ережесі: Бірінші болып есеп шығарып болған 10 оқушыға жүлде беріледі.
I-нұсқа.
1. x2-9 көпмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер.
А)(x-9)(x+9) ; Ә)(x-3)(x+3);
Б)(3-x)(3+x); В)(9-x)(9+x)
2. (m-4n)(m-4n) көбейтіндісін көпмүше түрінде жазыңдар.
А)m2-8mn-16n2; Ә)m2+8mn+16n2;
Б) m2+8mn-16n2; В) m2-8mn+16n2
3. a3-27b3 көпмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер.
А) (a+3b)(a2-3ab+9b2); Ә) (a+3b)(a2+3ab+9b2);
Б) (a-3b)(a2+3ab+9b2); В) (a+9b)(a2+3ab9b2);
4. x=-1 болғандағы (2+x)(4-2x+x2) өрнегінің мәнін табыңдар.
А) 7; Ә) 9; Б) -8; В) 3
5.Дұрыс теңдікті табыңдар.
А) 25-81b2=(5-9b)(5-9b); Ә) 25-81b2=(5+9b)(5-9b);
Б) 25-81b2=(5+9b)(5+9b); В) 25-81b2=(9b -5)(5+9b);
II-нұсқа
1. 16a2-4 көпмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер.
А) (4a-2)(4a-2) ; Ә) (2-4a)(4a+2));
Б) (4a+2)(4a+2); В)(4a-2)(4a+2)
2. (x-3y)(x-3y) көбейтіндісін көпмүше түрінде жазыңдар.
А)x2-6xy+9y2; Ә) x2+6xy+9y2;
Б) x2-6xy-9y2; В) 9y2 +6xy- x2
3. m3+8n3 көпмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер.
А) (m+2n)(m2-2mn+4n2); Ә) (m-2n)(m2-2mn+4n2);
Б) (m+2n)(m2+2mn+4n2); В) (m+2n)(m2-2mn-4n2);
4. а=-1 болғандағы (3-а)(9+3а+а2) өрнегінің мәнін табыңдар.
А) 26; Ә)-27; Б) 28; В) 27
5.Дұрыс теңдікті табыңдар.
А) 4-64z2=(2-8z)(2-8z); Ә) 4-64z2=(8z- 2)(2-8z);
Б) 4-64z2=(2+8z)(2+8z); В) 4-64z2=(2-8z)(2+8z);
V. Оқушыларды бағалау және марапаттау (бағалау парағы арқылы)
VI. Үйге тапсырма: №442 Көмпүшеге түрлендір, №444 Теңдеуді шеш

VII. Қорытындылау
Тест жинағы -2015 кітапшасынан қысқаша көбейту формуласы арқылы шығарылатын І нұсқаның №1 есебін көрсету.
(x^2-4x)/(x^2+7x):(6x-24)/(49-x^2 )=(x(x-4))/(x(x+7))∙(49-x^2)/(6x-24)=x(x-4)/x(x+7) ∙(x-7)(x+7)/6(x-4) =(x-7)/6 Тәрбие.орг сайтынан Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы формулаларын қолданып есептер шығару Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ardak Alimhanov

Пікірлер: 0

avatar