Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару
  • 20.01.2017
  • 457 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21156

Сабақтың тақырыбы: Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көкшетау қаласына саяхатқа барып, әсем ғимараттарымен танысу. Көкшетау қаласы туралы түсініктерін кеңейту, есептерді шығара отыра, оқушылардың көбейтудің ауыстырымдылық, үлестірімділік, терімділік қасиеттері бойынша алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір – біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;
Көрнекілік: карта, суреттер, карточкалар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу.
2. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу.
(Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау)
3. Тіл дамыту сәтін өткізу.
Бір, екі ,үш,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Оқушылар үй тапсырмасына қандай тапсырма берілді?
(Оқушылар берілген үй тапсырмасын айтып, мұғалім үй тапсырмасын тексереді)
Көбейтудің неше қасиеті бар? 3 қасиеті
Ауыстырымдылық қасиеті: a b = b a
Үлестірімділік қасиеті: (a + b) • с = а • c + b • c
Терімділік қасиеті: (a • b) • с = (a • с) • b
Балалар сендерге бүгінгі сабаққа Көкшетау қаласының көрікті жерлері туралы мәліметтерді біліп келу тапсырмасы берілген болатын.

ІІІ. Жаңа сабақ: «Көкшетауға саяхат»
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол - саяхат сабағы. Әсем қаламыз, туған қаламызға саяхатқа шығамыз.
- Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
- Карта.
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.
- Балалар, бір - біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер?
( оқушылар бір - біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады)
Сабағымыз саяхат сабақ болғандықтан, түрлі тапсырмалар орындаймыз.
Саяхат картасы
1. Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма-театры
2. Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасы
3. «РИО» ойын-сауық орталығы
4. Көкшетау саябағы
5. Мәлік Ғабдуллин атындағы музей
Лимузин көлігімен Көкшетау қаласын саяхаттаймыз. Ал, дайынбыз ба?
№1 есеп Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма-театры
а) Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиетін пайдалана отырып есепте
2 х 6 х 8 х 5 = ( 2 х 5) х (8 х 6) = 10 х 48 = 480
3 х 2 х 9 х 5 = ( 2 х 5) х (3 х 9) = 10 х 27 = 270
12 х 40 = 480 6 х 45= 270
40 х 12 = 480 45 х 6 = 270
5 х (20 х 8) = (5 х 20) х 8 = 100 х 8 = 800
2 х (9 х 50) = (50 х 2) х 9 = 100 х 9 = 900
ә) 6 х 10 х 6 = (6 х 6) х 10 = 36 х 10 = 360
4 х 2 х 10 = (4 х 2) х 10 = 8 х 10 = 800
5 х 10 х 4 = (5 х 4) х 10 = 20 х 10 = 200
10 х 7 х 7 = (7 х 7) х 10 = 49 х 10 = 490
6 х 3 х 10 = (6 х 3) х 10 = 18 х 10 = 180
6 х 10 х 5 = ( 6 х 5 ) х 10 = 30 х 10 = 300
8 х 10 х 9 = ( 8 х 9) х 10 = 72 х 10 = 720
3 х 7 х 10 = ( 3 х 7) х 10 = 21 х 10 = 210
4х 10 х 4= ( 4 х 4) х 10 = 16 х 10 = 160

№2 есеп Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасы
Ұшақтың жүк бөліміне спорттық командалардың сөмкелері тиелді. Бес команданың әрқайсысының құрамында 8 адамнан бар. Команданың әрбір мүшесінің массасы 20 кг-нан сөмке бар. Барлық жүктің массасы қандай?
5 х 8 х 20 = 40 х 20 = 800
Жауабы: жүктің массасы 800 кг.

Сергіту сәті: «РИО» ойын-сауық орталығы

№3 есеп Көкшетау саябағы
Бір тақтатастың массасы 2 кг. Төселген барлық тақтатастың массасын есептеп шығар
5 х 10 = 50 4 х 6 = 24
50 х 2 кг = 100 кг 24 х 2 кг = 48 кг

№4 есеп Мәлік Ғабдуллин атындағы музей
Әрқайсысы 12 данадан қарындаш салынған бумалар қораптарға жиналды. Егер қорапқа әрқайсысында 5 данадан 4 қатар бума салынған болса, қорапқа неше қарындаш сияды?
Шешуі: 12 х 5 х 4 = 12 х 20 = 240
Жауабы: 240 қарындаш сияды.

ә) Наурыз мерекесіне үш сыныптың қыздарына арнап ұлттық көйлектерге тапсырыс берілді. Тігінші бір көйлек тігуге 4 м мата жұмсады. Әр сыныпта 15 қыздан бар. Неше метр мата қажет?
Шешуі: 15 х 3 х 4 = 180
Жауабы: 180 метр мата қажет

№5 есеп Бурабай спорттық комплексі
Кесте бойынша өрнектер құрастыр. Олардың мәнін тап.
Қосылғыш 7 х 30 50 2 х 20 19 + 6 625 + 175
Қосылғыш 30 х 6 60 х 5 360 : 60 250 : 50 200
Қосындының мәні

Азайғыш 1000 6 х 30 800 450 + 450 920 – 720
Азайтқыш 70 х 3 160 : 40 800 : 2 400 х 2 150 : 3
Айырманың мәні

7 х 30 + 30 х 6 = 390 1000 – 70 х 3= 790
50 + 60 х 5 = 350 6 х 30 – 160 : 40 = 176
2 х 20 + 360 : 60 = 46 800 – 800 : 2 = 400
19 + 6 + 250 : 50 = 30 450 + 450 - 400 х 2 = 100
625 + 175 + 200 = 1000 920 – 720 – 150 : 3 = 15
Үйге тапсырма: №6, 7 есептер.
Бекіту:
- Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.
- Саяхат сендерге ұнады ма?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де, келіп жеттік.
Бағалау.
Ал енді балалар қаламызға қайту үшін әрі біздің бүгінгі келген қонақтарымызға арнап, «Жаса, жаса, Көкшетауым!» Тәрбие.орг сайтынан Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Маемирова Т.Б.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар | Логин: Ұстаз | Ілмек сөздер: шығару, түрлі, Математикадан ашық сабақтар, тәсілмен, әр, есептерді
Көрсетілім: 457 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar