Фигуралардың ауданы туралы түсінік, тік төртбұрыштың ауданы

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 593
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 16/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22954


Сыныбы 8 Геометрия
Сабақтың тақырыбы Фигураның ауданы туралы түсінік.Фигуралардың теңшамалылығы және тең құрылымдығы. Тіктөрбұрыштың ауданы
Мақсаты

Оқушылар фигуралар ұғымымен және түрлерімен танысады. Тіктөртбұрыштың және шаршының аудандарын есептейтін формулаларды қорытып шығарады және есептер шығару дағдысы қалыптасады.
Ресурстар Оқулық,сабаққа қажетті ресурстар
Сабақтың әдіс-тәсілдері СТО стратегиялары
Сабақ барысы:
Сабақ сатылары Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

5 мин
Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Көңіл- күйін тексеру, сабаққа дайындығын тексеріп, назарын жаңа сабаққа аудару.
Уй тапсырмасын тексеру. Амандасып, оқу-құралдарын түгендеп болған соң сабаққа кіріседі.
Оқушылар көрші оқушының дәптерін алып тексереді.

Итермелеу
5 мин «Аралас, жұптас, қатып қал» әдісін қолданады.
Оқушыларға ФИГУРАЛАР тақырыбы туралы 3 сұрақ жазу тапсырылады. «Ойлан, жұптас, қатып қал » әдісі арқылы сынып оқушылары өз сұрақтарына жауап табады? Жауабы жоқ сұрақтарын ортаға салады.

Конструкциялау 20 мин
ЖИГСО -1 әдісін қолданады.
Оқушылардың сұрақтарын талқылай отырып, жаңа сабақтың тақырыбын шығарады
Оқушыларды 1,2,3 сандары арқылы топқа бөледі. Белгіленген сандар бойынша бір топқа бірігіп топтасады. Әр топқа мәтіндер мен сұрақтар жазылған тілше қағаздар беріледі.
1-топ. Фигураның ауданы туралы түсінік.Фигуралардың теңшамалылығы және теңқұрылымдығы.
Сұрақтар: 1. Температура оң,теріс сандармен және нөльменде өрнектеледі.Аудан неге тек оң санмен өрнектеледі? 2.Өздеріңе таныс жазық фигураларды еске түсіріңдер.Олардың қайсысы жай фигура болады? Неге?
2-топ. Тіктөртбұрыштың ауданы.
Сұрақтар: 1. Тіктөртбұрыштың ауданы қалай айтылады және формула қалай өрнектеледі? 2. Қабырғалары 0,4 дм және 5 см болатын тік төртбұрыштың ауданы неге тең?
3-топ. Шаршының ауданы
Сұрақтар: 1.Егер шаршы қабырғалары ұзындықтары шектелген ондық бөлшектермен өрнектелсе,онда оның ауданы натурал санмен өрнектелуі мүмкін бе? Жауабын түсіндіріңдер? 2. Қабырғасы 4,5 дм шаршының ауданын есептеңдер
Топ мүшелері бұрынғы орындарына (жанұя тобына) қайтып оралады.
Оқулықпен жұмыс жасалады.
1-топ № 235,
2- топ № 239,
3- топ № 241
Оқушылар сандар арқылы 3 топқа бөлінеді
Топ мүшелері берілген мәтінмен оқып танысады. Берілген сұрақтарға жауап әзірлейді
Өздеріне берілген мәтін бөлігін талқылайды, сұрақтарға жауап береді,ойларын жинақтайды, топқа барған кездегі жасайтын іс-әрекеттерін ортаға салады.
Ортақ пікір қалыптастыра отырып, постерге салады

Топтың әр мүшесі өздеріне берілген мәтін бөліктерімен , тапсырмаларын топтың қалған мүшелерін
таныстырып, топта талқылайды.

Оқушылар есепті шығарады, топта талқылайды.
Топтар бір-бірінің жұмыстарын тексереді
Оқушылар сабаққа араласып, ережелерді айтып, сабақққа белсене қатысады.
Нұсқаулау
5 мин
«Ұлғайтылған Венн » диаграммасы әдісін қолданады.
Оқушының жауабын басқа топтар шапалақ әдісімен бағалап отырады.
Үйге тапсырма.
Тақырыпты оқу,анықтамалар мен формулаларды жаттау. № 242, № 243
Бағалау парақшалары арқылы оқушыларды бағалайды

Кері байланыс
1. Бүгінгі сабақтың сіз үшін маңыздылығы?
2. Жұмыс барысында топтағы қарым-қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?
3. Сұрағым бар...? Әр топ бойынша бір-бірден оқушы шығып тақырыпшалар бойынша жасалған постерлерді шеберлікпен қорғап, тұтас тақырып құрайды.

Оқушылар бағалау парақшалары арқылы топ мүшелерін тапсырмалар бойынша жеке-жеке бағалап отырады. Тәрбие.орг сайтынан Фигуралардың ауданы туралы түсінік, тік төртбұрыштың ауданы Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тажмаганбетова Агилен Бишеевна

Маңғыстау облысы , Шетпе селосы Б. Жұмалиев атындағы орта мектеп математика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar