Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Функция ұғымы. Функцияның берілу тәсілдері.
  • 04.11.2016
  • 166 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19884

Функция ұғымы. Функцияның берілу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Функция ұғымы, функцияның берілу тәсілдерін білу, талдау жасауды үйрету.
2. Дамытушылық: есте сақтау, зейін қою, өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту,
біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, функцияның берілу тәсілдерін жете меңгеруіне көмектесу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Сабақтың технологиясы: Модульдік технология.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе, сурет, график, слайд.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
Амандасу, түгендеу.
2. «Еске түсіру» стратегиясы. (дұрыс жауабы көрсетіледі) (2мин)
3. «Сергіту сәті».
1. теңдеу түбірлерінің айырымы 2-ге тең болса, q –ды табыңдар. Дұрыс жауабын тапсаңыз шеңберді тышқанмен шерткенде жасыл түске боялады.
2. квадрат теңдеулердің түбірлерін тап. Жауабын дұрыс тапсаң шар әуеге қалықтайды.
4. Жаңа сабақты түсіндіру.
Анықтама. Кез келген жағдайда, тек қана бір сандық мәнді қабылдайтын шаманы абсолют тұрақты шама деп атаймыз.

Анықтама. Беріген жағдайда ғана тұрақты, толық анықталған сандық мәнді сақтайтын тұрақты шаманы параметр деп атайды.

Анықтама. Әртүрлі сандық мәндер қабылдайтын шаманы айнымалы шама деп атаймыз.
Мысал: Квадраттың қабырғасы а см. Оның периметр Р табу. Мұндағы, a=2, 5,7.
Шешуі: егер a=2 болса, см.
a=5 болса, см.
a=7 болса, см.
мұндағы а-тәуелсіз айнымалы.
Р-тәуелді айнымалы немесе функция
Тәуелсіз айнымалы аргумент деп аталады.
Тәуелді айнымалы осы аргументтің функциясы немесе функция.
Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін тәуелділікті функционалдық тәуелділік немесе функция деп атаймыз.
Анықтама. Х жиынында х-тің мәніне Ужиынының нақты бір у мәнін сәйкес қоятын ереже немесе заңдылық функция деп аталады.
Функцияны белгілейді, мұндағы х-тәуелсіз айнымалы немесе функцияның аргументі; у-тәуелді айнымалы немесе функция.
1.Функцияның анықтау облысы-D (f(x)).
2.Функцияның мәндерінің жиыны -Е(f(x)).
Енді функцияның берілу тәсілдеріне тоқталайық:
1) кестелік тәсілдің ерекшелігі- аргументтің мәндеріне сәйкес.
2)графиктік тәсілдің ерекшелігі- көрнекілігінде.
3) аналитикалық тәсіл функцияны толық зерттеуге ыңғайлы.


5. «Жұбыңды тап». Функция деп ...
Суреттер арқылы функционалдық тәуелділікті анықтау.
6. «Ойлы болсаң, озып көр».



7. Функция мәндерінің лабиринті.



8.Сабақты қорытындылау.
«Блум таксономиясы» Түс таңдау арқылы тақырыпқа талдау жасау, түймедақ гүлін жасау.
Білу, түсіну: «Формулаларды қалай есте сақтауға болады?».
Қолдану: «Қайда қолданады».
Талдау: «Мәндердің мағынасы туралы не айтасың?».
Синтез: «Формуланың қолданылуы, маңыздылығы, жинақтау».
9.Бағалау:
10. Үйге тапсырма. Тәрбие.орг сайтынан Функция ұғымы. Функцияның берілу тәсілдері. Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кажибекова Дана Ташимовна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар | Логин: Ұстаз | Ілмек сөздер: Функция, тәсілдері., Функцияның, ұғымы., Математикадан ашық сабақтар, берілу
Көрсетілім: 166 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar