Геометриялық элементтер бойынша қайталау

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 628
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 31/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19843


I С/тақырыбы: Геометриялық элементтер бойынша қайталау.

II С/мақсаты: 1Геометриялық фигуралар олардың қасиеттері мен периметрін анықтау тақырыптары бойынша алған білімдерін кеңейту.

2 Ұзындық өлшем бірліктері туралы білімдерін еске түсіру. Шамаларға амалдар қолдана отырып, есептей білуге жаттықтыру.

Есепті шығарудағы білім,білік дағдыларын жетілдіру.

Оқушылардың ауызша есептей білу дағдыларын арттыру.

3 Математикадан алған білімдерін өмірде пайдалана білуге баулу.

Математиканың өмірдегі маңыздылығын ұғындыру.

III С/түрі: Сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, ой қозғау.

IVС/көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, үлестірмелі материалдар, геометриялық фигуралалар.

V Пән аралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.

VI С/құрылымы: 1Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)

IIҮй тапсырмасы өтілген материалды қайталау (4 минут)

III Ауызша есептеу жүргізу (3 минут)

IV Көркем жазу(3 минут)

V Оқулықпен жұмыс (17 минут)

А) №1 Шартты есеп, кері есеп құрастыру

Ә) №2 Ауызша кері есеп құрап дәптерге жазу.

Б) №3 №5 топтық жұмыс

В)№4 тақтамен жұмыс.

Г) №6 өзіндік жұмыс.

VI Сергіту сәті: (5 минут)

VII Логикалық тапсырма (7 минут)

VIII Сабақты қорыту (2 минут)

IX Бағалау: (30 секунд)

XҮйге тапсырма (30 секунд)



VIIС/барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылар, қане бәріміз қолымызды ұстасып жақсы тілек тілейік.

А) психалогиялық дайындық:

Басымызды иеміз,

Сәттілікті тілейміз!

Бірімізгі-біріміз

Көмектесіп жүреміз!

Қадірменді қонақты

Құрметпен қарсы аламыз!

Сыйлап біз ұстазды

Тәрбиелі боламыз!

VIII Үй тапсырмасы өткен материалды еске түсіру:

-Математика дегеніміз- тек сандар ғана емес: Мұнда басқа да керемет нәрселер көп. Математиканың бір саласы-«геометрия» «Геометрия» сөзінің мағынасы гірек тілінен аударғанда «жер өлшеу» деген мағынаны білдіреді екен

-Оқушылар, біз өткен сабақтарымызда геометриялық фигуралармен танысқанбыз.

-Қандай фигураларды білеміз?

-(үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы, көпбұрыштар)

-Өте жақсы! Қазір сендер осы фигуралардан үй құрастырасыңдар! Ол үшін сендер фигуралардың артында жасырылған есептерді ауызша орындайсыңдар. Сабаққа қатысып отырған оқушыны фишка арқылы бағалаймын, кім көп фишка жинаса сол жақсы баға алады.

















2 терезе 17+5 24-6 1 төбесі. үшбұрыш 25-7

1 есік 3+27 1 шаршы. үйдің қабырғасы 26-4



-Міне фигуралардан үйді тұрғыздық.Үйіміз қандай фигуралардан құралған?

-Олай болса осы тіктөртбұрыш, шаршы фигураларына тән қандай қасиеттері бар еді?(тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең, шаршының барлық қабырғалары тең)

-Ал, фигуралардың периметрін қалай табамыз?(барлық қабырғалардың қосындысын қосу арқылы)

-Ал, өмірде периметрді анықтаудың қандай қажеті бар?

-Кімге қажет?(Құрылысшы)

-Не үшін қажет? Мысалы үйдің сыртын қоршау үшін периметрді білу керек

-Фигураның қабырғалары неден құрастырылған? (кесінді)

-Иә, дұрыс айтасыңдар кесінді. Кесіндінің ұзындығын табу үшін қандай өлшем бірлікті қолданамыз? (Сантиметр)

-Ұзындықты сантиметрден басқа тағы қандай бірліктер табуға болады?(дм,мм,км,м)

-Олай болса ұзындық өлшем бірлігін еске түсірейік.

Қаламсап әдісі

1см=10мм

1дм=10см

1м=10дм

1м=100см

1км=1000м

Масса бірліктері:

1кг=1000гр 1т=10ц

1ц=100кг 1т=1000кг

-Ал,сұйықтықты немен өлшейміз? (литр мен граммен өлшейміз)

IX Жаңа сабақ:

-Енді, осы өлшем бірліктерді қолдана отырып 1-2-есептерді орындайық.Оқу құралдарымызды жазуға әзірлеп, күннің жадын ,бүгінгі тақырыпты жазайық.



Дәптермен жұмыс

Ақпанның 10-ы

Тақырыбы: Геометриялық элементтерді қайталау

Көркем жазу: 41 41 (30 секунд)





1-есеп

Шарты: шешуі:

Асханаға 15кг май 15+7=22

7кг ет артық әкелді 22+15=37

С: Асханаға неше кг азық-түлік әкелінді? Жауабы: Асханаға 37кг азық-түлік әкелінді.

Кері есеп құрастыру.

Шарты: Шешуі:

Асханаға 37кг азық-түлік әкелінді. 22-7=15

Оның 22 кг-ы ет және 7 кг кем сары май Жауабы: Асханаға 15кг сары май әклінді.

С: Асханаға неше кг сары май әкелінді?

2-есеп

Шарты:

Асханаға 50л сүт әклінді Шешуі:

Ертеңгі тамаққа 20л сүт 20+5=25

Түскі асқа 5л сүт жұмсалды. 50-25=25

С: Асханада неше литр сүт қалды? Жауабы: Асханада 25л сүт қалды

Кері есеп құрастыру.

Шарты:

Асханада ертеңгі және түскі асқа жұмсалғанынан басқа 25л бар болатын ертеңгі асқа 20л, түскі асқа 5л жұмсалған.

С: Асханада барлығы неше литр сүт болған еді?

Шешуі:

20+5=25 25+25=50

Жауабы: Асханада 50 л сүт болды.

3-есеп топтық жұмыс

Оқушылар 2 топқа фигуралар арқылы бөлінеді

1-топ 2-топ

60+28 >59-30 73-18< 67+18

46-10>50+27 56+29>93-26

88-20=53+15 56+24>80-54

46+49>99-17 39+11<70-19

40-25<37+23 54+17>91-36

XСергіту сәті:

Ертегілер еліне саяхаттап қайтайық

Ерте, ерте, ертеде геометрия патшалығының Планиметрия қаласында фигуралар көшесінде сиқырлы геометриялық фигуралар тұрыпты. Күндердің күнінде олардың арасында дау болыпты. Олар бір-бірімен «кім күшті?»деп дауласыпты.

Шаршы айтады:Мен ең күштімін, менің барлық қабырғаларым тең және мен барлық жерде ең мықтымын дейді.

Оның сөзін дөңгелек бұзып:

-Бекерден бекер сөйлеме, кімге керек сенің тік бұрыштарың? Міне мен ешқандай бұрышсызбын, дөңгелекпін, көңілдімін сенен гөрі мен қажетпін.

Сол кезде сөзге үшбұрыштар араласады:

-Дауласпаңдар, барлығы біледі үшбұрыштардың күшті екенін. Біз орындарымызды ауыстырып әр түрлі бұрыштармен біріге аламыз. Мысалы: Сүйір бұрышпен, доғал бұрышпен және шаршының бұрыштары сияқты бірдей бола аламыз дейді.

Дау үлкен ұрысқа айналады. Барлығы бірін-бірі тыңдамай у-шуға айналады. Тек қана ромбик қана оларға қарап үндемей тұрады. Еш нәрсеге түсіне алмаған ромбик шыдамы таусылып сөзге араласады.

-Неге ұрсысып, жанжалдасасыңдар? сендер барлығың жақсы фигураларсыңдар және адамдарға қажетсіңдер. Адамдар бізді құрылыста қажет етеді.Әрбір үйде шаршы, дөңгелек, тік төртбұрыш, үшбұрыш тәрізді заттар бар. Біз туралы адамдар зерттейді., балалар да мектепте оқиды. Олар бізсіз еш нәрсе істей алмайды, біз оларға керекпіз. Адамдар бізді жақсы көреді дейді.

Дауласып жатқан фигуралар өздерінің қателіктерін түсініп, өмірде кімнің күшті екені маңызды емес ең маңыздысы біреуге керек екенін, біреулер өздеріне мұқтаж екенін түсініп, татуласыпты.

Тақтамен жұмыс

4-есеп салыстыру

2м 3дм + 3м 5дм = 3м 5дм+ 2м 3дм

8м 9дм – 2м 3дм = 9м 8дм – 3м 2дм

5дм 9см- 2дм 3см <8дм 3см – 2дм 3см

6дм 7см – 2дм 4см>5дм 9см – 3дм 2см

5-есеп топтық

А) 3дм +5дм +3дм +5дм=16дм

Ә) 5дм +5дм +5дм +5дм=20дм

Б) 2см +3см +2см +3см=10см

В) 2см +2см +2см +2см=8см

6-есеп өзіндік жұмыс

Х+32=86 х-24=46 50-х=25

Х=85-32 х=46+24 х=50-25

х=53 х=70 х=25

53+32=86 70-24=46 50-25=25

Логикалық тапсырма.

1.Мәні 100-ге тең болатындай екі таңбалы екі қосылғыштан тұратын әр түрлі неше қосынды құрауға болады?

20+80=100 30+70=100 40+60=100 50+50=100

2.Алғашқы үш сабақ: қазақ тілі, математика және ана тілі болды. Математика бірінші емес, ана тілі бірінші де, үшінші де емес. Қай пән нешінші болды?

1Қазақ тілі

2Ана тілі

3математика



XI С/қорытындылау:

-Математиканың тек сандар ғана емес екендігіне біз бүгін көз жеткіздік. Әр түрлі жаттығулар орындай отырып математикадан білімімізді кеңейттік. Математиканы білу өте қажет екен. Өйткені ғаламдағының барлығы математика заңдарына бағынады .

XII бағалау:

-Ал бүгін біз математиканы қалай меңгердік, қазір соны анықтайық (фишкаларды санау)

XIII Үйге тапсырма: 7-есеп 167-бет Тәрбие.орг сайтынан Геометриялық элементтер бойынша қайталау Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Гаухар Жетписова

Пікірлер: 0

avatar