"Көкпар"

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 676
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 14/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18612


"Көкпар" зерделілер сайысы
Мақсаты: Оқушылардың ой- өрісін кеңейтін, қабілеттерін ерекшелеу, белсенділігін дамыту, ұйымшылдықпен жұмыс жасай білуге, халқымыздың асыл қазынасын дәріптеуге, жылдамдыққа, ширақтыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты:
1. “Шапшандық ” сайысы
2. “Көңілді санау”
3. “ Ақ серек, көк серек ”
4. “Сыр сандық құпиясы”

Жарыс заңы ежелден ,
Жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Сәт сапар тілеп бәріне,
Сайысты біздер бастайық !
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде,
Математика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Сыр сандық құпиясын
Анықтап бір тастайық !
«Шапшандық»
1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? 0
2. 7 санына байланысты не білесіз? 7 күн, 7 қазына, 7 мүше, 7 жұт, 7 нан ...
3. Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда
қанша тартады? Бір пұт
4. Ең кіші натурал сан? 1
5. Жазыңқы бұрыштың шамасы қанша? 180
6. Екі жарым таяқтың неше ұшы бар? 6
7. 1 көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалындығындай үш көйлек жылы ма? Бірдей
8. Жоқты білдіретін сан? 0
9. Қабырғасы 13 см квадраттың периметрі? 52
10. Ең үлкен үш таңбалы сан? 999
11. 100 жылдың басқа атауы? 1 ғасыр
12. 5 пілте жанып тұр, 3- еуі өшіп қалды. Неше пілте қалды? 3
13. Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? 5 бұрыш
"Көңілді санау"
Әр топтан 1 сайысқа аз қатысқан оқушы шақырылады. Сайыс шарты бойынша екі топтың оқушылары 6 және 7 сандары кездесетін және осы сандарға еселік болатын сандардың орнына «жаңылмаймын» сөзін қолданып 1 ден 100 дейін санау, бірінші болып қателескен оқушының тобй жеңіледі.
Егер түнгі сағат 12- де күн жауып тұрса, алда 84 сағаттан кейін ашық күнді
көруге бола ма? Тәрбие.орг сайтынан "Көкпар" Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ерембаева Мөлдір Аркабайқызы

Талдықорған Өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі Математика пәнінің оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar