Координаталық сәуле. Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 235
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 14/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21012


Сабақтың тақырыбы: Координаталық сәуле. Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға координаталық сәуле , бірлік кесінді, санақ басы туралы
түсініктерін беру және жай бөлшектерді координаталық сәуледе кес-
Кіндей білуге, нүктені координатасымен жаза білуге үйрету.
ә)көре отырып, салыстыра отырып ойлау қабілеттерін , математика-
лық сөйлеу мәнерін дамыту,пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру.
б)ұқыптылыққа,дәлдікке,өз беттерімен жұмыс істеуге,жауапкер-
шілікті сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың типі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, түсіндірмелі және практикалық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а)Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Түгелдеу және оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақ мақсатымен оқушыларды таныстыру.
Тірек білімді пайдалану.
Ох сәулесін сызып,оның бойынан ұзындығы 10см кесінді алып,кесіндінің ұшына 1санын
Сәйкестендіріп жазамыз.Осы кесіндінің бойынан бөлшектерін кескіндеп , оның әріптерімен белгілейміз. Координаталық сәуле бойындағы бір нүктеге бір ғана сан сәйкес келеді.
Натурал сандарды, 0 санын және жай бөлшектерді координаталық сауледе нүктемен кескіндеуге болаы .
Басы 0 нүктесі болатын 0Х саулесін сол жақтан оң жақа бағыттап сызылады.

О А В С х

0 1 2 3 4 5

Бірлік кесінді

Ұзындығы «бірлік» ретінде алынған кесіндіні бірлік кесінді деп аталады.
ОХ сәулесінің бас нүктесі – О нүктесіне 0 санын сәйкестендіріп, О нүктесін санақ басы етіп аламыз.
ОХ сәулесінің бойына О нүктесінен бастап таңдап алған бірлік кесінді (ОА) салып, оның А нүктесінен белгілейміз. А нүктесін санақ басы – Онүктесінен 1 бірлік кескіндіге тең қашықтықта болғандықтан, оған 1 санын жазайық.
А нүктесі 1 санына сәйкес келеді немесе 1 саны А нүктесімен кескінделген делінеді.
Сәуленің бойвна 2 санын кескіндеу үшін , сәуленің санақ басынан (О-нүктесінен) бастап жалғастыра екі бірлік кесінді салып, оның ұшы-В нүктесіне 2 санын жазамыз.
Сәуленің бойына 3 санын кескіндеу үшін , сәуленің санақ басынан (О-нүктесінен) бастап жалғастыра үш бірлік кесіндіні салып , оның ұшы – С С нүктесіне 3 санын жазамыз. Осылайша жалғастырғанда координаталық сәле сызылады.
Бірлік кесіндісі берілген сәуле координаталық сәуле деп аталады.
әрбір О,А,Б,С... нүктелеріне сәйкес 0,1,2,3,...сандарын сол нүктелердің координаталары деп аталады . Жазылуы: О(0),А(1),В(2),С(3),... .
Координаталық сауледегі берілген нүктеге сәйкес сан, осы нүктенің координатасы деп аталады.
Оқылуы: О нүктесінің координатасы 0; А нүктесінің координатасы 1; В нүктесінің координатасы 2; және т.с.с.
Бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу үшін :
1. бөлшектің бөлімінде қандай сан болса, бірлік кесіндіні сонша бөлікке бөлу керек.
2. бөлшектің алымында қандай сан болса, бірлік кесіндіні сонша бөлігін алу керек.
Дұрыс бөлшек 1-ден кіші болғандықтан , ол координаталық сәуледе 0-ден 1-ге дейінгі аралықтағы (оған 1 енбейді) нүктелерімен кескінделеді.
ІΥ.Жаңа сабақты бекіту.
Координаталық сауле қалай сызылады?
Бірлік кесінді дегеніміз не?
Мысалдар арқылы бекіту
А В Д С

0 1 2 3

1. А нүктесіне координатасы келетін сан А(3)
2. В нүктесінің координатасы В
3. С нүктесінің координатасы С
4. Д нүктесінің координатасы Д

Υ.Оқулықпен жұмыс.
А-деңгей
№508
А нүктесіне саны
В нүктесіне саны
С нүктесіне саны
Д нүктесіне саны сәйкес келеді.
А
Сергіту сәті.
Қосарлап жегілген ат – арбамен . Жантілеу 25 км шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше жол жүрді? (бірдей)
№509

О А В С Д

0 1


В-деңгей

А В С Д

0 1 2 3

А( ) В( )=В( ) С( )= Д( )=Д( )

№513
Ауызша
1) 80с 2)150 с 3)220 с
№511

В А С

0 1
А

С деңгей
№520
Тиегі - ; мойынша- құлағына сәйкес-

ΥІ.Сабақты қорытындылау.
Өзіндік жұмыс.
№ 514

Координаталық сауле бойынша берілген нүктеге сәйкес келетін санды оқу және ол нешеу?
Координаталық сауле бөлшегі, аралас саны қалай кескінделеді?
ΥІІ.Үйге: № 510

А В С Д Е К

0 1 2 3 4



№512

А В С Д Е

0 1 2 3



№519

А В С Д Е

0 1 2

А( ) В( )=В( ) С( )=С( ) Д( ) Е( )=Е( )

ΥІІІ.Оқушы білімін бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Координаталық сәуле. Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Эндирова Дарига Жарылгасовна

Пікірлер: 0

avatar