Квадрат теңдеу тарауына есептер шығару

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 167
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 15/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21767


Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп: №3

Күні: 20 .01.2017
Мұғалімнің аты-жөні: Мәденова Г

Сынып: 8

Сабақ тақырыбы:
Квадрат теңдеулер тарауына есептер шығару

Сабақтың мақсаты :
«Квадрат теңдеулер тарауын қайталау»және пысықтау. Оқушылардың білімдерін жүйелеу және өз бетінше жұмыс жасауға жағдай жасалады. Оқушылардың квадрат теңдеулерді шешу және оған келтіретін теңдеулерді шешу дағдылары жетіледі;
Сабақтың міндеттері:
Формулалары мен ережелерін өмірде, математикалық есептеулерде , практикалық іс-әрекеттерде қолдана біледі:
Есеп шешімін іздеу арқылы қиыншылықты жеңуге, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.

Орындай алады:
Есеп шығаруда квадрат теңдеуді шеше алады.


Күтілетін нәтиже
 Оқушылар берілген тапсырманы, есепті шығара алады.

Жұмыс түрлері
Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жеке жұмыс, бағалау,

АКТ қолдану дағдылары
Оқулықтар, жұмыс дәптерлері, үлестірмелі материалдар, тапсырма көздері жазылған карточкалар, слайд.

Сабақ кезеңдері
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Кезекші мәліметі
Топқа бөлу
3 минут

Үй тапсырмасын тексеру/ «Қайталау -білім анасы»
7 минут

«Мен есепке жүйрікпін» / оқулықпен жұмыс
3 минут

«Зерде»
7 минут

«Біз жылдамбыз» Тарсия / топтық жұмыс/
20 минут

Бағалау. Үйге тапсырма . Рефлекция
5 минут

Алдыңғы меңгерілген білім
Мәтінді есептерді квадрат теңдеулер арқылы шығару

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
Оқыту ресурстары

Басы
10мин
І. Ұйымдастыру жаңалыққа құмарлығын арттыру, оқушыларды ынтымақтастыққа, бірігіп, белсенді жұмыс істеуге жұмылдыру;
Оқушыларды сабаққа бағыттау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру / «Қайталау-білім анасы/ Өткен тақырыптарға шолу жасау.
Қайталау оқу анасы.
Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады?
Квадрат теңдеудің түрлері?
Келтірілген квадрат теңдеу?
Квадрат теңдеудің қанша түбірі болатынын қалай анықтауға болады?
Биквадрат теңдеу дегеніміз не?
Виет теоремасы?
Мәтінді есептерді шығару үшін қандай алгоритм орындаймыз?

(Оқушылар жауаптары тыңдалады)
1. түрінде берілген теңдеу квадрат теңдеу деп аталады.
2. Квадрат теңдеудің түрлеріне: толық квадрат теңдеу және толымсыз квадрат теңдеу , келтірілген квадрат теңдеу жатады.
3. Егер толық квадрат теңдеудегі бірінші коэффициент 1-ге тең болса, онда ол келтірілген квадрат теңдеу деп аталады.
4.Квадрат теңдеудің түбірлер саны дискриминант мәніне байланысты. теңдеудің 2 түбірі бар, теңдеудің 1 түбірі бар, теңдеудің түбір і жоқ
5. . түрінде берілген теңдеу биквадрат теңдеу деп аталады.
6.Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама-қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентке, ал көбейтіндісі бос мүшеге тең
7. Мәтінді есептерді квадрат теңдеулер арқылы шығару алгоритмі:
Мәтінді есептің шартын білу керек
Бастапқы шаманы әріппен белгілеу
Теңдеу құру
Құрылған теңдеулердің түбірлерін табу
Табылған түбірлердің қайсысы теңдеуді қанағаттандыратынын тексеру

Алгебра 8

ІІІ. «Мен есепке жүйрікпін» / оқулықпен жұмыс
№214

№217

№218

Ортасы
30 мин
ІV. «Зерде»
Мақал –мәтелдердің жалғасын тауып айту керек. Оның ішінде екі сан есім квадрат теңдеудің түбірлері, яғни Виет теоремасына кері теорема бойынша квадрат теңдеу құру керек.
Білімді мыңды жығады, білекті мыңды жығады
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл
Төртеу түгел болса төбедегі келеді,Алтау ала болса ауыздағы кетеді
Бір тал кессең , он тал ек
Жеті рет өлшеп, бір рет кес
Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы
Он екі айда он үш той
Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз
Елуінде –ер дана, елуінде-ел жаңа.
Отыз тістен шыққан сөз, отыз руға тарайды.
Ағайын-алтау, ана-біреу.
Он екі мүшең сау болса, жаралымын деме,
Он саусағың сау болса, дәулет емес немене.

V.«Біз жылдамбыз» Тарсия / топтық жұмыс/

Соңы
5 мин
VI. Бағалау.
Үйге тапсырма №219
Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек» Тәрбие.орг сайтынан Квадрат теңдеу тарауына есептер шығару Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мəденова Гүлзия

Қызылорда облысы Жаңақорған ауланы 3мектеп-интернат Математика пəн мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar