квадраттық функция

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 590
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 25/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18821


Алгебра – математиканың негізгі бөлімдерінің бірі. Ол ғылым мен техниканың тілі болып табылады. Алгебраның көмегімен табиғат пен қоғамда болып жатқан құбылыстар мен процестер меңгеріліп, оларға болжау жасалады және бейнеленеді. Алгебра пәні мектепте оқытылатын көптеген пәндерді, ең алдымен жаратылыстану-математика циклінің барлық пәндерін, әсіресе физика, информатика және геометрия пәндерін игеруді қамтамасыз етеді.
Оқыту мақсаты - оқушыларға алгебраның базистік негізін меңгерту, оларда тұлғааралық және этносаралық мәдениетті, өз тағдырына жайбарақат қарамайтын тұлғаны және тұлғаның кәсіптік бағдарын қалыптастыру.
Оқыту міндеттері:
1) тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерін: логикалық ойлау, интуиция, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару, жігерлілік және т.б. қасиеттерін дамытуға бағытталған алгебраның базистік негізін сапалы меңгертуді қамтамасыз ету;
2) оқушылардың математика ғылымының түрлі даму кезеңдерінде жинақталған құндылықтарға қатыстыру арқылы оқушының тұлғасын, рухани өрісін дамыту;
3) қарым-қатынас мәдениетін, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет көрсетуді, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, патриоттық сезімді тәрбиелеу;
Оқушылар у=ах2+n функция графигін салу және қасиеттерін анықтау;
у=а(х–m)2 функция графигін салу және қасиеттерін анықтау;
у=а(х–m)2+n функция графигін салу және қасиеттерін анықтауды меңгеруі тиіс.
Оқушыларда тілдік сана «Кім жылдам» сұраққа жауап бере отырып диалогқа түскенде байқалды. «Математикалық диктант» тапсырмасында өз құқықтарын біле отырып, жауап жазды. Сергіту сәтінде дене қимылдары арқылы саламатты өмір салтын сақтауға дағдыландыру, өмірге құштарлықтары артты. Топпен жұмыс жасағанда, бағалауда топ басшысы көшбасшылық қызметін атқарды. Жалпы оқу мен оқытуда білім және ғылыми сала қалыптасты. Тәрбие.орг сайтынан квадраттық функция Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Атабаева Гульмира Сериковна

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, М.Әуезов атындағы шағын орталықты тірек мектебі(ресурстық орталық математика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar