Үлестер. Жай бөлшектер

  • Жүктеулер: 13
  • Көрсетілім: 987
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 09/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18961


Күні: 03.12.2015ж
Уақыты: 14 50 – 15 35
Сыныбы: 5 «Д»
Пәні: математика
Пән мұғалімі: Елдияр Феруза
Өтілетін кабинет: 402
Сабақтың тақырыбы: Үлестер. Жай бөлшектер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға үлес, жай бөлшектер, оларды оқу және жазу,алымы, бөлімі туралы түсінік беру,екі натурал санның бөліндісін жай бөлшек түрінде жаза білуге үйрету,өмірмен байланыстыра отырып бөлшек сандарды ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, танымдық қабілетін дамыту, математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды бөлшектерді дұрыс оқуға тәрбиелеу,ұқыптылыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: слайдттар, бағалау парақтары, магнит тақта, деңгейлік тапсырмалар, таратпа қағаздар.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:, ішінара ізденіс жұмыстары, топтық жұмыстар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Қайталау-оқу айнасы.
"Күннің шуағы" ойыны.
4. Жаңа тақырыпқа даярлық тапсырмалары, жаңа сабаққа бағыт-бағдар беру.
«Ой қозғау» стратегиясы. Ауызша есептеулер.
5. Жаттығу жұмыстары
6 .Топтық ізденіс жұмыстары
7. Қорытынды
8. Үйге тапсырма беру.

І. Ұйымдастыру бөлімі:
-Сәлемдесу.
-Кіріспе. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруінде білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты, еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр.
Оқушылар үш топқа бөлінеді. І-топ: « Білгіштер»
ІІ- топ: «Жас есептегіштер»
ІІІ- топ: «Зеректер»
Ортаға шығамыз шаттық шеңберін құрамыз,қолдарымызды ұстап алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіздер айтып, жақсы тілектер тілейік.
ІІ .Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылар бірін- бірі тексереді.
ІІІ. Қайталау-оқу айнасы. ойын "Күннің шуағы"
1.Натурал санның бөлгіші дегеніміз не?
2. Натурал санның еселігі дегеніміз не?
3. 2 санына бөлінгіштік белгісі
4. 5 санына бөлінгіштік белгісі
5. 9 – ға бөлінгіштік белгісі
6. 10 санына бөлінгіштік белгісі
7. 3 –ке бөлінгіштік белгісі
8. Ең үлкен ортақ бөлгіш дегеніміз не?
9. Ең кіші ортақ еселік дегеніміз не?
І Ү. «Ой қозғау» стратегиясы. Ауызша есептеулер.
100 - дің жартысы нешеге тең?
1000-ның жартысы?
1 тәуліктің жартысы неше сағат?
Жарты шелек су 4 л болса, толы шелек неше литр болады?
Кесіндінің жартысы 5см болса, осы кесіндінің ұзындығы неше сантиметр?
Ү.Жаңа сабақ
Балалар, сендер натурал сандарды білесіңдер. Натурал сандардан басқа ұзындықты, массаны, уақытты өлшеу үшін бір жаңа сандар енгізілген.
Дөңгелекті тең 4 бөлікке бөлейік. Тең бөліктер үлестер деп аталады. Әрбір үлес – дөңгелекті өзара тең 4 бөлікке бөлгендегі 1 бөлігі. Жазылуы дөңгелектің -1/(4 ) і; оқылуы: «төрттен бір». Демек, 1:4 дегеніміз 1/(4 ) , мұндағы сызықша – бөлшек сызығы.
1-бөлшектің алымы, 4- бөлшектің бөлімі. Бөлшек сызығының астындағы сан неше тең бөлікке бөлінгенін көрсетеді, сондықтан оны бөлшектің бөлімі деп атайды, бөлшек сызығының үстіндегі сан ол бөліктердің нешеуі алынғанын көрсетеді сондықтан оны бөлшектің алымы деп атайды.
Егер қарбызды тең алты бөлікке бөлсек оның әрбір бөлігі 1/(6 ), алтыдан бірге тең.
Бөлінгіш бөлшектің алымына жазылады да, бөлгіш бөлшектің бөліміне жазылады.
Бөлшектің бөлімі неше үлеске бөлгенін көрсетеді, ал алымы неше үлестің алынғанын көрсетеді. Натурал санды жай бөлшек түрінде жазуға болады. Мысалы: 3 = 3:1=
немесе 3= немесе 3 = т.с.с.
бөлшектің алымы
бөлшек сызығы (5 )/6
бөлшектің бөлімі
Жай бөлшек: а/(в ); а – алымы, в- бөлімі. (слайдпен ауызша жаттығулар орындау)
0 саны кез келген жай бөлшектің алымы болады, бірақ бөлімі бола алмайды. Өйткені санды нөлге бөлуге болмайды.
Жай бөлшекті оқығанда алдымен бөлшек сызығының астындағы сан шығыс септігінде оқылады. Екі натурал санның бөліндісін жай бөлшек түрінде жазуға болады.
Екі натурал санның бөліндісін бөлшек түрінде жазғанда,бөлшектің алымына бөлінгіш жазылып,бөліміне бөлгіш жазылады.
Мысалы: 12: 4= ; 100:25 =

VІ. Жаңа сабақты бекіту. Оқулықпен жұмыс
№ 776 Мына жай бөлшектерді оқып, бөлімі мен алымын атаңдар:
; ; ; ; ;

№ 777. 1.Суреттегі фигуралардың қандай бөлігі боялған? Боялған бөліктерді бөлшек түрінде жаз.
Төрт тен бір, алтыдан екі, сегізден бес, жетіден төрт
(1 )/4; (2 )/6; (5 )/8; (4 )/7.
№ 779 .Жұлдызша орнына тиісті санды қойып,1 санын жай бөлшек түрінде жазыңдар.
1 = ; 1 = ; 1 = ; 1 = ; 1 =
№780.Жай бөлшек түрінде жазыңдар:
Жетіден екіні - 2/(7 )
Бестен үшті - 3/(5 )
Алтыдан бірді - 1/(6 )
Сегізден бесті - 5/(8 )
Оннан тоғызды - 9/(10 )
Жүзден үшті - 3/(100 )
№ 781. Бөліндіні бөлшек түрінде жазыңдар:
7 : 2 = 7/2;
9 : 11= 9/11;
8:7 = 8/(7 );
14: 20 = 14/(20 );
30 : 41 =30/(41 );
61 : 100 = 61/(100 )
Логикалық тапсырма:
Ірімшікті үш рет кесу арқылы қалай 8 тең бөлікке бөлуге болады? (слайдтан көрсетемін)

ҮІІ. Қорытындылау:


Алымы 1 1 1
Бөлімі 2 3 4
Жазылуы 1/2 1/3 1/4


Алымы 2 3 1
Бөлімі 4 4 4
Жазылуы 2/4 3/4 1/4

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
ІХ. Үйге тапсырма: №777 (б), №778 . ережелерді жаттау,
Жұмыс дәптерімен жұмыс (70 бет. №6) Тәрбие.орг сайтынан Үлестер. Жай бөлшектер Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Елдияр Феруза Қайырбекқызы

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы №274 орта мектеп математика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar