Мәтінді есептерді теңдеудің көмегімен шығару

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 338
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 14/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21013


Сабақтың тақырыбы: Мәтінді есептерді теңдеудің көмегімен шығару
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Теңдеу құрастыру ережесін айта білуге үйрету, оны пайдаланып есептер шығаруға дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Есептің теңдерін құрастыруға үйрету, қабылдау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Қолданылатын әдіс-тәсіпдер: сұрақ-жауап, топтастыру, ойын, шығармашылық тапсырмалар,тест тапсырмалары.
Сабақтың көрнекілігі: үлгілер, үлестірмелі кеспе қағаздар.
Қолданылатып техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Үйымдастыру кезеңі.
1. Сабақтың тақырыбын жариялау.
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Білімін тексеру, бекіту.
1. Топтастыру әдісі арқылы ереже сұрау.

2. Есеп шығару (үлгісі).
Есеп. Қазір ағасы қарыпдасынан 5 жас үлкен. 4 жылдан соң, олардың жастарының қосындысы 19 жас болады. Қазір қарыпдасы неше жаста, ағасы неше жаста?
Шешуі.

қарындасы ағасы
алғашқы х х+5
сонғы х+4 х+5+4

Немесе.
қарындасының жасы ағасының жасы

х+4 х+5+4
есептің шарты бойынша ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы 19 жас болды.
Онда:
(х+4)+(х+5+4)=19
2х+13=19
2х=19-13
2х=6
х=6:2
х=3
3+5=8
Қарындасы 3 жаста, ағасы 8 жаста.
Тексеру:
(3+4)+( 3+5+4) =19
7+12=19
19=19
Жауаты: 3 жас; 8 жас.
3. Есептер шығарту.
Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар:
№75
Мектеп жанындағы шаруашылықтан оқушылар екі күнде 1260 картоп жинады. Оқушылардың екінші күнгі жинағаны бірінші күнгіден 2 есе артық. Оқушылар бірінші күні неше килограмм қартоп жинады?

І 1260 кг. ІІ

х 2х
№76
Марат түстен кейін түске дейінге қарағанда 2 балықты кем аулады. Ол барлық аулаған балықтарының жартысын атасының үйіне қалдырғанда, өзінде 5 балық қалды. Марат түске дейін неше балық аулады?
Балық саны
Түске дейін х
Түстен кейін х-2

:2=5

4. Тест тапсырмалады.
1. Дүкендегі орам матадан 16 м. Мата сатылды. Қалған матадан әрбір көйлекке 3 метрден жұмсап, 8 көйлек тігілді. Дүкендегі орам мата алғашқыда неше метр болған?
А. 36 м.; В. 40 м.; С. 42 м.; Д. 41 м.;

2. Қоймадағы ұннан 165 т. ұн сатылған соң, қалған ұнды әрқайсысына 3 таннадан 14 машинаға тиеді. Қоймада алғашқыда неше тонна ұн бол,ан?
А. 200т; В. 216 т.; С. 205 т.; Д. 207 т.
5. «Жалаушаға кім бұрын жетеді?»
АВ кесіндісінің ұзындығы 40 см. АВ кесіндісі С және Д нүктелерімен АС,
СД және ДВ кесінділеріне бөлінген. СД кесіндісі АС кесіндісінен 4 см ұзын, ал ДВ кесіндісінен 2 есе қысқа. АС кесіндісінің ұзындығын табыңдар.
А С Д В

ІІІ. Сабақты бекіту. Шығармашылық жұмыс.
1)
46 х


75

2) 54 х 32

96

3) х
155

IV. Қорытынды
V. Үйге тапсырма. № 1268, № 1290.
VI. Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Мәтінді есептерді теңдеудің көмегімен шығару Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Эндирова Дарига Жарылгасовна

Пікірлер: 0

avatar