Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Математика пәні маңыздылығы
  • 30.08.2016
  • 254 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19386

ОҚО, Мақтаарал ауданы
“Қ. Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің”
математика пәнінің мұғалімі: Нұржігітов Сапар

Математиканы меңгертудің маңыздылығы

Математика - қызығы мен қиындығымен ерекшеленетін дербес пән. Әрбір адамға қажеттілгімен маңызды. Есеп-қисапсыз тіршіліктің алға жылжуы мүмкін емес. Күнделікті тұрмыста, сауда, қоғамдық орындар мен жұмыс мекемелерінде, тіпті егін мен мал шаруашылығында да математиканың қолданыста жүретіні белгілі. Мұның бәрі қажеттіліктен туындаған жағдай. Математиканың даму тарихы бұған дәлел...
Математиканың жұмбаққа толы сырларын ашып, оқушылардың санасына сіңіріп, олардың ұшқыр ойлы жеке тұлға боп қалыптасуына жағдай жасайтын мектеп қабырғасында жүрген ұстаздардың еңбегі өлшеусіз. Ең алдымен математикалық ұғымдар бастауыш сыныпта негізі қаланып, алғашқы түсініктері қалыптаса бастайды. Бұл кезеңдерде оқушының жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасайтын оқытушының шеберлігі талап етіледі.
Бұл пәнді меңгертуде ең алдымен ұстаздың тынбай еңбектенуі, заман талабына сай сабақты жаңа технологиямен түрлендіре алуы тиіс. Сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың (салу құралдары, тірек-сызбалар, формулалар кестесі, интербелсенді тақта)алатын орны тіпті ерекше. Сапалы оқулықтың да сабақты меңгертуде өзіндік үлесі зор. Себебі оқулық бойынша жұмыс істегенде оның ішіндегі есептерді қалай шешу керектігін тірек-сызбалар, мазмұнын сурет арқылы көрсетсе оқушы үшін жеңілдік болары сөзсіз. Әсіресе, төменгі сыныптарда осындай дағдыларды қалыптастырған жөн.
Мысалы, өрісте бұзаулар жайылып, қаздар қаптап жүр. Бұзаулардың аяқтарының жалпы саны 392, ал қаздардың аяқтарының жалпы саны бұзаулардың аяқтарының санынан 94-ке кем. Жайылымда неше бұзау және неше қаз болды?
Шешуі: Бұзаудың 4 аяғы бар, сонда 392:4=98, ал қаздардың саны (392-94):2=298:2=149.
Жауабы: 98 бұзау, 149 қаз.
Бұл есепті шешуде оқушы көз алдына елестету арқылы шығарғаны да дұрыс, ал суреттің пайдасы есепті жылдам әрі тиянақты шешуіне септігін тигізеді.
Тағы да бір мысал, анасы бәліш пісірді. Тамақтан кейін бәліштің бөлігі, кешкі тамақ кезінде бәліштің бөлігі желінді. Кешкі тамақтан кейін бәліштің неше бөлігі қалды?
Шешуі: Бәлішті бір бүтін сан ретінде қарастырамыз, сонда бөлігі қалады.
Жауабы:
Математикалық ұғымдарды оқушыға түсіндіре алғаны, оны оқушының қабылдағаны ұстаздың оң нәтижеге, мақсатына жете білгені. Себебі, кез келген есептің шешімі математикалық ұғымды қажет етеді. Күрделі есептің шешімін таба алмаса да, мағынасын түсіне білудің маңызы зор. Ол үшін сабақтың мазмұнын ашуда оқушыларға алдымен математикалық тілде сөйлеп, одан кейін оның мағынасын өзіміздің күнделікті өмірімізбен байланыстыра түсіндіргеніміз жөн. Оқушыларды математика әлеміне қызықтыру үшін үнемі шығармашылық байланыста болу қажет. Тәрбие.орг сайтынан Математика пәні маңыздылығы Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нұржігітов Сапар

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар
Көрсетілім: 254 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar