Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Оқушылардың шығармашылық жұмысы
  • 09.05.2016
  • 338 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18963

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (37.5Kb)

Күні: 27.04.2016ж
Тақырыбы: « Бірегей – Асқар Жұмаділдаев »
Өтілетін жері: 305 кабинет
Уақыты: 1130 - 1230
Түрі: оқушылардың шығармашылық жұмыстары байқауы
Мақсаты: оқушыларға Асқар Жұмаділдаевтың шығармашылығы, өмірдерегі жайлы таныстыру.
Барысы:
Ғасырлар бойы 1000 жылда бір туатын дара, қайталанбайтын тұлға Асқар Жұмаділдаевты бүгінде білмейтін қазақ жоқ. Нағыз қазақ ауылынан шыққан, күнге күйіп, құмның арасында ойнап жүрген баладан «әйгілі математик» шығады деп кім ойлаған? Көшеге бір қолына нан, екінші қолына қант алып, 5-6 жастағы ойын баласының өзінен үлкен бабалалардың мектепке бара жатқанын көріп, қызығып, жасы жетпей тұрғанына қарамастан, ерте оқығысы келеді. Сөйтіп, мұғалімдерге жалынып, ерте мектепке барады. Жастайынын оқ бойы озық болып өседі. Жанындағы достары теңбіл доптың артынан қуса, ол білімнің артынан шапқысы келеді. Сондықтан болар, достары кішкентайынан Жұмаділдаевты «Оқымыс» деп атап кеткен. Сол кездегі кішкентай «оқымыс» - бүгінде ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик. Есімі қазақ жерінде ғана емес, шет елдерге де белгілі. Ғылымда ашқан жаңалықтары, мақалалары, шешкен есептері баршаға аян. Асқар Жұмаділдаевты тек математика саласының білгірі ретінде ғана емес, өмірлік принциптері мен мінезінің ерекшелігі жағынан да даралайды. Бүгінде осы ағамыз 60 жасқа толып отыр. Соған орай мектебімізде 25 сәуірден бастап осы кісінің мерейтойына байланысты шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соның бір кезеңі оқушылардың шығармашылық жұмыстарының байқауы өткелі жатыр. Осы байқауға қатысатын оқушыларды таныстырсақ:
1. 5 «Д» сынып оқушысы Әбдіршеева Толғанай . пән мұғалімі Елдияр Феруза
2. 6 «Б» сынып оқушысы Тілектесова Айда, пән мұғалімі Бажкенова Жадыра
3. 8 «Д» сынып оқушысы Асанова Амина, пән мұғалімі Ижазова Жарқынай
4. 9 «В» сынып оқушылары Мұхтарова Жанерке мен Дауысова Айда , пән мұғалімі Сәрсенбаева Жаңыл
5. 10 «Ә» сынып оқушысы Боханова Дана, пән мұғалімі Кирбасова Жанар



5 «Д» сынып оқушысы Әбдіршеева Толғанай, «Бірегей – Асқар Жұмаділдаев»
6 «Б» сынып оқушысы Тілектесова Айда «Асқар
Жұмаділдаев- 60 жаста»
10 «Ә» сынып оқушысы Боханова Дана Асқар Жұмаділдаевтың интернет желісі арқылы берілген есебінің үшінші шешімін тауып, жұмбақ жасырды.

Қорытынды. Жүлдегерлерді марапаттау Тәрбие.орг сайтынан Оқушылардың шығармашылық жұмысы Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Елдияр Феруза Қайырбекқызы

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы №274 орта мектеп математика пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар
Көрсетілім: 338 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar