Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру»
  • 02.06.2016
  • 365 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19155

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (552.2Kb)

Болтаева Ұлшат Ерболатқызы

«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің арнайы пәндер оқытушысы

Пәні: «Математиканың теориялық негіздері және математиканы
оқыту әдістемесі


Тақырыбы: «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру»

Сабақ тақырыбы: Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың танымдық міндеттерін
қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен
қызығушылығын жетілдіру , білімге құштарлығын ояту.
Дамытушылық; Сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,
балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға
және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызуды
дамыту;
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа,топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Көрнекілігі: слайдаттар, сызбалар.
Қолданылатын құралдар: Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын тексеру;
3.Үй тапсырмасын бекіту;
4.Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
I. Ұйымдастыру.
1. Кіріспе.
Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1-топ. Дарынды балалар туралы
2-топ. Дарындылық қайдан шығады?
3-топ. Дарындылық өз тәжірибемізде.
III. Үй тапсырмасын бекіту:
1. Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің еңбегі.
/ слайд түрінде/
IV. Жаңа сабақ.
1.Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты: оқушылардың танымдық міндеттерін
қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту.
2.Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасын ұйымдастырудың негізгі шарттары:
1. Нақты тапсырма беру.
2.Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу.
3.Оқушылардың жұмысты өз еркімен орындауы.
3.Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін өзіндік жұмыс түрлері:
1. Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар: құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақ , диаграмма.
Мыс: « Мәтін» тақырыбын өткен кезде «Ой қозғау» ойыны арқылы сөзжұмбақ жасыруға болады. Сөзжұмбақты дұрыс шешсеңіздер, әжемнің дастарханға қойған бір тәтті тағамымен танысасыңдар.
Сөзжұмбақ . Ауылға барғанымда қауын – . . . әбден тойдық . Әжем бізді көргенде қатты қуанды . Қыста сақтаған . . . – қартасын қазанға салды . Шай дайындалып, дастарханға қою . . . , тәтті сары . . . , майға пісірілген ыстық . . . , жегенде тіліңді үйіретін . . . әкеліп қойды.
2.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу т. б)
• Ит 15м/с жылдамдықпен жүгіреді. 8 секундта неше метр қашықтықты жүгіріп өтеді?
• Автобус 68км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрді. Осы уақытта қанша километр қашықтықты жүреді?
• Спорт машинасымен жарысушы тас жолда 78км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Ол 2 сағатта қандай қашықтықты жүріп өтеді?
3.Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар: өлең құрастыру, әңгіме, шығарма
Мұнда басты назар аударатын мәселе – оқушылардың ауызша, жазбаша тілінің өзара ұштастырыла отырып, соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету.
Соның негізінде тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелеу. Мысалы: қазақ тілі пәні бойынша: Сөздің әрбір дыбысынан сөз тудыру жұмысы. Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сабақты меңгеруде өте көп пайдасы тиеді. Сөз таптарын өткенде «Қай, қандай сұрақтарына жауап беретін сөздер» тақырыбында «Әсем қандай қыз?» сұрағына жауап береді. Әсем сөзінің әрбір дыбысына Әсемнің бойындағы жақсы қасиеттерін жазғызамын.
Ә – әдемі, әдепті, әсем.
С – сұлу, сүйкімді, сезімтал.
Е – еңбекқор, епті, елгезек.
М – мейірімді, мәдениетті, момын.
Енді әрі қарай дамыта отырып, осы сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастырттым. Әсем – әдемі қыз. Әсем үлкенге де, кішіге де мейірімді. Сын есімдерді тауып астын сызу. «Қарындаш» сөзінен зат есімдерді ойлап тауып жазу. Қарындаш – қар, ар, шар, шана,арық , шын.
“Математика пәні бойынша:
Математикалық диктант түрінде;
Деңгейлік тапсырмалар;
«Ойлан, тап» ойынын ұйымдастыру;
Карточкалар беру;
Оқушылардың білімін тексеру мақсатында арнайы сабақ беріледі.
V. Жаттығу жұмыстарын орындау:
1 - сынақ жаттығу.
1-сұрақ. Сендер қай кезде жұмысты шабытпен істейсіңдер: ертеңгілікте ме, күндіз бе немесе кешке ме?
2-сұрақ. Жұмыстарың қандай жағдайда табысты болады – бірлесіп (сыныппен, жолдасыңмен, досыңмен бірге) жасағанда ма, әлде өзің болғанда ма?
3-сұрақ. Дауысы қатты шығарылған музыка сендерге үй тапсырмаларыңды орындауларыңа кедергі жасай ма, әсері болмай ма, әлде көмектесе ме?
VI. Жаңа сабақты бекіту.
Дамытушылық ойын: «Қандай жеміс алсам екен?»
VII. Үйге тапсырма беру.

VIII. Қорытынды:
Бастауыш сыныптарда өзіндік жұмысты ұйымдастыруда оның бағдарлама мазмұнына сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы, оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге баулиды. Қорыта айтқанда өзіндік жұмыс – шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін , олардың өз бетінше әрекетінсіз мүмкін емес. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. Тәрбие.орг сайтынан «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Болтаева Ұлшат Ерболатқызы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы "Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжі арнайы пән оқытушысы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар
Көрсетілім: 365 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar