ОҢ ЖӘНЕ ТЕРІС САНДАР

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 74
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 29/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23208


Сарыағаш ауданы №24 Жолдас Сүлейменов жалпы орта мектебі математика пәні мұғалімі Сманова Динара Тургынбаевна
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:Оң сандар және теріс сандар. Координаталық түзу. Мұғалімнің аты- жөні:
Күні
Сынып: 6 сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар:
Сабақ негіздел. оқу мақсаты: Координаталық түзудің анықтамасын, оң мен теріс сандар туралы түсінік қалыптасады
Сабақтың мақсаттары : Барлық оқушы орындай алады: Шамалардың тура мағынасы мен қарама-қарсы мағынасын және оң, теріс сандардың жазылу ережесі мен нөл санының қолданысын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Берілген санға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келетінін түйіндейді.
Кейбір оқушылар орындай алады:Оң және теріс сандарды жазылу ережесін қолдану арқылы тура және қарама-қарсы шамалардың сан мәндерін жазады, оны координаталық түзуде белгілейді.
Тілдік мақсат: Берілген негізгі ұғымдарды талдай отырып, деңгейлік есептерді шығарады.
Анықтамалар мен заңдылықтарды қолдана отырып, жазып талдайды.
Ресурстар: Оң мен теріс сандар, «плюс», «минус» таңбалары, градус, санақ басы. Координаталық түзу, санақ басы, бірлік кесінді, оң бағыт, теріс бағыт, нүктелердің координаталары.
Пәнаралық байланыс: Сызу, география , қазақ тілі
Алдыңғы оқу: Шеңбердің ұзындығы, дөңгелек ауданы, саны

Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт Берілетін тапсырмалар Бағалау критерийлері
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау) Формативті

Үй тапсырмасын сұрау
3 минут Ой қозғау
Біз қандай сандарды білеміз?
• Нәрселерді санағанда _натурал сандар__ қолданылады.
• Шамаларды есептегенде, өлшегенде натурал сандармен қатар
- жай бөлшектер ___________________________;
- ондық бөлшектер _________________________қолданылады.
Координаталық сәуле дегеніміз не? 1. Сұрақтарға жауап берді
2. Координаталық сәуленң анықтамасын айтады

Жаңа сабақ
35 минут

Ребус шешу
Оң және теріс сандар не үшін қолданылады?
Өлшеу, есептеу жұмыстарында шамалардың тура мен қарама-қарсы мағынасының өзгерісінің сан мәнін ажырата білу үшін оң және теріс сандар қолданылады.


• Шаманың тура мағынасының сан мәнінің алдына «+» таңбасы қой/ды.
• Қарама-қарсы мағынасының сан мәнінің алдына «-» таңбасы қой/ды.
• Шамалардың оң және теріс сандармен жазылуы:
Тура шамалар Қарама-қарсы шамалар
жылы – (+50С)
биік – (+2340 м)
пайда – (2340 тг)
ұтыс – (+10) ұпай салқын – (-70С)
терең – (-180 м)
шығын – (-2000 тг)
ұтылу(жеңілу) – (-2) ұпай

Қандай сандарды білесіңдер?

Мысал: Оң сандар: +7; +5,8; + т.с.с.
• Оң сандардың алдына кейде «+» таңбасын қою міндетті емес, яғни 7; 5,8; түрінде жазуға болады.
• Теріс сандар: -9,8; 16; -0,11; т.с.с.
Нөл қандай сан?
• 0 (нөл) саны оң санға да, теріс санға да жатпайды.
• 0 (нөл) саны санақ басы ретінде алынады.
- теңіз деңгейі (0 м);
- мұздың еру температурасы (00С);
- қозғалыссыз тұру (0 );
- пайда да жоқ, шығын да жоқ (0 тг). т.с.с.

Нүктелердің координаталарын қалай анықтаймыз?
• Берілген санға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келеді. Ол сан нүктенің координатасы деп аталады.
• Жоғарыдағы сурет бойынша нүктелердің координаталарын жазайық:
F(-3), E(-2), D(-1), O(0), A(1), B(2), C(3).
• Мысал: A(-3,7), B C(2,4), D(6) нүктелерін горизонтальдық координаталық түзуде кескіндеңдер:
теріс сандар оң сандар



Нүктелердің координаталарын қалай анықтаймыз?
• Координаталық түзудің орналасуы:- вертикаль- горизонталь
• Егер координаталық түзу вертикаль орналасса, онда О нүктесінен жоғары қарай оң бағыт (оң сандар кескінделеді), ал төмен қарай теріс бағыт (теріс сандар кескінделеді) көрсетіледі.
Жеке тапсырма ( оқулықпен жұмыс)№291 (ауызша);293
1-топ №292 2- топ №2953-топ №296 1. Оң сан мен теріс сан туралы түсінік алды
2. Ребус шешті
3. Координаталық түзуді сыза алады
4. Координаталық түзуде нүктелерді белгілей алды
5. Өмірмен байланыстыра алды
Сабақты бекіту
4 минут Семантикалық картамен өткен сабақты қорытындылау
Шама + -
жақсы
жаман
үлкен
кіші
Оң
теріс
ұзын
қысқа
Семантикалық картада дұрыс жауабын тапты
Үйге тапсырма
2 минут 1-деңгей (білу, түсіну деңгейіндегі тапсырма ) №298
2-деңгей (қолдану, талдау деңгейіндегі тапсырма ) №294
3-деңгей(жинақтау, бағалау д/гі шығарм/қа, ғылыми зерттеушілікке бағытталғантапсырма ) Координаталық түзуде оң мен теріс сандарды пайдаланудың өмірмен байланысын анықтайды.
Бағалау
2 минут Оқушыларды жиынтық бағалау Суммативті

Кері байланыс
2 минут Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес смайликтер тарқатылып, кері байланыс беріледі. Формативті Тәрбие.орг сайтынан ОҢ ЖӘНЕ ТЕРІС САНДАР Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сманова Динара Тургынбаевна

ОҚО Сарыағаш ауданы №24 Ж. Сүлейменов мектебі Математика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar