Ондық бөлшекке бөлу

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 53
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 23/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23367


Сыныбы: 5
Күні: 04.04.2016
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекке бөлу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ондық бөлшекке бөлу алгоритмін түсініп айта білуге үйрету және оны есептеуде пайдалана білу
Дамытушылық : Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,ой-өрісін дамыту
Тәрбиелік: Өзін-өзі басқаруға ұйымшылдыққа , ұқыптылыққа ,өз мүмкіндіктеріне сенуге,еңбектенуге , жеңіске жетуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ
Құрал-жабдықтар: Компьютерлік сынып, интербелсенді тақта, суреттері бар карточкалар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, тугендеу
Үй жұмысын тексеру: №1411; №1412; №1413
ІІ Өткен тақырып бойынша қайталау:
1. Сұрақ: Ондық бөлшектерді салыстыр:
40,01 < 400,1
2. Сұрақ: Ондық бөлшектерді қосу
72,51+0,325=72,835
3. Сұрақ : Ондық бөлшекті азайту
18,3-7,65=10,65
4. Сұрақ: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту
28,04 8═224,32
5. Сұрақ: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу
8,5:50=0,17
ІІІ Жаңа сабақ
Орманмен 1,2 сағатта 5,52 км жо жүрдік
Сұрақ: Қандай жылдамдықпен жүрдік?
Оқушылардың өздері 5,52:1,2 бөлу керек екенін айтады,яғни ондық бөлшекке бөлу керек екенін,оны өтпегенін айтады . олай болса,жаңа сабағымыздың тақырыбы:
Ондық бөлшекке бөлу (мақсаты айтылады)
5,52:1,2═
1,2-де бір ондық таңба болғандықтан,бөлінгіштегі үтірді де , бөлгіштегі үтірді де оңға қарай бір цифр аттап көшірдік:
55,2:12═ 4,6 км/сағ
Ондық бөлшекке бөлуді натурал санға бөлуге келтіріп орындауға болады.
Санды ондық бөлшекке бөлу үшін:
• Бөлгіштегі қанша ондық таңба болса,бөлгішпен бөлгіштегі үтірлерді оңға қарай сонша цифр аттап көшру керек.
• Шыққан натурал санға бөлуді орындау керек.

IV Оқулықпен жұмыс:
№1426 Ауызша есептеңдер:
1. 3:0,3= 4. 1,6 : 0,4= 7. 8 : 0,8= 10. 24 : 0,6 =
2. 5:0,5= 5. 3,6 : 1,2= 8. 9 : 0,09 = 11. 5,6 : 0,8 =
3. 6:0,1= 6. 7,2 : 0,6= 9. 2,5 : 0,5 = 12. 0,36 : 12 =
Жауабы:

№1427 Бөліндіні табыңдар:
1. 0,45 : 0,3 = 4. 2,66 : 3,8 = 7. 9,02 : 5,5 =
2. 1,41 : 0,15 = 5. 0,385 : 0,77 = 8. 1 : 1,25 =
3. 13,125 : 1,5 = 6. 1,064 : 0,14 = 9. 46 : 0,4 =
Жауабы: 1. 1,5; 2. 9,4; 3. 8,75; 4. 0,7; 5. 0,5; 6. 7,6; 7. 1,64; 8. 0,8; 9.115
№1428 Бөліндіні табыңдар:
1. 14,82 : 1,56 = 4. 0,355 : 0,71 = 7. 0,73 : 0,1 =
2. 11,034 : 1,8 = 5. 7,85 : 1,7 = 8. 3,5 : 0,01 =
3. 0,882 : 0,2 = 6. 8,65 : 3,46 = 9. 7,389 : 0,01 =
Жауабы: 1. 9,5; 2. 6,13; 3. 4,41; 4. 0,5; 5. 4,6; 6. 2,5; 7. 7,3; 8. 350; 9. 738,9

№ 1429
1. 1,68 : 0,8 = 4. 1,64 : 0,41 = 7. 60,75 : 0,9 =
2. 2,08 : 0,05 = 5. 0,29 : 0,05 = 8.0,016 : 0,08 =
3. 86,1 : 0,41 = 6. 20,3 : 1,45 = 9. 2,244 : 5,61 =
Жауабы: 1. 2,1; 2. 41,6; 3. 210; 4. 4; 5. 5,8; 6. 14; 7. 67,5; 8. 0,2; 9. 0,4
V. Өзіндік жұмыс.
6, 944 : 3,2 Л
0,0456 : 3,8 Е
0,182 : 1,3 Й
131, 67 : 5,7 Б
6,36 : 0,12 Н
14,976 : 0,72 И
24, 48 : 4,8 Ц


Лейбниц туралы тарихы анықтама.

VI. Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады

VII. Үй тапсырмасы

Ондық бөлшекке бөлу ережесін қайталау. № 1430; № 1431; № 1432 Тәрбие.орг сайтынан Ондық бөлшекке бөлу Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Есниязова Сымбат

Атырау облысы Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектеп Математика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar