ОНДЫҚ БӨЛШЕКТЕРДІ БӨЛУ

  • Жүктеулер: 13
  • Көрсетілім: 652
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 14/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20027


Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді бөлу. (Білім шыңына саяхат)
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Ондық бөлшектерді бөлуге есептер шығара білу, ондық бөлшектер туралы қосымша ғылыми мағлұматтар беру, оқушылар білімдерін байқау.
ә) дамытушылығы: Логикалық пайымдауды жетілдіру, білім сапасын арттыру, білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару іскерліктерін дамыту, алған білімді практикада орынды қолдана білуге үйрету.
б) тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылықтарын арттыру, көпшіл және зерек болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Ақпарат хабарын жүргізу, математикалық шолу, танымдық ойын, деңгейлік тапсырмалар, есептер шығару, ауызша тексеріс, блок-схемамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, тірек-сигналдар, бағалау парағы, сайыс кезеңін бейнелейтін сурет.
Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру
2. Ақпарат хабарын жүргізу.
Сөйлеп тұрған «Математика тарихы» телекомпаниясы.
- Қайырлы күн!
- Сәлеметсіздер ме?
- Бүгінгі бағдарламамыз бойынша ондық бөлшектер тарихынан хабарлар береміз.
1-оқушы: Бөлшектер шамаларды өлшеу қажеттілігінен туған.
2-оқушы: Орта Азияның Самарқан қаласында Ақсақ Темірдің немересі, әйгілі астроном Ұлықбек салдырған обсерваторияда XV ғасырдың 20-жылдарында сол заманның ірі ғалымы болып танылған Ғияседдин Жәмшид Әл-Кәши жұмыс істеді. Ол алғаш рет ондық бөлшектер туралы ілімді баяндады.
3-оқушы: Әл-Кәшиден кейін шамамен 150 жылдай уақыт өткенде Европада ондық бөлшектер туралы ілімді Нидерланд математигі Симон Стевин тұңғыш рет баяндады. Ол 1585 жылы ондық бөлшектер туралы «Ондық» деп аталатын кітапша жазады.

4-оқушы: XVII ғасырдың бас кезінде ондық бөлшектер ғылыми мен практикаға жеделдете ене бастады. Үтірді айырғыш таңба ретінде қолдануды атақты ағылшын ғалымы Джон Непер 1616-1617 жылдары ұсынған болатын.
3. Оқушылық деңгей: Балалар, бүгін біз «Білім шыңына» сапарға шықпақпыз. Саяхатқа аттанбас бұрын алдымен жолға керек-жарағымызды қамдап алайық. Керек-жарағымыз тақтада тұр. (ауызша сұрақтар мен есептерді шешу.)
1. Ондық бөлшекті натурал санға қалай бөлеміз?
2. Ондық бөлшекке бөлу ережесін айт.
3. Егер бөлінгіштегі ондық таңбалар санынан кем болса, бөлуді қалай орындаймыз?
4. 1,2:6
5. 5,6:0,8
6. 5,5:0,05
:0,4 +0,9 *0,01



4. «Біліктілік» сайысы: (деңгейлік тапсырма)
Балалар, біз кедергіге тап болдық. Табиғат сыншы деген сөз бар ғой. Дауыл соғып, жел тұра бастады. Осы кедергіден өту үшін «Біліктілік» кезеңінің тапсырмаларына жауап берелік.
Сол жақтағы 20: Есепте: 1,68:0,8
Ортадағы 20: Мынадай шаманы есептеп шығар: 0,1-і 6 кг;
Оң жақтағы 20: а-ны 6,3-ке бөлгендегі бөлінді мен в-ның 2,4-ке көбейтіндісінің айырмасын;
Сол жақтағы 30: Есепте: 8,96:0,16
Ортадағы 30: Бағбан жинағанжүзімін екі жәшікке салды. Бірінші жәшіктегі жүзім 8,4 кг, ал екінші жәшіктегі жүзім одан 1,2 есе кем. Екі жәшікте неше кг жүзім бар?
Оң жақтағы 30: Өрнекті жазып, мәнін тап. 6,4 пен 2 санының көбейтіндісін 4,8 бен 1,6-ның айырмасына бөліңдер.
Сол жақтағы 40: Жанды сұрақ.
Ортадағы 40: Өрнектің мәнін тиімді тәсілмен табыңдар.
4,2*0,5
1,5*0,7
Оң жақтағы 40: Логикалық есеп.
Бір үйде әкесі баласымен, атасы немересімен отыр. Осы үйде неше жан отыр?
5. «Сергіту» сәті (іс қимылмен «математика» сөзін жазу.)
Балалар, біз тағы бір кедергіге тап болып отырмыз. Тұман түсіп, күн бұлттанды. Жаңбыр жаумай тұрғанда бұл кедергіден өту үшін, оқулықтағы №793 есепті шығарайық.
6. «Алғырлық кілті» (Оқулықпен жұмыс)
№793
1. 48:0,75+5,5:0,064
2. 9:0,45-0,156:0,12
3. 5,5:0,64-0,156:0,12
4. 0,7:0,004-0,1:0,625
7. «Шешуші сәт» (Тест тапсырмалары)

1. 0,73:0,1
а. 73 б. 7,3 с. 0,73 д. 0,073
2. х-пен 4,2 сандарының қосындысының у пен 7,5 сандарының айырмасына бөліндісін өрнекпен жаз.
а. у-7,5 б. х-у с. х+4,2 д. у+4,2
х+4,2 7,5+4,2 у-7,5 х-7,5

a. Есепте: 0,24:0,01
а. 2,4 б. 240 с. 0,24 д. 24
4. Тіктөртбұрыштың ауданы 17,94 м2, ені 2,3 м. Тіктөртбұрыштың ұзындығын табыңдар.
а. 41,26 м б. 7,8 м с. 20,24 м д. 40,28 м
5. 0,2-і 72 кг
а. 36 кг б. 0,36 кг с. 360 кг д. 3,6 кг
Біз көптеген кедергілерден өтіп, мінекей қазір «Білім шыңында» тұрмыз.
Сабақты бекіту:
Қорытынды.
Бағалау. Римдік шешен және жазушы Цицерон бір сөзінде «Бөлшекті білмейінше, арифметиканы білемін деп ешкімде айта алмайды!» - деген екен. Бұл жерде ғасырдағы көне славян қолжазбасы авторының мына сөзін еске ала кеткен жөн. «Бүтіндей есептей алатын адамды ескеруге тұрады десек те, бөлшектерді жетік білетін оқушыларды бағалайық». (бағалау парағы бойынша). Бүгінгі саяхаттан алған әсерлеріңді смайлик арқылы көрсетейік.
Үйге тапсырма: №795, 797 Тәрбие.орг сайтынан ОНДЫҚ БӨЛШЕКТЕРДІ БӨЛУ Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: ҚОҢЫРШИЕВА АСИЯ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МАХАМБЕТ АУДАНЫ Д.ТӨЛЕНОВ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Пікірлер: 0

avatar