Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ондық бөлшектерді қосу
  • 09.11.2016
  • 128 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19950

Сәрсенова Мәншүк Төлеубайқызы
№37 негізгі мектебі, Ақмола облысы, Шұбар ауылы
Сабақ жоспары Уақыты:14.00-14.45
Пән: Математика Сыныбы: 5
Сабақтың атауы Ондық бөлшектерді қосу.
Жалпы мақсаты
Білімділік: Ондық бөлшектерді қосу алгоритмін айта білуге үйрету және оны ондық бөлшектерді қосуда пайдалана білуге;
Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өзара көмегін қалыптастыра отырып, жауапкершілікке дағдыландыру, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу;
Дамытушылық: Тез ойлауға дағдыландыру, өз жетістігін бағалай білуге үйрету.
Міндеттер:
Оқытуды жаңаша ұйымдастыра отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда әдіс тәсілдердің маңызы ерекше екендігіне көз жеткізу.
Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру.
Жай бөлшек тақырыбы бойынша алған білімдерін өз жұмыстарында қолданады. Сыни тұрғысынан ойлауға байланысты өз ойын тиянақтайды, салыстырады, талдау жасайды, топта қорытынды шығарады.
Сабақта туындаған негізгі идеялар Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.

Күтілетін нәтиже Адалдыққа, достыққа баулу, жаңа білімді дұрыс меңгеру, есеп шығару барысында қолдану, топта жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуы
Ой өрісін дамыту
Қызығушылығын арттыру
Жаңа білімді қалыптастыру
Ойын еркін жеткізу, өз ісіне талдау жасай алуы
Тапсырмалар

Деңгейлік тапсырмалар (жас ерекшеліктеріне байланысты),үлестірме картшкалар (кеспе қағаздар),
Қолданылған әдістер Диалогты оқыту, сын тұрғысы стратегиялары.
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу (тренинг) 1мин
СТО сұрақтары Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сәлеметсіңдер ме? Барлықтарымыздың бүгінгі көңіл-күйлеріміз жақсы ма? (шаттық шеңберін құру)
Алдымен барлығымыз топқа бөлініп алайық. Бүгінгі өтілетін тақырыпқа байланысты әртүрлі суреттермен оқушыларды топтастыру (сандар, фигуралар) суреттерді топтастырып оқушылар орындарына отырады.
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар? -оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу
1. Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау. (Өтілген тақырыптарды қайталау).
а)Кластер құру(бөлшек) сөзіне
ә)БББ кестесін толтыру.
б)Семантикалық карта (карточкамен жұмыс).
Атауы 6,7 0,628 0,62 10,83 9,2 45,8 5,317 99,13
Ондық
Жүздік
Мыңдық

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?
-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады? -әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету
Сызба бойынша ойларыңды ортаға салыңдар.

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсе-не қатыстыру
-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)
-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

Толғаныс (рефлексия)
-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру Мысалы: 4,21 және 5,47 ондық сандарының қосындысын табайық. Ол үшін ондық санды аралас сан түріне келтіріп, аралас сандарды қосу жолымен шығарамыз.
4,21 + 5,47 = 4 + 5 = 9 = 9,68

4,21
+
5,47
9,68
Ондық бөлшектерді қосу үшін:
1) ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай (үтірдің астына үтір келетіндей) етіп баған түрінде жазу керек;
2) разрядтар бойынша қосу керек;
3) қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірлердің астына қою керек.
1 тапсырма. №951. Ондық бөлшектерді қосыңдар (ауызша)
2 тапсырма. №952. Ондық бөлшектерді қосыңдар(тақтамен жұмыс)
3 тапсырма. №953. Ең тиімді тәсілмен есептеңдер (топпен)
І топ ІІ топ
(4+1,8)+2,2= 8,3+(2,7+8)=
1,6+(5+3,4)= (46,3+18)+4,7=
2,3+(4,7+3)= (5,1+7)+0,9=
4 тапсырма. Топпық жұмыс. (Шатастырылған логикалық баулар)
1) 9,1+0,4= 9,595
2) 91,08+7,21= 29,588
3) 19,2+3= 9,5
4) 0,425+9,17= 98,29
5) 21,456+8,132= 22,2
дұрыс жауабын табыңдар
ІІІ. Ой қорытынды
Бүгінгі тақырыбымыз бойынша ойға не түйдік?
Ондық бөлшектерді қалай қосамыз?/5мин/
(Оқушылардың ойын сұрап, топпен ақылдасып өз ойларын айтады)
БББ кестені аяқтап толтырады.
Бағалау (түрлері)
-оқушының өзін-өзі бағалауы
-топтың өзін-өзі бағалауы
-мұғалімнің бағалауы
-жалпы бағалау
-критерийлер арқылы бағалау Бағалау: /3мин/ Топ басшысы бағалайды, жиынтық бағаланады Үйге тапсырма № 956 (1-4)
Қосымша: Дарынды оқушыларға озық деңгейдегі тапсырмалар беру

Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім Тәрбие.орг сайтынан Ондық бөлшектерді қосу Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сәрсенова Мәншүк Төлеубайқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Математикадан ашық сабақтар, Ондық, қосу, бөлшектерді
Көрсетілім: 128 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar