Қосу және азайту

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 255
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 23/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20668


3 – сынып. Математика.
Сабақтың тақырыбы: «Қосу және азайту» қайталау.
Сабақтың мақсаты: Үш таңбалы сандарды жазбаша қосып, азайтуға байланысты есептерді шығарту.
Сабақтың міндеттері:
- Сандарды баған түрінде жазып, алгоритм амалдарын дұрыс үйрету.
- Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
- Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекіліктер, сұрақ-жауап, проблемалық жағдаят тудыру.
Көрнекілік: Стикерлер, смайликтер т.б.
Сабақтың барысы:
Кезеңі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Ұйымдас-тыру кезеңі. Қане достым тексерші,
Дайынсың ба, сабаққа?
Орнында ма, бүтін бе,
Дәптер, қалам, кітаптар?
Тұр ма сызғыш алдыңда,
Қолыңда ма қарындаш?
-Балалар көңіл күйлерің қалай? Жақсы болса мен 1,2,3 дегенде бәріміз бірге қол шапалақтайық. Оқушылар көңіл-күйлерін білдіру үшін қол шапалақтайды.
2. Үй тапсырмасын тексеру. 108 бет №5. Ауызша тексеру. 380 см = 3 м 80 см
60 дм = 6 м
8 м 3 см = 803 см
4 м 8 дм = 480 см
630 см = 6 м 3 дм
5 м 3 дм 6 см = 536 см
3. Өткен тақырыпты пысықтау жаттығулары. Математикалық диктант:
-5 ті 3 есе арттыр;
- 72 мен 8-дің бөліндісінің мәні;
-бөлінгіш 320 бөлгіш 80, бөліндінің мәні нешеге тең?
- 30 бен 120-ның қосындысын 10-ға бөл;
-4-тен 8 есе артық санды тап
16 мен 29-дың қосындысын 5-ке бөл;
-Жартысы 19-ға тең санды тап; 5·3=15
72:8=9
320:80=4
(30+120) :10=15
4·8=32
(16+29):5=9
19+19=38
4. Жаңа сабақ. Қайталау сабағы болғандықтан сандарды қосу және азайту ережелерін оқушылардың естеріне түсіру:
249+376 625-376
Осы сандарды баған түрінде жазып, амалдарды мына алгоритм бойынша орындау:
... жазамын,
... қосамын (азайтамын)
... қосамын (азайтамын)
... қосамын (азайтамын)
жауапты оқимын ... .

5. Сергіту сәті Мұғалім айтып, көрсетіп тұрады:
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Оқушылар мұғалімнен қайталайды:
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
6. Жаттығулар орындау. 108 бет №2, 109 бет №3,5

№2. Мұғалім өзі көрсетіп, оқушыларға түсіндіріп шығады.
№3. Оқи отырып, өрнекті құру керек. Тақтаға кезекпен екі оқушы шығады.
№5. Сөз есепті оқушыларға түсіндіре отырып, шешуін өздеріне тапқызу.
Кері есеп бұрын өтілгендіктен, оқушылар ең алдымен өздері шығарып көреді. Содан соң тақтаға түсіндіре отырып жазылады. №3.
а) (783 – 248) – 535 = 0
ә) (а – 367) + 425; а = 367; 592.
(367 – 367) + 425 = 425
(592 – 367) + 425 = 650
№5.
Қызылша – 145 (т)
Қияр - ? 278 (т) артық
Қызанақ - ? 157 (т) кем
145 + 278 = 423 (қияр)
423 – 157 = 266 (қызанақ)
Ж: Жылыжайға 266 қызанақ көшеті отырғызылды.
Кері есеп
Қызанақ – 266 (т)
Қияр - ? 157 (т) артық
Қызылша - ? 278 (т) кем
266 + 157 = 423 (қияр)
423 – 278 = 145 (қызылша)
Ж: Жылыжайға 145 қызылша көшеті отырғызылды.
7. Өзіндік жұмыс. 109бет №4 есепті 3 қатарға бөліп беру, №7есеп барлығына.

№4. Теңдеуді шешу.
№7. Геометриялық есеп. Өтілген, әрі оңай есеп болғандықтан оқушылар өздері шығарады.

№7.
4 – 1 = 3 см
S = 3 · 3 = 9 см
P = 3 + 3 + 3 + 3 = 12 см №4.
х + 324 = 892
х = 892 – 324
х = 568
568 + 324 = 892
892 = 892


х - 324 = 468
х = 468 + 324
х = 792
792 - 324 = 468
468 = 468

892 - х = 468
х = 892 - 468
х = 424
892 - 424 = 468
468 = 468
8. Қосымша жұмыс. Кенеттен сұрау 109 бет №6 есеп. а) 3 · 5 = 15
ә) 6 : 2 = 3
б) 40 : 5 = 8
в) 6 : 3 = 2
г) 48 : 6 = 8
9. Қорытынды. INSERT жүйесі бойынша балалардың стикерлерге өз ойларын жазып беруі:
Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?

10. Үйге тапсырма. 109 бет.№8 а); ә);
11. Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Қосу және азайту Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қамбарова Салтанат Анарбекқызы

Теміртау көпсалалы "Мирас" колледжжі НО-2014-1 тобының студенті

Пікірлер: 0

avatar