ПАРАЛЛЕЛЬ ТҮЗУЛЕР

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 234
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 20/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23540


Тақырыбы Параллель түзулер
Сілтеме Геометрия 7- сынып, слайдтар,Е-кітапхана №1528,электронды оқулық
Жалпы мақсаты 1. Түзулердің параллельдігін, екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болатын бұрыштар туралы білімдерін кеңейту.
2. Түзулердің параллельдігін, екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болатын бұрыштарды есептей білу
3. Түзулердің параллельдігіне берілген есептерді шығарып білуге дағдыландыру
Міндеттер
Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Күнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырата білу
Мұғалім үшін оқу нәтижелері Оқуға бағыт-бағдар беру;
Топта жұмыс істеу арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;
Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау
Әдіс- тәсілдер Жұпта жұмыс істеу, сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі бағалау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, қорыту, деңгейлеп саралап оқыту
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі тақырыпқа сай слайдтар, видеокамера, үлестірме парақтар, бағалау парағы, Е-кітапхана №1555-1,2,3,1, электрондық оқулық
Күтілетін нәтиже Формулаларды есептеу жұмыстарында пайдалануды үйренеді;
Күнделікті қоршаған ортадан мысалдар келтіреді және мәндерін ажырата білуге дағдыланады
Дарынды,үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс: Бошанбеков Б,Тұрсынбек К,Абдыкасым Ш


Дарынды оқушымен жұмыс: Ерғалиев А,Есенбаева К
Сурет бойынша параллель және параллель емес түзулерді жаз


Сабақ кезеңдері
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті бағалау
Сабақтың басталуын ұйымдастыру
5 мин Психологиялық көңіл-күйді реттеу. Мақсаты: жағымды эмоция орнату. Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар. Оқушыларды ң сабақққа қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.
Оқушылар сәлемдеседі
Оқушылар тақтада орындайды Жақсы, жарайсыңдар
БІЛУ
Қажетті өткен тақырыпты қайталау

5 мин §7 .№90 №92

Үй тапсырмасына берілген тапсырманы айтады. Топтағы оқушылар бір-бірінің дәптерлеріндегі үй жұмысын тексеріп бір-бірлеріне баға қояды Үй-жұмысын тексеру. §17.Шеңберге жанама және оның қасиеттері. Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы.№244-2,4 №242
Оқушылар мұғалімнің қойылған сұрақтарына жауап беріп сабақ тақырыбын,мақсатын ашады.
Түсіну.
10 мин Е-кітапхана №1555 есепті шығару жолдарын тыңдайды
Бір жазықтықта жатқан және ортақ нүктесі болмайтын түзулер параллель түзулер д.а.
Жазықтықта берілген түзудің бойында жатпайтын нүкте арқылы берілген түзуге параллель тек бір ғана түзу өтеді.Бұл параллельдік аксиомасы д.а.
Теорема,1.
Егер қандайда бір түзу параллель екі түзудің біреуіе қиып өтсе,онда ол екіншісін де қиып өтеді.
Теореманы кері жору арқылы дәлелдеу төмендегіше:
1.теореманың қорытындысына кері жору жасаймыз,қорытындыға пікір қате деп ұйғарамыз
2. осы ұйғарымды талдаймыз
3. талдай келе аксиомаға не дәлелденілген теоремаға қайшы келетін қорытындыға келеміз
4. осы қайшылыққа сүйене отырып,кері жорудың дұрыс емес екенін дәлелдейміз. Оқушылар түсінбеген сұрақтары болса қояды. Бесбұрыш,төртбұрыш,үшбұрышпен бағалау
Қолдану
Е-кітапхана №1528 -4
10 мин
Әр топтан жауап береді.Топпен бірігіп жұмыс жасайды.топтар бір-біріне көмектеседі.Тақатаға оқушы шығып есепті орындайды. Жарайсыңдар!
Смайликтермен,бесбұрышш төртбұрышш үшбұрышпен бағалау
Талдау 5 мин
Оқушылар мәтінмен танысып теңдеу құру арқылы тақтада орындайды Жарайсыңдар!
Смайликтермен,бесбұрышш төртбұрышш үшбұрышпен бағаау
Жинақтау
E-Learning.
№1528 5 мин
Оқушы компьютерде E-Learning кітапханасынан. №1528 есепті орындайды
Жарайсыңдар!
Смайликтермен қошеметтеу
Бағалау 3 мин
Рефлексия 2 мин Оқушылардың жауап беру бойынша білімдерін бағалау
Үйге: §7 .№94 №96 Тәрбие.орг сайтынан ПАРАЛЛЕЛЬ ТҮЗУЛЕР Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нуртазина Сулушаш Кобеновна

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Алтайбаев негізгі орта мектебі Математика және информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar