Пиктограмма

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 103
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 10/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23302


Пән: математика
Бағдарламаға сілтеме «Тағам және сусын»
4.1 Математикалық тіл және математикалық модель №69 мектеп/ гимназия

Тақырып: ЖиынЛогика
Пиктограмма

1 сынып ІV тоқсан Мұғалім: Нурлыбаева Гүлдана Қуандыққызы
Оқу мақсаты
1.5.2.5 деректерді жинау, кестелерді, пиктограммаларды күнделікті материалдардың көмегімен жүйелеу, құру.
Бағалау
критерийлері -Пиктограмма ұғымының мағынасын түсінеді;
-Деректерді жинақтайды, жүйелейді;
-Берілген/жинақталған деректерді пиктограмма түрінде көрсетеді;

Ойлау дағдыларының деңгейі Білу, түсіну, қолдану
Тілдік мақсат Тірек сөздер: пиктограмма
Алдыңғы сабақта
Сабақтың барысы
Белгіленген уақыт Жоспарланған жаттығулар Дереккөздер
Сабақтың басы
2 минут

7 минут

Сабақтың ортасы
5 минут

15 минут

3 минут

5 минут Сабақта жағымды көңіл-күй тудыру үшін амандасудан бастау.
Мен кімді атаймын, сол балалар ғана қолдарын бұлғайды.
Сәлеметсіңдер ме оқушылар!
Здравствуйте мальчики!
Неllо girls!
Қайырлы күн алманы жақсы көретіндер!
Қайырлы таң бүгін cүт ішіп келгендер!
Қайырлы күн шырын ішіп келген балалар!
Қайырлы таң кәмпитті жақсы көретіндер!
Қайырлы таң чипсиді жақсы көретін балалар!
Неге қолдарын бұлғаған балалар аз болды?
Ендеше балалар пайдалы тағамды ғана жеп денсаулығымызды күтейік.
Назарларын сабаққа аудару.
(Ұ) Сүйікті жемістер .
-Балалар, алдарыңда не көріп тұрсыңдар?
-Ендеше маған жемістерді реттеуге көмектесіңдерші. /бір оқушыны шығарып жиынтықтағы заттарды топтап жинап алып ,бағанға орналастыру.
Оқушылардың парақта пиктограммаларды бейнеленгенін айту.
-Пиктограмма. / сабақтың мақсатымен таныстыру/

Бағалау критерийі:
-Пиктограмма ұғымының мағынасын түсінеді;
-Деректерді жинақтайды, жүйелейді;
-Берілген/жинақталған деректерді пиктограмма түрінде көрсетеді;
Оқулықтағы ережемен таныстыру.
Пиктограмма – бұл белгі немесе бір нәрсені шартты бейнелеуде қолданылатын шағын кескін. Пиктограмманы адамдар жазу болмаған кезде қолданған. .Пиктограмаларды қазіргі заманда қолдану мысалдары: жол белгілері, картадағы шартты белгілер, ауа райының шартты белгілері және т.с.с. Мәліметтер жиынын көрсету үшін, пиктограмманы қолдану өте ыңғайлы.
/оқушылардан пиктограммаларды қай жерлерден көргенін сұрау/
Ж.Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы оқып шығуды ұсыну. Неше оқушының алма шырынын, нешеуінің – апельсинді, нешеуінің – шиені жақсы көретінін жұпта талқылауын сұраймын. Есептің сұрақтарына жауап беру үшін, нені білу керектігін айтқызамын. (алма, апельсин және шие шырындарын жақсы көретін оқушылардың барлығының саны.) Оқушыларға осы санды табуды ұсыну. (кейбіреулері пиктограммадағы элементтерді тізбектеп санайды, кейбіреулері қосу амалын қолданады.).
Оқушылар тапсырманы орындап,дискриптор бойынша бір-бірін бағалайды.





алма шырыны апельсин
шырыны шие шырыны қызанақ
шырыны
Барлығы: 20 оқушы бар. Неше оқушы қызанақ шырынын жақсы көреді?
Орындап болғаннан кейін жауабын тақтаға ілу .
Жауабы: Сыныпта 5 оқушы шие шырынын жақсы көреді.
Бағалау: оқушылар жұпта бір-бірін бағалайды.
Дескриптор - Мәліметтерді пиктограмма түрінде көрсетеді;
-Есептің сұрағына дұрыс жауап береді;

Т.
1-топ. . Көкөністердің муляждары жиынтығын (көкөністердің бір-бірден болуы міндетті емес ).
2- топ . Мектеп құралдарырың жиынтығын (бірнеше кітап,қалам,дәптер, қарындаш, сызғыш)
3-топ. Ыдыс –аяқтар жиынтығы.
4-топ. Суретпен жұмыс.
5-топ. «Сізге қай тағам/сусын/ ұнайды? » / келген қонақтардан интервью алу ./құрт,ірімшік,бауырсақ,қымыз/
Осыдан кейін топтарға өз жұмыстарының нәтижелерін айтуды ұсыныңыз. Топ мүшелері мәліметтері жазылған парақпен шығып, айтып береді.
Әр топ өз жұмыстарының нәтижесін көрсетуі тиіс.
Бағалау: оқушылар дескрипторды пайдалана отырып,топтарды смайликпен бағалайды.
Дескриптор - деректерді жинақтайды /жүйелейді;
- заттардың пиктограммасын бейнелейді;
- әр бағанды таңбалап жазады;

Сергіті сәті
Экскурсия. Оқушылар пиктограммалары бар парақшаларды тауып, оны тақтаға өз топтарының нөмірі жазылған бағанға жапсыруы тиіс. Парақшалар саны көп топтың оқушылары жеңіске жетеді. Оқушылардан әр пиктограмма нені білдіретінін сұрау.

Ө.Таңғы ас. Шыққан нәтижелерімен алмасуды және сөйлемдерді толықтырып жазуды ұсыну.
Жауабы.4 жұмыртқа, 2 йогурт, 5 тәтті тоқаш, 3 бутерброд, 3 стақан шырын. Отбасы таңғы асқа бәрінен көп тәтті тоқаш жейді. Ең аз жейтіні – йогурт/тақтаға ілу/
Бағалау: оқушылар «Жетістік баспалдағы» бойынша өзін-өзі бағалайды.
Дескриптор - Сөйлемді толықтырып жазады;
-заттың пиктограммасын анықтайды ;


Себет, алмұрт,алма банан ,апельсин суреттері.

тапсырма жазылған парақ

• А3 парақтары;
• Натюрморт бейнеленген сурет
• көкөністер муляждар жиынтығы;
• тағамдар аты жазылған парақ;
• кітап,қалам,дәптер қарындаш, сызғыш
• ыдыс-аяқтар жиынтығы

Сынып қабырғаларында және жиһаздарда смайликтер, жол белгілері, күн, бұлт, саусақтар және т.с.с. бейнеленген суреттер

Тапсырма жазылған парақ

Рефлексия

3 минут – Пиктограмма деген не? Оларды қайда кездестіруге болады?
Сыныпта қанша терезе, есік, шкаф бар, сана. Нәтижені қағазға пиктограмма түрінде бейнелеп сал. Өз пиктограммаларыңды пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңдер: сыныпта не көп: терезе ме, шкаф па, әлде есік пе?
Бағалау парағымен жұмыс.

Кері байланыс.
-Енді,өз-өзімізді мадақтайық. Ол үшін от шашу жасайық.
-Осымен сабағымыз аяқталды. стикерлер.

Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?
Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?
Пәнаралық байланыстар
Жаратылыстану, көркем еңбек Тәрбие.орг сайтынан Пиктограмма Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нурлыбаева Гүлдана Қуандыққызы

Астана қаласы №69 мектеп-гимназия Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar