Пропорция.Пропорцияның негізгі қасиеті

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 204
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 24/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20686


Алматы облысы, Көксу ауданы, Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі Рахимова Молдір Қайнаровна
6 сынып Математика
Тақырыбы
14-сабақ Пропорция.Пропорцияның негізгі қасиеті
Мақсаты Пропорция.Пропорцияның негізгі қасиеті жайлы білімдерін тереңдету.
Күтілетін нәтиже Білімдерін тереңдете отырып есептер шығару арқылы білімдері тереңдейді

7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер Миға шабуыл,Салыстыру кестесі, Жиго,Эссе
Қолданылатын ресурстар Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Сабақ барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг Барлық оқушыны ортаға шығарып «Шаттық шеңбер» деген топ құрғызамын.. Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін.
Топқа бөлдіремін. Қалай отыратындығын түсіндіремін.
Сәлемдесу

Түгендеу
Топқа бөлу. Топқа бөлу үшін оқушыларды санатамын.
Яғни 1,2,3 3-топқа бөлінеді. Мұғаліммен сәлемдеседі.
Бір-біріне жылы сөздер айтады.

Сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады.
Оқушылар шеңбер болып тұрған бойда 1,2,3 деп санап топқа сандары арқылы бөлінеді.
Білу
Миға шабуыл

Кім жылдам
Интерактивті тақтаға «Қайталау–оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі,
Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.
Миға шабуыл әдісін пайдалану
1.Екі санның қатынасы дегеніз не?
2.Берілген қатынасқа кері қатынас қалай табылады?
3.Берілген қатынасқа тең қатынас табылады? Оқушылар интерактивті тақтадан кез-келген ұяшықты таңдайды да,топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.

Түсіну
Қатынас» Постермен өткен тақырыпты қорғау
Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту
Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап ортаға топтан оқушы шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды
Қолдану
Жигсо пайдалану
1 топ Қатынас
2 топ Пропорция
3 топ Пропорцияның негізгі қасиеттері Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйрету керек
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу
Топпен жұмыс жасау.
Талдау
Салыстыру кестесі Оқушыларға тақырыптарды салыстыру білімдерін талдату Әр топқа салыстыру парағы таратылады, сол арқылы салыстырады нәтижесін тақтаға шығып көрсетеді

Жинақтау
Кітапен жұмыс Топтарға жаңа тақырып бойынша Кітаппен жұмыс атқару үшін әр топқа кітаптағы тапсырмалармен жұмыс істеуді тапсыру, мағанасын талдау
1 топ №82 (1,3),№85 (1,2) №89
2 топ №82 (2,4), №85(3,4), №90
3 топ№83 , №8, №85 (5,6), №91
Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру. Кітаптағы тапсырмаларды топпен біргіп жұмыс істейді, талқылайды, зерттейді.
Бағалау
Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды
Рефлексия Екі жұлдыз , бір тілек
Стикерлерді толтыру
Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)
Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.
Үйге тапсырма 1.4 Пропорция №84,№86,№92 Тәрбие.орг сайтынан Пропорция.Пропорцияның негізгі қасиеті Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Рахимова Молдір Қайнаровна

Алматы облысы, Көксу ауданы, Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебі Математика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar