Рационал өрнектерді ықшамдау

  • Жүктеулер: 28
  • Көрсетілім: 560
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 09/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18558


Сабақтың тақырыбы: Рационал өрнектерді ықшамдау
1. Сабақтың мақсаты: Рационал өрнектерді ықшамдауға байланысты тапсырмалар орындау кезінде алгоримдерді қолдану
2. Сабақтың мазмұны: І – ІІ кезеңдік тапсырмалар (төменде оқушының
жұмыс дәптерінде және мұғалімге арналған жауаптар-кілтінде берілген)
3. Күтілетін нәтиже:
1 Өрнекті ықшамдау алгоритмін орындай алады
2. Формулалар мен дәреже қасиеттерін тиімді қолдана алады
4. Сабақтың әдіс-тәсілі:
І кезеңде – сұрақ- жауап;
ІІ кезеңде – а) оқулықпен өз бетімен іздену әдісі;
б) дискуссия;
в) практикада бекіту әдісі.
5. Сабақты өткізу формасы:
І кезеңде – фронтальды, жеке;
ІІ кезеңде – а) топтық;
б) фронтальды;
в) ұжымдық.
6. Ресурстар: жұмыс дәптері, бағалау парағы, оқулық, слайдтар
7. 7 модульдің қолданылуы: АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”,
“Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,
“Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Сабақтың өту барысы:
І кезең – а) ұйымдастыру;
б) «көпір тапсырмаларын» тексеру.
ІІ кезең– а) оқушылардың топта өз бетімен жұмыс дәптерінде берілген жетелеуші тапсырмаларға оқулықтан жауап іздеуі.
б) мұғалімнің көмегімен дискуссия жүргізу;
в) тақтамен, оқулықпен жеке жұмыс. Тәрбие.орг сайтынан Рационал өрнектерді ықшамдау Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Оңғарбаев Кендебай

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылы Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектебі математика пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar