Рационал сандарға амалдар қолдану

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 158
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 30/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20723


Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың рационал сандарға амалдар қолдану жөніндегі білімдерін тиянақтау, толықтыру және бағалау.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: оқушыларды ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа, жауапкершілікке, еңбек ете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: жеке жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа материалдар, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру;назарларын сабаққа аудару;
Психологиялық дайындық: - Кәнеки балалар, бүгін барлығымыз бір-бірімізге не тілейміз? (Оқушылар бірі-біріне тілек тілейді). Берілген фигуралар арқылы топтарға бөлінеді.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
1) Графикалық диктант. / сыныппен жұмыс/
а) Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең иә
ә) Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі - оң сан иә
б) Екі теріс санның қосындысы- теріс сан иә
в) Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі - теріс сан иә
г) Кез келген теріс сан нөлден үлкен жоқ
д) Оң санның модулі сол санның өзіне тең иә
е) Теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан иә
ж) Теріс санның модулі сол санның өзіне тең жоқ
з) Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі - оң сан иә
и) Кез келген теріс сан оң саннан үлкен жоқ Тәрбие.орг сайтынан Рационал сандарға амалдар қолдану Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қайназар Ұлпан Қазиқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік ауылы № 102 орта мектебі математика пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar