Өрнек 10-а

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 351
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 30/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22918


Пәннің аты: математика Күні: 11.04 Кабинет: №4 Уақыты: 8 50
Сабақтың атауы Өрнек 10-а
Мақсаты Қосу кестесін азайтудың сәйкес жағдайларында қолданып,10-а өрнегінің мәнін табуды үйрету.
Оқушылардың ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын арттыру.
Ойлауын, танымдық қабілетін, белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттыру.
Пайымдау жүргізу және қорытынды жасау білігін дамыту.

-Сабақта көңілді орта қалыптасады;
- Сыни ойлау дағдысы анықталады;
- Тыңдай отырып, ойын жеткізеді;
- Өзіндік көзқарасы жетіледі;
- Тұжырым жасауға дағдыланады;
Оқыту әдісі: топтық жұмыс, түсіндіру, ой қозғау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, оқулық, ойын түрлері.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу! Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Ой қозғау Жұмбақ шешу.1.Пеш үстінде 4 мысық
Пеш қасында 4 мысық
Айтшы сонда барлығы
Болады неше мысық?
2.Он қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз.
Кел санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы?
3.Суда алты қаз,
Төбеде төрт қаз
Барлығы сонда
Айтшы неше қаз?
4.Сегіз асықтың төртеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
Ойын «Эстафета» Сан құрамын анықтау
3 топқа 3 тапсырма беру.
1-топ Теңсіздіктерді жаз
2-топ Теңдіктерді жаз
3-топ Әріпті өрнектерді жаз Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану

Дәптермен жұмыс
№1 Кестені толтыр. Оқушылар өз беттерінше орындайды.
10-а, а-ның орнына қандай бір таңбалы сандарды қоюға болады?
№2 Жұптық жұмыс
а+1, а= 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9.
0+1=1
9+1=10
Қорытынды жасау: Санға 1-ді қосқанда келесі сан шығады.
Сергіту сәті (қимылмен)
№3. Есепті шығар
Қарағай-6
Қайың-4 ? ағаш

Шешуі: 6+4=10
Жауабы: барлығы 10 ағаш
Қайың мен қарағай жайлы қысқаша мәлімет беру.
СТ. Машинаның жолын анықтау. Ол үшін өрнектердің мәні табылады және қозғалыс бағыты алдыңғы өрнектің мәніне тәуелді және келесі өрнектің бірінші санын анықтайды.
Үйге тапсырма 4-есеп, 167-бет Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Смайликтермен бағалау Смайликтермен бағалайды.
Кері байланыс Бүгін біз не үйрендік? Стикерге жазып, жапсырады. Тәрбие.орг сайтынан Өрнек 10-а Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жумагамбетова Азима

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Абай атындағы орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar