Өрнектерді тепе-тең түрлендіру

  • Жүктеулер: 31
  • Көрсетілім: 1006
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 08/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18526


Сабақтың тақырыбы: Өрнектерді тепе-тең түрлендіру.

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып,
өрнектерді түрлендіру, ықшамдау, тақырып бойынша алған
білімдерін тереңдете түсу.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын деңгейлік
тапсырмалар орындату арқылы дамыту, шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік : Өз бетінше ізденуге, жауапкершілікке тәрбиелеу,
өз жетістігін бағалай білуге үйрету

Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы.
Көрнекілігі: компьютер, презентация, сандар (1-5ұпай) жазылған жетондар.

Сабақ барысы:
1) Үй тапсырмасы. «Формуланы білеміз бе?»
2) Карточкамен жұмыс. Сәйкестікті тап.
3) Кім жылдам? (Ауызша есеп.)
4) Математикалық диктант.
5) Қатесін тап.
6) Деңгейлік тапсырмалар.
7) Өзіндік жұмыс.
8) Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.

І. Үй тапсырмасы. Қандай қысқаша көбейту формуласын білесіңдер?
Оқушы тақтаға шығып формуланы жазып, ережесін айтып мысал келтіреді.
Оқушы жауаптары:
Екі өрнектің квадратының айырымы


Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты




Екі өрнектің кубының қосындысы және айырымы




Оқушылар әр тапсырманы орындағаннан кейін дұрыс орындағандарына байланысты жетондар (ұпай) беріледі. Сабақтың аяғында оқушылар ұпайлар саны бойынша бағаланады.


II . Карточкамен жұмыс.
Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып сәйкестікті көрсету.
Формула Формуланың жалғасы



ІІ. Ауызша есеп(қайталау).
Оқушылар ауызша , тез жауап беруі керек. Жауаптарына сәйкес оқушыларға 3,4,5 ұпайлық жетондар беріледі.
Есеп. Жауап:

III. Математикалық диктант.
Өрнек түрінде жазыңдар:
1) а мен 7 сандарының қосындысының квадраты.
2) в және 4 санының қосындысы мен айырмасының көбейтіндісі.
3) в және 5а сандарының айырымының квадраты.
4) 2х және 1 санының қосындысы мен айырымының көбейтіндісі.

ІV. Қатесін тап.
Оқушылар тақтадағы есептердің қатесін түзейді.



V. Деңгейлік тапсырмалар.
1-деңгей.

1) Көбейткіштерге жікте: 4а2-9в2
2) Көбейтінді түрінде жаз: у2-16
3) Өрнекті ықшамда: (2а2-3в)(3в+2а2)
2-деңгей.
1) Теңдеуді шеш: х2-81=0
2) Өрнекті ықшамда: (х+5)2-16
3-деңгей.
Өрнекті ықшамда: (3+х2)(3-х2)(9+х4)

VI. Өздік жұмыс
1-нұсқа 2- нұсқа
І. Көбейткішке жікте :

ІІ. Көпмүше түрінде жаз :



Өздік жұмысты аяқтағаннан кейін, оқушылар көршілерімен дәптерлерін ауыстырып тақтадағы дұрыс жауапқа қарап, тексереді. Өздері бір-бірін бағалайды.

VII. Сабақты қорытындылау.
Тұжырымды жалғастыр.
Екі өрнектің квадраттарының айырымы .....
Екі өрнектің қосындысының квадраты...
Екі өрнектің айырымының квадраты...
Екі өрнектің кубтарының айырымы...
Екі өрнектің қосындысының кубы...

VIII. Оқушыларды бағалау.
Оқушылар жинаған ұпайлары бойынша бағаланады.

IX. Үйге тапсырма. Қысқаша көбейту формулаларын, ережелерін жаттау. Тәрбие.орг сайтынан Өрнектерді тепе-тең түрлендіру Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нурханова Зульфия Турусбековна

ШҚО Ұлан ауданы Ақжолов атындағы негізгі мектеп математика және физика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar