Сандар тарихынан

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 453
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 29/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18884


Талғар ауданы Бесқайнар ауылы
№ 20 орта мектебі математика пәні мұғалімі Алимова.Г.А

Сандар тарихынан
Сан – өмір көрсеткіші, математиканың арқауы, келіссөз – келісімі, бітімсөз – берекесі, шешендіктің шеңбері.
Есепсіз – ел болмайсың,
Ел болмаса – сен болмайсың.
Айналаға көз салайық. Үрген жел, ашық аспан, жымыңдаған жұлдыз, айнадай жарқыраған көлдегі толқын, ұнатып киген киім, жеген тамақ, сәулесін шашқан күн, ұшқан құс, зәулім тау, қалың орман, иісі мүңкіген жусан, тобыққа түскен бұрым да, бастағы қалың шаш та, қиыршық құм да, математика заңына бағынады. Сұлулықтың сыры да математика.
Қай ғылымды алсақта, математиканы қолданады. Осыдан да бар ғылымның, өнердің атасы математика деуге болады. Өйткені заң, қағида, формула, сөз, ереже, атау – ақпарат тасымалдайды. Ал ақпарат цифрлар негізінде жазылады. Үнді халқының ойлап тапқан он цифрының кереметтігі осында. Қазіргі заманауи құралдарының бірі – электронды есептеу құралдары, информатика ғылымы математика ілімінің негізінде жасалып, бірте – бірте дамып отыр. Сіз есепшісіз бе, әлде нан пісірушісіз бе, немесе етікшісіз бе, жоқ музыкантсыз ба, тіпті, эколог, тарихшы, биолог, іскер, жоқ зергерсіз бе, бәрібір есепке соқпай өте алмайсыз. Керек десеңіз, шайға қант салу да, қолды үш шаю да, қарамайдан мата, май, қант, резинка алу да, күнделікті ішіп – жеп жүрген шұжық, сүт секілді тамақтарды даярлау, болмаса теңізден балық аулау бәрі, бәріде математика күші.
Математиканы оқу керек сол үшін – ақ,
Ойды орамды етеді, ақылды нақ.
Өмір, ғылым, табиғат заңдары математикаға тірелсе, математика тірегі – сан болса, сан туралы тарихи шегініс жасап, оқушылар мен студенттерді, жалпы көпшілікті, неге математикаға ықылас қоюға тәрбиелемейміз?! Біздіңше тәрбиенің бір – көзі салт – санада, рухани байлықта, өйткені біліп, бүгінгімен салыстырып, қортынды шығарып, болашаққа көз тастап, ісіңізді жоспарыны іске асырып, алға ұмтылдыруда. Алға ұмтылу –қозғалыс, реттілік, қатыс, заң мен ереже, дидактикалық қағида.
Егер тарихи шегініс жасайтын болсақ, санның алғашқысы – бүтін сан. Бүтін сандардың тылсым қасиеттері Пифагор, Евклид, Эротосфеннен бері зерттеліп келеді, олардың ашылмаған талай сыры бар.
О заманда, санның сиқырлы сырын білмеген кезде, әлемді сан басқарады деген. Қазіргі көзқарас бойынша, әлемді сан басқармайды, сан – әлем сырын білуге көмектесетін құрал, тірек, базис.
Математика сан – салалы ғылым. Сандар теориясы – оның бір саласы.
Мақалада қойылған тақырыпқа байланысты сандардың ғажайып сырларына қысқаша шолу жасайық.

Үшбұрышты сандар
Үшбұрышты сандардың орналасуы 1 – желіде көрсетілген:

1 3 6 10
Жалпы формуласы:
(1) , .
Тапсырма.
1. Желіні жалғастырып, k=5, 6, 7, 8, 9, 10 мәндерін есептеп тап.
2. Үшбұрыштағы сандардың формуласын жаз.

Шаршылы сандар
Бұл сандардың орналасуы 2- желіде көрсетілген (2 - желі):


1 4 9 16
2- желі
Жалпы формуласы:
(2) , .
Тапсырма.
1. Желіні k=5, 6, 7, 8 мәндері үшін жалғастыр.
2. Шаршылы сандардың формуласын жазып, дұрыстығын тексеріп көр.

Бесбұрышты сандар
Бұл сандардың орналасу тәртібі 3 – желіде көрсетілген (3 - желі):


3- желі

Жалпы формуласы:
(3)
Егер k=1 болса, онда
Егер k=2 болса, онда
Егер k=3 болса, онда
Желіде k=4 жағдайы көрсетілген.
Тапсырма.
1. k=5, 6, 7, 8 жағдайларының желісін бейнеле.
2. формуласын өзбетіңше дұрыстығын тексеріп көрші.

Алтыбұрышты сандар
Алтыбұрышты сандар төмендегідей орналасады (4- желі):

4 - желі
Жалпы формуласы:
(4) ,
Тапсырма.
1. k=4, 5, 6, жағдайларының желісін сызып берші.
2. Формуланы желіге қарап жазшы.
Көпбұрышты сандар
Жалпы формуласы:
(5)
Мұндағы:
n – сандардың орналасу тәртібін көрсететін көпбұрыш түрі;
n, .
Тапсырма.
n = 3, 4, 5, 6
k = 1, 2, 3, 4
жағдайларын, формула бойынша есептеп, жоғарғыдағы желілермен салыстырып, қортынды шығар. Тәрбие.орг сайтынан Сандар тарихынан Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алимова.Г.А

Талғар ауданы Бесқайнар ауылы № 20 орта мектебі математика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar