ТҮЗУ МЕН ЖАЗЫҚТЫҚ АРАСЫНДАҒЫ БҰРЫШ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 768
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 20/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23544


Материал тегін жариялап, сертификат алу

Тақырыбы Бекіту сабағы
Сілтеме Геометрия 10- сынып, слайд , электронды оқулық,Е-кітапхана №1729-1.2.3
Жалпы мақсаты Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың қасиеттерін есептер шығаруда қолдана білуге дағдыландыру.: Түзу мен жазықтық перпендикулярлығы ұғымын есептер шығаруда қолдана білуге дағдыландыру. Анықтамалар мен теоремаларды есептер шығаруда қолдана білуге дағдыландыру
Міндеттер
1 Екі жазықтықтың өзара орналасуы туралы теореманы үйрету
2. Теорема мен анықтамаларды есептер шығаруда тиімді қолдана білуге үйрету
3.Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Мұғалім үшін оқу нәтижелері Оқуға бағыт-бағдар беру;
Топта жұмыс істеу арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;
Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау
Әдіс- тәсілдер Жұпта жұмыс істеу, сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі бағалау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, қорыту, деңгейлеп саралап оқыту
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі тақырыпқа сай слайдтар, видеокамера, үлестірме парақтар, бағалау парағы,Е-кітапхана №1676-1, электрондық оқулық
Күтілетін нәтиже 1 Екі жазықтықтың өзара орналасуы туралы теореманы үйренеді
2. Теорема мен анықтамаларды есептер шығаруда тиімді қолдана біледі
3.Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
Дарынды,үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс:Есалы А,
Дарынды оқушымен жұмыс. Болат Қ,Нұралы Н

Сабақ кезеңдері
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті бағалау
Сабақтың басталуын ұйымдастыру
5 мин Психологиялық көңіл-күйді реттеу. Мақсаты: жағымды эмоция орнату. Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар. Оқушылардың сабақққа қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.
Оқушылар сәлемдеседі
Оқушылар тақтада орындайды Жақсы, жарайсыңдар
БІЛУ
Қажетті өткен тақырыпты қайталау

5 мин §8-14.№88-2
Үй тапсырмасына берілген тапсырманы айтады. Топтағы оқушылар бір-бірінің дәптерлеріндегі үй жұмысын тексеріп бір-бірлеріне баға қояды §8-14.№88-2
Оқушылар мұғалімнің қойылған сұрақтарына жауап беріп сабақ тақырыбын,мақсатын ашады.
Түсіну.
10 мин IІ. Қайталау.(еске түсіру)
Жазықтық пен оған параллель түзудің арақашықтығы деп түзудің кез келген нүктесінен жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың ұзындығын айтады.
Айқас түзулердің ортақ перпендикуляры деп осы түзулердің әрқайсысына перпендикуляр болатын, ұштары осы түзулерде жататын кесіндіні айтады.
Айқас түзулердің арақашықтығы деп олардың ортақ перпендикулярының ұзындығын айтады.
- Кез келген екі геометриялық фигуралардың арақашықтығы деп олардың ең жақын нүктелерінң арасындағы (ондай нүктелер бар болса) қашықтықты айтады.
Қиылысқан екі жазықтықтың арасындағы бұрыш деп сәйкес жарты жазықтықтардан құралған екіжақты бұрыштардың ең кішісін айтады.
- Параллель жазықтықтардың арасындағы бұрыш 00-қа тең.
Тік екіжақты бұрыш жасап қиылысатын екі жазықтықты перпендикуляр жазықтықтар деп атайды..
Теорема: Егер екі жазықтықтың бірі екіншісіне перпендикуляр түзу арқылы өтетін болса, онда мұндай жазықтықтар өзара перпендикуляр болады. Оқушылар түсінбеген сұрақтары болса қояды. Бесбұрыш,төртбұрыш,үшбұрышпен бағалау
Қолдану
10 мин ІІІ.Қайталау және фактілерді анализдеу.

Әр топтан жауап береді.Топпен бірігіп жұмыс жасайды.топтар бір-біріне көмектеседі.Тақатаға оқушы шығып есепті орындайды.
Жарайсыңдар!
Смайликтермен,бесбұрышш төртбұрышш үшбұрышпен бағалау
Талдау 5 мин ІV.Білімдерінің тереңдету жүйелігін қалыптастыру.
№2

Жарайсыңдар!
Смайликтермен,бесбұрышш төртбұрышш үшбұрышпен бағаау
Жинақтау
E-Learning.
№.1728-1,2,3 мин 1.Нүктеден жазықтыққа жүргізілген көлбеу дегеніміз не?
2.Көлбеудің проекциясы деп нені айтады?
3.Нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық деген не?
4.Тікбұрышты проекциялау деген не?
5.Үш перпендикуляр туралы теореманы тұжырымда
Төмендегі математикалық жазуды нақты әрі ықшам түрде тұжырымда.
Жарайсыңдар!
Смайликтермен қошеметтеу
Бағалау 3 мин
Рефлексия 2 мин Оқушылардың жауап беру бойынша білімдерін бағалау.Үйге.§8-14.№89-2 Тәрбие.орг сайтынан ТҮЗУ МЕН ЖАЗЫҚТЫҚ АРАСЫНДАҒЫ БҰРЫШ Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нуртазина Сулушаш Кобеновна

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Алтайбаев негізгі орта мектебі Математика және информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar