Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
„Таңбалы әр түрлі рационал сандары қосу “
  • 15.03.2016
  • 474 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 17935

Сабақтың тақырыбы: „Таңбалы әр түрлі рационал сандары қосу “
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушылардың таңбалары әр түрлі екі санды қосу тақырыбына есептер шығартып меңгерту.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуальдық қалыптастыру, математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Б) Тәрбиелік: Оқушыларды өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, еңбеккорлыққа, өз мүмкіндіктерге сенуге, үлкен жетістікке ұмытылуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақ әдісі: Танымдық ойын, тест, топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, сұрақ-жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа қағаз, сызғыш, сөз жазылған конверт, тірек-кестелер.
Пәнаралық байланыс: информатика, экономика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Сынып қатынасын, сынып оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
«Алғашқы қадам» (үй тапсырмасын тексеру)
«Ойлы болсаң, озып көр» (сұрақ-жауап, әр сұраққа 10 ұпай)
«Біліктілік сайысы» (әр топқа тапсырмалар беру)
«Білімің – ұшыр қанатың» (оқулықпен жұмыс)
«Сергіту сәті» (топтарға сөзжұмбақ, жұмбақтар, мақалдар беру)
«Шешуші сәт» (семантикалық карта мен сәйкестендіру тестісін беру, тест тапсырмалары)
Үйге тапсырма
Қорытындылау, мадақтау, бағалау.
Сайыс сабағымызды бастау үшін сынып оқушылары 2– топқа бөлінеді.
Олар: «Оң сандар», «Теріс сандар» топтары.
І бөлім «Алғашқы қадам»
(үй тапсырмасын орындап келген әр топ мүшесіне 10 ұпайдан беру)
№432, №440.
ІІ бөлім «Ойлы болсаң, озып көр» (сұрақ-жауап, әр сұрақ 10 ұпай)
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
Таңбалары әр түрлі сандарды қосу.
Кез келген санның 0-мен қосындысы.
Қарама-қарсы сандардың қосындысы.
Қарама-қарсы сандардың модульдері
Санның модулі.
ІІІ бөлім «Біліктілік сайысы»
(әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беру, 10 ұпай)
«Оң сандар» тобына кесте толтыру.
Алғашқы температура
Температура өзгеруі

+20С
-30С
+40С
-50С

-60С
-40С
-90С
-20С
-110С

-100С
-80С
-130С
-60С
-150С

-200С
-180С
-230С
-160С
-250С


«Теріс сандар» тобына «Топтастыру стратегиясы»
Натурал сандар
Қарама-қарсы сандар
Оң сандар
Сандардың түрлері
Бүтін сандар
Теріс сандар
Рационал сандар

«Қарама-қарсы сандар» тобына Венн диаграммасы
Рационал қосу,
азайту, көбейту,
бөлу, модуль,
координаталық
түзеуде кескіндеу
Натурал сандар қосу,
азайту, көбейту,
бөлу, модуль,
координаталық
түзуде кескіндеу

Бүтін

санды қосу, азайту, көбейту, бөлу, модуль, координаталық түзуде кескіндеу

ІV бөлім «Білімнің – ұшар қанатың»

(оқулықпен жұмыс, әр түрлі есепті топ өздері таңдайды)
30 ұпайлық есеп, №447
-8,3+5,6=-2,7 4) 0,56+(-0,89)=-0,33
-9,7+14,3=4,6 5) -9+0,9=8,7
-0,36+1,43=1,07 6) 6,17+(-8)=-1,83
40 ұпайлық есеп №448, №449
50 ұпайлық есеп
(-0,8)+(+0,5)+(0,75)+(+0,32)=(-0,8-0,75)+(0,5+0,32)=-1,55+0,82=-0,73
V бөлім «Серпіту сәті»
(әр топқа тест, сөзжұмбақ, мақал беріледі, әр дұрыс жауап 10 ұпай)
«Оң сандар» тобына «Рационал сан» сөзжұмбақ шешу.
Р а д у и с
А р а л а с
Ц и р к у л ь
к И л о м е т р
О н
Н а т у р а л
А з а й т у
б ө Л ш е к
т е р і С
м а с ш т А б
б ү т і Н
Тест тапсырмалары:
1. Өрнектің мәнін тап: (-0,4)3*(-0,5)2
+a) -0,016; b) 0,016; c) 4; d) -4.
2. Мәні 12-ге тең өрнекті таңдап ал:
a) -6:(-5); b) 36:(-3); +c) -0,48*(-25); d) 2,4*(-5).
3. Өрнектің мәнін тап: (6,3-3)/(-2)
a)1,65; +b) -1,65; c) 0; d) -1.
4. Теңдеуді шеш: 7(x+17) = 1,4
a)-15; b) 19; c) 17,2; +d) -16,8.
5.-15 мәнін қабылдайтын өрнекті таңдап ал:
a) -0,5*(-30); b) -13,5:(-0,9); c) 0,75*2; +d) 75:(-5).
Үйге тапсырма: №451, № 453. Оң және теріс сандарына есептер шығару.
Қорытынды: Сонымен, таңбалары әр түрлі сандарды, таңбалары бірдей сандарды,қосу, азайту, көбейту және бөлу үшін қандай ережелерді пайдаланамыз?

Бағалау
Р/С Оқушының аты жөні Бағасы Тәрбие.орг сайтынан „Таңбалы әр түрлі рационал сандары қосу “ Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кенжешова Ылипа

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 474 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar