Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Теңдеу. Өрнек: Теңсіздік
  • 23.12.2016
  • 107 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20656

Мұғалім: Оспанова Шара Ануарбековна
Тақырыбы: Теңдеу. Өрнек: Теңсіздік.
Мақсаты: Теңдеу құру, санды және әріпті өрнек құру оны оқуға үйрету; қосу мен азайту амалдарының орындалу тәртібінің ережесін қайталау; есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білуін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: түсіндіру, көрсету, өзіндік.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. № 5, 10. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру) 2. Сандарды жылдам оқу: 425, 325, 654, 963, 852, 147, 1000, 254, 369, 635, 245 , 123, 456, 789 т.с.с.
ІІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:
1. Балалар карточкаға 5 секунд қарап, жатқа математикалық символдарды ретімен жазып шығу керек.


2. Метрмен нені өлшейміз? 1 дм неше см бар? 1 м неше дм бар? 1 м неше см бар?
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.
№ 1 жаттығу. Топтау және оқу.
Өрнек; санды өрнек; әріпті өрнек; қосынды; айырма; теңдеу; теңдік; теңсіздік.
42 +35 а+2 6+с 72 > 50
Х + 30 = 90 78 – 64 65 + 30 = 95 5 – Х = 3
№ 2. Кестелерді толтыр: «Кім жылдам?» Жылдамдыққа есептеу. (3 топпен)

Қосылғыш 54 70
Қосылғыш 20 48
Қосындының мәні 90 96
Азайғыш 400 72
Азайтқыш 28 85
Айырманың мәні 60 170


(74,20,48) (372,12, 85)
Өздігінен орындау.
№ 3 Өрнек құрып, оның мәнін табу.
1) 600 және 350 сандарының қосындысынан 80- ді азайт; (600+350)-80 = 950-80= 870)
2) 326 және 89 сандарының айырмасын 257-ге арттыр. (326-89)+257= 237+257= 494)
№ 4. Берілген өрнектердің мәнін тап:
а+ 29, мұндағы с = 78,109,352;
( 78 + 29= 107 109 + 29 = 138 352 + 29 = 381)
320 – а, а = 30,160, 278
( 320 – 30 = 290 320 – 160 = 160 320 – 278 = 42)
Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару:
№ 7. (қысқаша шарты)
Балаларға журнал – 24 Шешуі: 64- (24+32) = 64 - 56 = 8
Үлкендерге журнал – 32 Жауабы: газет журналдардан 8-і артық.
Газет – 64, қанша артық
№ 8. (қысқаша шарты)

Шешуі: (20+46)-64= 66-64= 2

Жауабы: 2-ші сөреде 1-шіге сөреге қарағанда
2 оқулық артық.

ҮІ. Бекіту. Қосымша материал.
1 Салыстыру:
5 онд 2 бір*3 онд 5 бірл 4 онд 8 бірл * 48 бірл.
5 онд 7 бір * 6 онд 0 бірл 69 бірл * 6 онд 8 бірл.

2.50+20 * 70, 50+20 * 70-20, 70 * 50
40+ 10 * 50, 40+10 * 90-50 , 50 * 50
Шығармашылық тапсырма. № 9 кесінділер сызу.
Ү. Үйге тапсырма: № 6. 5- бет.
Бағалау Тәрбие.орг сайтынан Теңдеу. Өрнек: Теңсіздік Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Оспанова Шара Ануарбековна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Теңсіздік, Математикадан ашық сабақтар, Өрнек:, Теңдеу.
Көрсетілім: 107 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar