Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Теңдеу құрып шешуге арналған есептер
  • 29.07.2016
  • 487 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19299

Теңдеу құрып шешуге арналған есептер.

Cабақтың тақырыбы: Теңдеу құрып шешуге арналған есептер.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды мәтін бойынша теңдеу құра білуге, өз бетінше ізденуге, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға және блсенділігін, қызығушылығын, оқуға ынтасын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушылар белсенділігін арттыру, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету, білім сапасын арттырып пәнге деген қызығушылығын туғызу.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін, ізднімпаздықтарын дамыту.

Көрнекілігі: Слайд

Сабақтың түрі: Көңілді тапқыштар ойын- сайыс сабағы


Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі
2 Ойынды өткізуге бағыттама және оның мақсаты

3 Бапкерлер сайысы
4 Байқағыштық
5 Мықтылар сайысы
6 Шапшаңдық сайысы

7 Мақалды жалғастыр
8 Тапқырлық сайысы
9 Қорытындылау


Мұғалім: Балалар бүгін біз сіздермен «Көңілді тапқыштар» сайысын екі топқа бөлініп өткіземіз Төрешілер алқасын сайлау.

Төрешілер алқасы сайыстың шартымен таныстырады.

1.Сұраққа дұрыс жауап берген командаға 5 ұпай
2.Толық емес жауапқа 3 ұпай
3. Айталмаған топқа 0 ұпай
4. Тәртіп бұзған топтан 2 ұпай алынады


Сәлемдесу сайысы

«Даналар» тобы
Жарыс десе жанымыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

«Ойшылдар» тобы
Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашан да үміткерміз жеңіске.


Бапкерлер сайысы
Бапкерлер экрандағы текшелердің бетіндегі сұрақтарға жауап береді

Байқағыштық

Слайттарда көрсетілген суреттерге есептеу, орналастыру жұмыстарын жүргізу. .


Мықтылар сайысы

Әр топқа экранда теңдеу құруға берілген халық ауыз есептрінен ұсыну.

«100» торғай

Мектеп ауласында бір топ торғай отыр еді, басқа жақтан бір торғай ұшып келіп, отырған 100 торғай деп ойлап қалады. Сөйтсе ол жүз емес екен, осы топқа тағы сондай ,тағы оның жартысындай және сол жартының жартысын, өзін қосқанда ғана 100 болады екен.Мектеп ауласында неше торғай?

«100» қаз

Бір топ қаз ұшып келіп қонады, сол жерде бір қазбен кездеседі.Көп қаздың бастаушысы ассалаумалейкум жалғыз қаз дейді.Сонда жалғыз қаз: сіздер нешеусіздер?- дейді.Бастаушы қаз біз бір топ, тағы бір топ, оған жарты топты, жартының жартысын оған өзіңді қоссаң , бәріміз 100 боламыз. Өзің есептеп шығар дейді. Қаз нешеу?


«Төрт жиырма»
.
Баласы әкесіне- әке ,маған жұмбақ үйретші дейді. Сонда әкесі:- Сенің жасыңды үш есе көбейтсе , менің жасым шығады.Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса 20 қалады. Мен нешедемін, сен нешедесің?


«Ойлан тез»

Аулада қаздар мен қояндардың бастарының саны 24, ал аяқтары 66.Аулада неше қаз,неше қоян бар ?

«Қанша қой»

Шопанның 320 қойы су ішіп жатыр, ал қалғаны жайылып жүр.Жайылып жүргені су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей. Шопанда барлығы неше қой бар ?

Шапшаңдықтар сайысы

Оқушылар есеп шығарып жатқанда 2 топтан 2 оқушы келіп орындыққа отырады .Алдарында 0-ден 9-ға дейінгі сандар жазылған карточкалар жатыр.Көбйтіндіні екі санмен тез көрстуі керек.Мысалы: 5*9 тең 45 Кім бұрын көрсетеді ,сол шапшаң. Ойынды үш рет жалғастырады.


Мақалды жалғастыр

1. Білікті бірді-...
2 7-рет өлшеп-.....
3 Алыстан ...
4 Қызға ....

Тапқырлар сайысы

1. Столдың төрт бұрышы бар, егер бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады.?
2. Ұшақ Алматыға Қызылордадан 1сағат 20 минут ұшады,ал кері қарай 80 минут ұшады.Бұл қалай?
3. Түнгі сағат 12-де жаңбыр жауып тұрды.72 сағаттан кейін күн көруге болама?
4. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?
5. Қатар тұрған 3 санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сан? Тәрбие.орг сайтынан Теңдеу құрып шешуге арналған есептер Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Есханова Зауреш Амидуллаевна

ОҚО Қызылорда қаласы #11 жалпы орта мектебі Математика пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар | Логин: Зауреш_Есханова
Көрсетілім: 487 | Жүктеулер: 4
Барлық пікірлер: 0
avatar