Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Температура, күш, ұзындық тақырыптарын қайталау
  • 08.07.2016
  • 381 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19276

 

Сабақтың тақырыбы:

 

Температура, күш, ұзындық тақырыптарын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: шамаларды білу,құралдарды ажырату және құралмен өлшеу жұмыстарын жүргізу, шамаға қатысты формуланы тану және түрлендіре білу.

Дамытушылық:  оқушылардың алған білімін жаңғырту, жинақтау, қолдану

Тәрбиелік:  ынтымақтаса жұмыс жасау,өзгенің пікірімен санасу,ұстамдылық,сабырлыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Алған білімді жинақтайды.

Топта жұмыс жасай алады.

Негізгі идеялар:

  1. Формула мен шамаларды сәйкестендіру
  2. Құралды анықтау.Қандай шаманы өлшеуге арналғандығын білу.Сурет бойынша ақпарат беру
  3. Құралдың бөлік құнын анықтау
  4. Концептуалды картамен жұмыс жасау

Сабақтың көрнекілігі:

Өлшеуіш лента, динамометр, термометр

кеспелер, бағалау парағы, суреттер, стикерлер, жаңа сөздер, интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:

 

Мұғалімнің

 іс-әрекеті

 

Оқушылардың

іс-әрекеті

модульдер мен пайдаланған әдіс-тәсілдер

I.Ұйымдас

тыру кезеңі

 

 

а) оқушыларды қарым-қатынасқа психоло-гиялық дайындайды;

 

ә) оқушылар-дың сабаққа дайындығын тексеріп,

топқа бөлуді бастайды

Оқушылар  «Шаттық шеңберге» тұрып, бір-біріне тілектерін айтады, сабаққа дайындығын көрсетеді.

Оқушылар кеспе қағаздарындағы көрсетілген түрлі шамалар,

бірліктер,формулалар ғалымдарды тиісті құралға қатысына қарай 3 топқа бөлінеді

 

"Шаттық шеңбері"

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Шама дегеніміз не?

Скаляр және векторлық шамаларды ата және олардың айырмашылы-ғы неде?

 

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, үй жұмысын қалай орындағанын айтады

 

 

Сұрақ-жауап

IIІ.Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IҮ.Бекіту сұрақтары

Критерийі белгіленген бағалау парағын таратып, әр тапсырмадан соң өздерін бағалауды сұрайды.

3топқа да бірдей тапсырмалар беріледі:

1)Суретпен жұмыс.Сурет-ті шамамен байланыстыру тапсырмасын береді

 

 

2)Есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында сәйкестендіру тапсырмасын береді

 

3)Концептуалды кесемен жұмыс жасауды ұсынады

 

 

1)Физикалық құралдардың қажеттілігі неде? Өмірмен байланыстыр

2)Өздерің физикалық құрал жасай аласыңдар ма?

Бағалау парағына әрбір оқушы өзінің аты-жөнін жазып толтырады

 

 

1)Суреттер бойынша оқушылар өз ойларын айтып, шама туралы толық ақпарат береді. Шаманың

аудармасын үш тілде айтады (қазақ, орыс, ағылшын)

2) Формула мен шамаларды сәйкестендіреді

 

 

3) Әр түрлі планеталардағы еркін түсу үдеуіне қатысты есепті шығарады.Неліктен әр түрлі шама болатындығын түсіндіреді

1)Құралды атайды, шамамен байланыстырады.

Өмірмен байланыстырады

2)Ойында жүрген құралдың құрылысын айтады

 

 

 

 

 

 

 

Суреттерді

қолдану

 

 

 

 

 

 

 

АКТ қолдану

Ү. Бағалау

Әр оқушының бағалау парақшасымен жұмыс жасайды. Өзін-өзі бағалауын сұрайды. Неліктен өзіне осындай бағаға лайық екендігін сұрайды. Оқушылармен бірлесе отырып қорытынды баға қояды

 

Әр оқушы өзін бағалайды және топтағы жасаған жұмысын айтады

Бағалау парағы

ҮІ. Үй тапсырма-сы

«Физиканың техникалық бағыттағы жетістігі» атты презентация дайындап келу

 

Әр түрлі тапсырмаларды орындап, оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтады,  ой қорытындысын жасайды.

 

Рефлексия

 

 

 

 

 

        Бүгінгі сабағым негізінен 7-сынып материалын қайталау сабағы болатын. Сабақ нәтижелі болды деп есептеймін. Себебі, сыныптың кез келген оқушысы физикалық құралды таниды және қандай шаманы өлшеуге арналғанын біледі. Құрал туралы ақпарат бере алады, құралдың түрлерін атай алады және құралды пайдаланып өлшеу жұмыстарын жүргізе алады. Ал,50% құралдың бөлік құнын анықтай алады. Шамаға қатысты формуланы біледі.

                30% формуланы түрлендіре отырып берілген есепті шығара алады.

 

                       

 

          «С» оқушы                                                      топта ой бөлісу

 

 

        

 

    суретпен жұмыс жасау                            бағалау парағымен жұмыс

 

         

 

    Сәйкестендіру тапсырмасы                                   Рефлексия

 

 

 

Іс-әрекеттегі зерттеу, сынып оқушылары туралы менің білетінімнен де көп мәлмет алуыма көмегін тигізді. Айтар болсам, зерттелетін «С» оқушы физикадан 3(қанағаттанарлық) деген бағаға үлгеретін. Мен солай үлгереді деп сол бағаны қоятынмын. Ал бүгін, ол өзін-өзі 4(жақсы) деп бағалады. Неліктен сен  өзіңе 4 қойдың деп сұрағанымда, ол өзіне сенімді түрде: «Мен құралды танимын, қандай шаманы өлшеуге арналғанын білемін, шаманың скаляр немесе векторлық екендігін білемін және құралмен өлшеу жұмысын жасай аламын»-деді. Мен қатты таң қалдым. «Шамаға қатысты формуланы білесің бе?»-деп сұрадым. Ол: «Формуланы шатастырамын, түрлендіру барысында қиналамын»-деп жауап берді. Әрине, мен стандартқа сай бағалаймын, бірақ стандарт деп қақайып қалсақ, оқушының  пәнге қызығушылығы өшпей ме?!

Бүгінгі сабақтан соң, «осы уақытқа дейін талай оқушыны жоғалтып алған жоқпын ба?» - деген ой мазалаумен болды.

 

            

 

 

 

                       

                                                                              

 

Тәрбие.орг сайтынан Температура, күш, ұзындық тақырыптарын қайталау Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айпеисова Ботагоз Мухамедкалиевна

ОҚО Шымкент қаласы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар | Логин: Ұстаз
Көрсетілім: 381 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar