Трапеция

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 220
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 18/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21084


Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
Қорғантұз орта мектебі
Азамат Назымкул Құттығұлқызы
Геометрия 8-кл. Сабақтың тақырыбы: Трапеция
Сабақтың мақсаты:
A. Трапецияның анықтамасымен, түрлерімен, элементтерімен, қасиеттерімен таныстыру, элементтерін таба білу, есептерін шеше білуге үйрету;
B. Есептерді шешуде тиімді тәсілдерді таңдай білуін, ойлау қабілетін дамыту;
C. Нақтылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақта көрнекілігі: интербелсенді тақта
Сабақтың барысы:
• Ұйымдастыру:амандасу,сабаққа әзірліктерін байқау.
• Топқа бөлу-параллелограмм,тіктөртбұрыш,квадрат-суреттері және сөздер жазылған парақшаны сәйкестендіру арқылы .
• Ой қозғау. Төртбұрыштар анықтамаларын,қасиетін әр топ пысықтау
• Негізгі бөлім
• Деңгейлік тапсырмалар
• Графиктік диктант.
• Бағалау
• Үйге тапсырма
Ой қозғау
1. Дөңес төртбұрыш деп нені айтады?
2. Параллелограмм дегеніміз не,қасиеттерін ата?
3. Тік төртбұрыш деген не?
4. Бір диагоналы 5 см тіктөртбұрыштың екінші диагоналы неге тең?
5. Ромб дегеніміз не, қасиеттері қандай?
6. Квадрат дегеніміз не, қасиеттерін ата?
7. Квадрат ромб бола ала ма?
8. Төртбұрыштың қандай түрлері бар?
9. Параллелограмм ромб бола ала ма?
ІІ Негізгі бөлім
Шәкәрім кім?Оның қандай шығармаларын білесіңдер?Шәкәрімнің жұмбағын шешіп көрейік
Бір нәрседен үш сипат қылдым хайла,
Бұл жұмбақты шешерлік адам қайда?
Бір сипатын ортадан кесіп алсам,
Орнында тағы болар екеу пайда.
Біреу деп кесіп алып тастағаным,
Үшеу боп жатады басқа жайда.
Шешуі:
Бір қағазды қидағы үшбұыштап,
Бір бұрышын ортасынан қи дұрыстап.
Қалған қағаз болады төрт бұрышты,
Үш бұрышты қиығын тұрсың ұстап ( трапеция)
Анықтама.:
Екі ғана қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады.
Трапецияның түрлері: кез-келген, тік бұрышты, тең бүйірлі. (5-6 слайдтар)

Дамыту сұрақтары (7-8 слайд):
1. Кез-келген трапецияның диагональдары қандай болады?
2. Тең бүйірлі трапецияның диагоналдары тең бе?
3. Параллелограмм мен трапецияның айырмасы қандай?
Проблемалау
Кез келген үшбұрыш, төртбұрыш,параллелограмм сызып, бір түзу арқылы трапеция алыңдар.

Жаттығулар (9-10 слайд)
1-деңгей:
№1 АВСД - тең бүйірлі тр.АД ІІ ВС, АВ=CД, ВС=7 см, АД=12 см, трапецияның периметрі 27 см.Бүйір қабырғаларын табыңдар?
Шешуі:Р-(ВС+АД=27-19=8)
АВ=4 см
№2
АВСД теңбүйірлі трапеция <А=<Д Шешуі: <А=<Д=180°-57°=123°
<В=57°
<А =?
2-деңгей:
№1
АВСД трапеция Шешуі: <А+<В=180°
<А=112° <В=180°-112°=68°
<С=65° <С+<Д=180°
<В=? <Д=180°-65°=115°
<Д=? Жауабы: 68°, 115°
№2
Трапецияның бұрыштаының қатынасы 2:3:4:6 бұрыштарын тап.
Шешуі:<А+<В+<С+<Д=360°
360°:15=24°
<А=2*24°=48°
<В=3*24°=72°
<С=4*24°=96°
<Д=6*24°=144°
3-деңгей:
АВСД трапециясының СД қабырғасына параллель ВЕ кесіндісі жүргізілген. АВЕ үшбұрышының периметрі 18 см. ЕД=5 см.Трапецияның периметрін тап.
В С
А Д
Берілгені:
АВСД – тр
ВЕ ІІ СД
Р=18 см
ЕД=5 см
Р=?
Шешуі:
Р=АВ+ВС+СД+ДЕ+ЕА
Р=АВ+ВЕ+АЕ=АВ+СД+АЕ
Р=18+5*2=28см
Графиктік диктант:
Трапецияның қарама-қарсы қабырғалары параллель болады.
Тең бүйірлі трапецияның диагональдары тең болады.
Трапецияның табандары 2 және 3 см, периметрі 15 см болса, бүйір қабырғаларының қосындысы 10 см болады.
Тең бүйірлі трапецияның табанына қатысты бұрыштарының қосындысы 100° болса, бұрыштары 50°,120°, 120°, 50° болады.

Үй тапсырмасы: §5 №67 есеп.
Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Трапеция Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Азамат Назымкул Құттығұлқызы

Пікірлер: 0

avatar