Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формулалары

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 343
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 21/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23115


Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру
Сабақтың мақсаты:
Тригонометриялық функцияның қосындысы мен айырымын көбейтендіге түрлендіру формулаларын меңгерту
Осы формулаларды есеп шығару кезінде қолдана білуге үйрету
Тригонометриялық функцияның қосындысы мен айырымын қайталау
Қосынды мен айырым түрінде берілген тригонометриялық формулалармен танысу
Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта,плакаттар,сөзтізбек,тест тапсырмалары , бағалау парағы.
Сабақ типі: Білім, білік және дағдыны тексеру сабағы
Сабақтың әдісі:
СТО технологиясы және функционалдық сауаттылықты қолдану
Оқушылар, бүгін біз өз білімімізді сынап көрейік. Еске түсірейік, сендер қандай тригонометриялық формулаларын білесіңдер?
Дұрыс балалар, енді осы формулаларды қандай деңгейде жаттап алғандарыңды тексеріп көрейін. Мен қазір формуланы таратамын, сендер өздеріңе сәйкес жартысын табуларың қажет.Толық формула шыққан оқушылар бір топқа отырады,сөйтіп бізде төрт топ пайда болады.
sin²α + cos²α =1
ctgα = cosα/sinα
1+ tg²α =1/ cos²α
tgα = sinα / cosα
tgα * ctgα =1
1 + ctg²α=1/ sin²α

І топ-Синус
ІІ топ-косинус
ІІІ топ-тангенс
ІVтоп- котангенс
Үй жұмысын тексеру (фишбоун әдісі)

Бағалау парағында сабақта орындалатын жұмыстар жазылған, әр жұмыс бойынша оқушылар тиісті ұпай алып отырады. Сабақ соңында осы ұпай бойынша бағаланатын болады.

Бағалау парағы:
р/с Оқушының тегі-аты Үй тапсырма
Фишбоун әдісі Топпен жұмыс
Есептер шығару Графикалық диктант Тарсия әдісі Қорытынды ұпай Баға
Жалпы ұпайы Алған ұпайы Жалпы ұпайы Алған ұпайы Жалпы ұпайы Алған ұпайы Жалпы ұпайы Алған ұпайы Жалпы ұпайы Алған ұпайы
1 5 5 6 5 21
2 5 5 6 5 21
3 5 5 6 5 21
4 5 5 6 5 21
5 5 5 6 5 21

Бағалау критериийлер:
«5» деген баға – 16 - 21 ұпай
«4» деген баға – 10- 15 ұпай
«3» деген баға – 4 - 9 ұпай

Жаңа сабақ «Білім ленд» сайтынан алынған видеоны пайдаланып, түсіндіру арқылы керекті формуланы қорытып шығарамыз.



Әр топқа есептер беріледі:

Графикалық диктант:
〖1)sin〗⁡α±sin⁡β=2sin⁡〖1/3 (α±β)〗 sin⁡〖1/2 (α∓β)〗 :жоқ
〖2)cos〗⁡α+cos⁡β=2cos⁡〖1/2 (α+β)〗 cos⁡〖1/2 (α-β)〗:иә 3)sin40°+sin20°=cos10°:иә
〖4)sin〗⁡α±sin⁡β=2sin⁡〖1/2 (α±β)〗 cos⁡〖1/2 (α∓β)〗:иә 5)sin40°-sin20°=√3 sin10°:иә
〖6)cos〗⁡α+sinβ=2cos⁡〖1/2 (β+a)〗 cos⁡〖1/2 (α-β)〗:жоқ
〖7)sin〗⁡α±sin⁡β=2cos⁡〖1/2 (α±β)〗 cos⁡〖1/2 (α∓β)〗:жоқ 8)sin60°+sin30°=√2 cos15°:иә


Тарсия әдісі(үшбұрыш фигурасы шығу керек)

Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі

Үй жұмысы:395,396 Тәрбие.орг сайтынан Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формулалары Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Казиева Айгуль Турсынбаевна

|СҚО |Петропавл қаласы |Ж.Тәшенев атындағы №20 орта мектебі математика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar