Тура теңдіктердің қасиеттері негізінде теңдеулерді шешу

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 501
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 09/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22552


Сабақтың тақырыбы: Тура теңдіктердің қасиеттері негізінде теңдеулерді шешу
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың тура теңдіктер жайлы, теңдеулерді шешу жайлы
білімдерін нығайту.
2. Оқушылардың жылдам есептеу дағдысын қалыптастыру, есте
сақтау, ойлау және математикалық тілде сөйлеуін дамыту.
3. Оқушылардың танымдық және құзыреттілік іс-әрекетпен білім
алуға және еңбекке бейімдеу. Пәнге деген көзқарасын, білімге
құштарлығын қалыптастырып, ұжымшылдыққа, ауызбірлікке,
ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, ауызша, топтық жұмыс
Көрнекілігі: кестелер, сызбалар
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, бізде қазір математика сабағы. Бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр, ендеше:
Жарқырап күн ашылды, ,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Добрый день!
Сәлемдесіп алайық.

Оқушылар: Үлкенге де сіз,
Кішеге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

Қайырлы таң досым! Біз көңілді баламыз
Қайырлы күн болсын. Мақсатымыз білім алу.
Бүгінгі күн сәрсенбі, Міндетіміз еңбектену
Сәттілікке толсын. Еңбектену арқылы
Біздің алар бағамыз, «5-ке» қол жеткізу.
Кілең бестік болсын.

Сыныпты үш топқа бөлу:
І топ – Қарағанды қаласы, ұраны: Тәуелсіз елдің тірегі білімді ұрпақ.
ІІ топ – Алматы қаласы, ұраны: Біріміз бәріміз үшін,бәріміз біріміз үшін.
ІІІ топ – Астана қаласы, ұраны: Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
Әр қаланың өз әкімі бар.Сабақ соңында әр әкім халық алдында есеп береді.
Балалар, біздің елбасымыз кім? ... Қай жылы сайланып еді?... Елбасы жыл сайын халыққа не айтады? (жолдау)
Балалар, елбасымыз білімге көп көңіл бөледі. Ал білімді бізге кім береді? (ұстаз)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру №12
Математикалық диктант жазамыз, оны дұрыс жазсаңдар, үй тапсырмасын дұрыс орындады деген сөз.
9*71 360:6 36*5
480:80

ІII.Өткен сабақты қайталау
Жолдаудағы бірінші мәселе: «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеу. Ой қозғау.
Өлшемдері: Білімі,тәрбиесі, оқудағы жетістігі.
Тура теңдіктердің қасиеттері деген не?

Жолдаудағы екінші мәселе.Тұрғындарға қызмет көрсету
Барлық қызмет көрсету электронды түрге көшірілу керек. Сондықтан сендердің , көбейту таблицасын қалай игергендеріңді байқайық.
№4. 300*2 500:5 420:7
720:8 800:4 45*4
Жолдаудағы үшінші мәселе. Еңбек өнімділігін 5 есе ұлғайту.
№ 3.
5*х 45 х:7 49
Жолдаудағы төртінші мәселе. Ауыл шаруашылығын дамыту
№4
78:3 26

«Ойлы болсаң, тауып көр»
Логикалық есептер
1. Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?
2. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?
3. Әкесі екі баласын ертіп, жолға шықты. Біраз жүргеннен кейін олардың алдынан өзен кездесті. Өзен жағасында тұрған қайық екі баланы ғана немесе олардың әкелерін ғана көтере алады. Олар өзеннен қалай өтеді?
4. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?
5. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Неше мысық отыр?
«Кел, мақалдатайық!»
1. Піл к3ті емес, тіл к3ті.
2. 6н балдық қол сәні, әшекей кесте т10 сәні.
3. Еңбек – адамның 2нші анасы.
4. Әкесіз 7м – жарты 7м,
Шешесіз 7м, анық 7м.
Жолдаудағы бесінші мәселе.Спортқа көңіл бөлу.
№7
40*6 240 100*2 200 240+200 440
Жолдаудағы алтыншы мәселе. Зейнетақы жүйесін жетілдіру
№5
640:8*560:8 14*6*16*6
Жолдаудағы жетінші мәселе. Индустриалдық-инновациялық жобалар
Ұстаздың тапсырмасы
Мен ұстазбын. Күнделікті сабақтарға дайындалуға 95 минут, дәптер тексеруге 125 минут жұмсаймын. Бос уақытым сол екі жұмысқа кеткен уақыттан 2 есе кем. Менің бос уақытым қанша минут. Сағат және минутпен өрнекте.
125+95 220 220:2 110 1 сағ 50мин
Жолдаудағы сегізінші мәселе. Жұмысқа тарту
Деңгейлік тапсырма
І деңгей №6
ІІ деңгей. №8
ІІІ деңгей. №
Мұғалім оқушылардың саны бірдей 2 сыныпты циркке алып барды. Бірінші сыныпты теңдей бөліп екі қатарға отырғызды, ал екінші сыныптың 14 баласын бір қатарға, 10 баласын екінші қатарға отырғызды. Әр сыныпта неше оқушы бар? Бірінші сынып әр қатарға неше оқушыдан отырғызылған?
Х – оқушылардың саны
Х * 2 – екі қатарға тең бөліп отырғызылған бірінші сыныптың оқушыларының саны
14 + 12 - екінші сыныптың балалары
Х * 2 = 14 + 10
Х * 2 = 24
Х = 24 : 2
Х = 12
12 * 2 = 14 + 10
24 = 24 Жауабы: Әр сыныпта 24 оқушы және бірінші сыныптың оқушылары әр қатарға 12 оқушыдан отырғызылған.

IV.Қорытынды.
Әкімдердің әр оқушының сабаққа қатысуы бойынша есебі тыңдалады.
Еліміздің болашағы – білімді ұрпақ қолында. Бүгін сендер өз білімдеріңмен дәлелдедіңдер деп ойлаймын.Мәңгілік Ел- ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.. Ендігі ұрпақ- Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы- Мәңгілік Ел! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

V. Үйге тапсырма
Күнделікті енді ашайық,
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді
Ұмытпай есте сақтап алайық.

№9

Бағалау Тәрбие.орг сайтынан Тура теңдіктердің қасиеттері негізінде теңдеулерді шешу Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Гулшат Сыздыкова

Пікірлер: 0

avatar