Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жай бөлшекті бөлу
  • 10.02.2016
  • 415 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16045

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (44.7Kb)

Математика. 5 сынып

Тақырыбы: Жай бөлшектерді бөлу
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды жай бөлшекті бөлудің ережелерін пайдаланып, оларды қолдана алуға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, жүейлі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке, дәлдікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Есеп шығару дағдысын қалыптастыру, ережелерді тиімді қолдана білуді меңгерту, есеп шығаруда ойлау, ауызша есептеу, ой қорыту қабілеттерін дамыту.
.
Көрнекілігі: Интерактив тақта, слайдтар, компьютер, үлестірмелі таратпалар.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.
«Еске түсіру» сұрақ-жауап
IV. Мақсат қою кезеңі. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
V. Жаңа материалды түсіндіру.
VI. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.
«Есте сақта»
VIІ. Қолдану.
1. Оқулық пен жұмыс.
2. Сәйкестендіру кестесі
3. «Теңге ілу» ойыны
4. Деңгейлік тест тапсырмалары
VIII. Оқушылар білімін бағалау кезеңі.
ІХ. Үйге тапсырма.

І. Оқушылар алдымен мына стикерлерді алу арқылы 3 топқа бөлініп аламыз. І топ-«Жай бөлшек», ІІ топ- «Аралас сан», ІІІ топ- «Натурал сан».
ІІ. Қасымызда отырған оқушылар мен дәптерлерімізді аустырып, үйге тапсырмасын тексереміз. Сендер қалам мен дұрыс шығарылған есепке «» белгісін, қате шығарылған есепке «?» белгісін қоясыңдар.
ІІІ. «Еске түсіру» сұрақ-жауап:
1. Жай бөлшектер қалай көбейтіледі?
Жауабы: Жай бөлшекті жай бөлшекке көбейту үшін, олардың алымдарын көбейтіп, алым етіп, бөлімдерін көбейтіп, бөлім етіп жазу керек.
2. Бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?
Жауабы: Натурал санды бөлшек санға көбейткенде натурал сан бөлшек алымына көбейтіп, көбейтінді бөлшектің алымы болады да, бөлімі өзгеріссіз қалады.
3. Аралас сандарды жай бөлшекке қалай көбейтеміз?
Жауабы: Оларды бұрыс бөлшекке айналдырып, содан кейін бөлшекті бөлшекке көбейту ережесін қолдану керек.
4. Егер көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса, онда көбейтінді неге тең болады?
Жауабы: Көбейтінді де нөлге болады.
IV. Мақсат қою кезеңі. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбын сөз жұмбақ шешу арқылы ашамыз:
1. Барлық нүктелері центрінен бірдей қашықтықта жататын фигура
2. Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі бөлігі
3. Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан
4. Санауда қолданылатын сандар

Ш Е Ң Б Е Р
Д Ө Ң Г Е Л Е К
А Р А Л А С
Н А Т У Р А Л

Балалар, біз бүгінгі сабағымызда жай бөлшектерді бөлу тәсілдерін және формулаларын үйренеміз.
V. Жаңа материалды түсіндіру.
Жай бөлшектерді бөлу
Оқушылар бұл тақырыпта біз үш жағдайды қарастырамыз.
1. Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу
Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін, бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшектің кері санына көбейту керек.

Мысалдар:

Санды нөльге бөлуге болмайды. Себебі кез келген санды 0-ге көбейткенде көбейтінді 0-ге тең болады.

2. Аралас санды аралас санға бөлу
Аралас санды аралас санга бөлу үшін, оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып алып, бөлшекті бөлшекке болу ережесін қолдану керек.
Мысал:

3. Натурал санды бөлшекке бөлу және бөлшекті натурал санға бөлу
Бөлінгіш немесе бөлгіш натурал сан болған жағдайда натурал сан бөлімі 1 болатын бөлшек түрінде жазылып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қолданылады.
Мысалдар:

VI. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.
«Есте сақта»
«Бір рет айтылған әңгіме артынан қайталануы керек. Бұл ұмытылғанды ескере түсіру емес, қайта ұмытып кетуді болдырмау»

Есіңде сақта!



VIІ. Қолдану.
1. Оқулық пен жұмыс
Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.
Оқулықпен жұмыс №1108 (1,2,3)
№1109 (1,2,3)
Әр топтан 1 оқушыдан шығып есептерді шығарамыз. Оқушылар істеген жұмыстарыңа қарай бағаланып отырасыңдар.
2. Сәйкестендіру кестесі
«Жауаптарын тап»


2


3. Ойын: «Теңге ілу»
Ойын шарты: Тақтаға «200 тг», «500 тг» және «1000 тнг» ілініп қойылған. Әр топтан сабаққа белсенді қатыспай отырған бір оқушыдан шығып, үлестірмелі таратпалар ішінен біреуін таңдайды және ондағы есепті шығарады. Бірінші шығарып болған оқушы «1000 тнг» және 5 ұпай, екінші болып шығарған оқушы «500 тг» және 4 ұпай, ал соңында қалған оқушы «200 тг» және 3 ұпайды иеленеді.

4. Деңгейлік тест тапсырмалары.

1 1 а кері сан:

А) В) С) Д)

1
2 Қабырғасы дм квадраттың ауданы:
А) дм2; В) 2; С) дм2; Д) дм2.

1
3 Есептеңдер: : .

А) ; В) ; С) ; Д) .

1
4 Есептеңдер: .

А) В) С) ; Д) .

2
5 Есептеңдер:

А) ; В)97 ; С) ; Д) .

2

6 1 ·2

А)3 ; В) ; С) ; Д) .

2

7 Ұзындығы 21м құбырды 3 бөлікке бөлді.Бірінші бөліктің ұзындығы құбырдың –дей,екінші бөлік құбырдың -дей.Құбырдың үшінші бөлігінің ұзындығын табыңдар.
А)6м В) С) Д)

3
8 Амалдарды орында:2 :4 ·1 .

А) ; В) ; С) ; Д)

3

VIII. Сабақты қорытындылау. Белсенді оқушыларды марапаттау.
Жас кезіңде алған білім,
Тасқа жазған жазумен тең.
Есейгенде алған білім,
Құмға жазған жазумен тең.
Оқушылар сонымен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз, енді жинаған стикерлерің арқылы сендерді бағалаймын және қай топ жеңімпаз болғанын айтамын.
ІХ. Үйге тапсырма.
№ 1110 (1,2,3,4) Тәрбие.орг сайтынан Жай бөлшекті бөлу Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мирзаметов Бахтияр Артукбаевич

ОҚО Сайрам ауданы №27 "Аққала" ЖОМ Математика пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар | Логин: ibroxim311212
Көрсетілім: 415 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar