Жиын және логика элементтері Пиктограмма

  • Жүктеулер: 8
  • Көрсетілім: 473
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 09/Авг/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23042


17.04.2017.

Математика

 2 - сабақ

 1 - күн

 

1 «Б»сыныбы

 

Сабақ тақырыбы:

Жиын және логика элементтері

Пиктограмма

Жалпы мақсат:

 

деректерді жинақтайды, жүйелейді және толықтырады; қолда бар материалдарды пайдаланып кестелер, пиктограмма мен диаграммалар құрастырады.

Сілтеме:

Математика 1 – сынып оқулығы

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Пиктограмма ұғымын түсінеді, пиктограмма құрастырып үйренеді.

Негізгі идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді. Ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланады. Өз бетімен білімді меңгереді.

Ресурстар:

А3 пішімдегі төрт парақ;

әртүрлі пішіндегі текшелер жиынтығы;

жемістердің муляждар жиынтығы;

көгөністердің муляждар жиынтығы;

пиктограммалар сызылған стикерлер.

Оқыту әдістері:

Оқытудағы жаңа әдістер, СТО, АКТ, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

                                         

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2 минут

 

 

а)Психологиялық ахуал туғызу.

Оқушылар көршісіне қарап күлімсіреп, бір – біріне сәттілік тілейді.

ә)Үй тапсырмасын сұрау    

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

5  минут .

- Жол белгілерінің адам үшін қандай маңызыбар?

- Ауа райы туралы хабар теледидардан көрсетіп жатқанда суреттер беріледі Осы суреттерден нені білуге болады?

 - Жолда келе жатқанда шанышқы мен қасық суретін көреміз. Бұдан нені түсінуге болады?

- Тағы қандай белгіліерді білесіңдер?

Оқушылар сұраққа жауап береді

ІІ. Жаңа тақырып   

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті.

Қызығушылықты ояту. 3 минут.

 

Мағынаны ашу.

20минут.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой қозғау. 5минут

Оқушыларға көгөністер мен жеміс муляждарын беремін. (1 – топ алма, 2 – топ қызынақ, 3 – топ баялды) Бөліп алған соң, әр топ алдындағы қағазды екі бөлікке бөліп бір жағына қолындағы нәрсенің санын дөңгелек түрінде, екінші жағына соның суретін салады.  Орындап болған соң тақтаға шығып, нәтижесін хабарлайды. Осы кезде балаларға салған суреттерінің пиктограмма деп аталатынын түсіндіремін.

Оқулықпен жұмыс. Ережені бір оқушыға оқытамын.

Пиктограмма — бұл белгі немесе бір нәрсені шартты бейнелеуде қолданылатын шағын кескін. Пик­ тограм­маны­ адамдар жазу болмаған кезде қолданған. Олар қазіргі заманда жол белгілерін, картадағы шартты белгілерде, ауа райының шартты белгілерінде және т.б. қолданылады.

Сынып қабырғаларына және жиһаздарға көңіл күй, жол белгілері мен күн, бұлт, ерніне тақап ұстап тұрған саусақ және т.с.с. бейнеленген парақшаларды алдын ала жабыстырамын. Топтарға сынып ішінде экскурсия ұйымдастырамын. Оқушылар пиктог­раммалары­ бар парақшаларды тауып, оны тақтаға өз топтарының нөмірі жазылған бағанға жапсыруы тиіс. Парақшалар саны көп топтың оқушылары жеңіске жетеді.

Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Оқулықтағы «Сүйікті жемістер» тапсырмасын орындатамын. Алдымен жұпта берілген жемістерді  санайды. Топта талқылайды.

Оқушыларға түсінікті болу үшін мынадай сұрақтар қоямын.

— Оқушыларға жемістердің қайсысы ұнайды?

— Оқушыларға жемістердің қайсысы ұнамайды?

— Қай жемістер бірдей ұнайды?

Жауабы:

6 оқушы алманы ұнатады.

4 оқушы алмұртты ұнатады.

3 оқушы апельсинді ұнатады.

6 оқушы бананды жақсы көреді.

Қатты ұнататын жеміс — алма мен банан. Онша ұнатпайтыны — апельсин.

 

Сыныпқа тәжірибе жүргізу:

 1 – топ сыныптағы терезелердің, 2 – топқа шкаф үстіндегі гүлдер, 3 – топқа 1 – қатардағы үстелдерді санау тапсырамын, пиктограммасы қалай белгіленетінін сұраймын.

 

Дәптермен жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоршаған ортамен тығыз байланыста болады. Сыныптағы нәрселердің пиктограммасын салып үйренеді.

ІІІ. Қорытынды. А)Үй жұмысын беру

Орындап көр. Оқушыларға зерттеу жүргізіп, күн­­ делікті­ өмірден пиктограммаларды табуды ұсынамын. Олардың суретін қағазға салуды немесе суретке­ түсіріп алуға болатынын айтамын. Оқушылар пиктограммаларды қайда кездестіргенін және олардың мағынасын айтып бере алуы тиіс.

Оқушылар  белгілеп  алады.

 

Ә)Бағалау  

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2 - минут

Топ басшының бағалауын тыңдаймын.

Топ басшысы топтағы оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі туралы хабарлайды.

ІV. Рефлексия  

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті.

3 – минут

Не үйрендік?

 

Күн мен бұлт суретін ілемін

Оқушылардан жауап аламын.

Сабақты түсінсе, стикерді күннің астына, түсінбесе, бұлттың астына іледі.

 

Тәрбие.орг сайтынан Жиын және логика элементтері Пиктограмма Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Басенова Ақмарал Камаловна

Маңғыстау обл, Мунайлы ауд, Басқұдық селосы №9 жалпы білім беру орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі.

Пікірлер: 0

avatar