Күрделі функцияның туындысы

  • Жүктеулер: 8
  • Көрсетілім: 750
  • Математикадан презентациялар
  • 03/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19572


ҰБТ тапсырмаларының ішінде дайын түрде берілген күрделі функцияның туындысын табу ғана емес, сонымен қатар қарапайым функциялардан күрделі функцияны құрастырып алып, содан шыққан күрделі функцияның туындысын табуға берілген тапсырмалар да кездеседі. Мысалы, ҰБТ тапсырмаларынан алынған мына есептерге зер салсақ, бұл есептердің әрқайсысына екі тапсырмадан енгізілгенін байқауға болады. Біріншіден, берілген қарапайым функциялардан күрделі функция құрастыру керек болса, екіншіден, сол шыққан күрделі функцияның туындысын табу керек. Егер, әрине, талапкер тапсырманың бірінші бөлімін дұрыс орындай алмаса, оның екінші бөлімі бойынша берген жауабы да дұрыс болмайтындығы айдан анық. Сондықтан да күрделі функцияның туындысын табу мен қарапайым функциялардан күрделі функцияны құру тығыз байланысты екендігін назардан тыс қалдырмау керек. Сондықтан біз күрделі функция ұғымымен танысып, оларды дұрыс құра білуді немесе берілген күрделі функцияларды қарапайым функцияларға жіктеуді үйреніп, күрделі функцияның туындысын табу ережесімен танысып, олардың туындысын табу технологиясына кеңінен тоқталамыз. Тәрбие.орг сайтынан Күрделі функцияның туындысы Математикадан презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Маубакимова Айнур Толеухановна

ВКО Өскемен қаласы 3 мектеп-лицейi Математика мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar