Квадрат теңдеу.Квадрат теңдеудің түрлері

  • Жүктеулер: 14
  • Көрсетілім: 592
  • Математикадан презентациялар
  • 06/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23074


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№8 жалпы білім беретін орта мектебі
коммуналды мемлекеттік мектебі

Математика пәнінен ашық сабақтың жоспары
Тақырыбы:

Математика пәнінің мұғалімі: Деменова А

2015-2016 оқу жылы
Пәні: Алгебра
Сыныбы: 8 А
Тақырыбы: Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері.
Мақсаты:
1. Жаңа түсінік еңгізу, квадрат теңдеу оның түрлері тақырыбымен таныстырып оқушылардың білім, білік, дағдыларын кеңейту.
2. Есептер шығарғанда толымсыз және толық квадрат теңдеуді ажырата біліп шығара білуге үйрету.
3. Еңбексүйгіштікке ,өзара көмекке,бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа тақырып түсіндіру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түрлі тапсырмалар
Құрал жабдықтар: карточкалар, жауап парақшасы, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы :
І. «Қызығушылықты ояту» бөлімі:
Үй тапсырмасын тексеру
“Қайталау айнасы” Сұрақ-жауап
ІІ. Мағынаны тану бөлімі:
Топпен жұмыс карточка ( ауызша)
Деңгейлік тапсырма
Өзіндік жұмыс
Сергіту сәті: Крассворд шешеді
ІІІ. Толғаныс
Тест
Рефлексия
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма беру:
Бағалау
Cұрақ-жауап:
1. Теңдеу дегеніміз не?
2. Квадрат теңдеу дегеніміз не?
3. Келтірілген теңдеу дегенімз не?
4. Толымсыз теңдеу дегеніміз не?
5. Қысқаша көбейту формуласы?
Жауаптары:
1. Теңдеу – құрамында мәнін табу керек болатын әрпі бар теңдік.
2. aх2-bх+c=0 түріндегі теңдеу квадрат теңдеу деп аталады,
мұндағы х – айнымалы, а, b және с – кез келген сандар және a≠0; а,
в және с – сандары квадрат теңдеудің коэффициенттері .
3. Егер толық квадрат теңдеудегі бірінші коэффициент 1 – ге тең (a=1) болса, онда келтірілген квадрат теңдеу деп аталады.
4. b немесе с, немесе b мен с нөлге тең болатын дербес жағдайдағы квадраттық теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп
аталады.

Топпен жұмыс карточка№1 (ауызша)



2.Тақтада берілген тапсырманы орындау
Топпен жұмыс карточка №2



Әр тапсырма сайын тақтадағы жауаптармен тексереді.
- Деңгейлік жұмыс
- Өзіндік жұмыс
- Сергіту сәті
- Тест
Өздік жұмысының парақтары таратылады.
Өзін-өзі бағалау тақтадағы жауаппен салыстырып орындайды.
Рефлексия: 1. Қысқаша көбейту формуласын еске түсірдің бе:
2. Қандай теңдеумен таныстыңдар?
3. Квадрат теңдеудің қандай түрлерін білдіңдер?
4. Толымсыз квадрат теңдеуді шешіп үйрендің бе?
5. Өздік жұмысын орындай алдың ба?
6. Сабақта кімге болыстым?
7. Сабақ ұнады ма? Қандай тілігің бар?
Әр топ басшысының есебін рефлексия бойынша тыңдау, олар қандай жұмыс атқарғанын атап бағаларын оқып шығады.
Бағалар қойылады.
Рахмет, сау болыңыздар!
Рефлексия парағы

Рефлексия: (қорытынды) Оқушылар өз ойларын білдіреді.
Оқушының аты-жөні:___________________________________________________________________
1. Қысқаша көбейту формуласын еске түсірдің бе:___________________________________________
2. Қандай теңдеумен таныстың?__________________________________________________________
3. Квадрат теңдеудің қандай түрлерін білдіңдер?____________________________________________
4. Толымсыз квадрат теңдеуді шешіп үйрендің бе?__________________________________________
5. Өздік жұмысын орындай алдың ба?_____________________________________________________
6. Сабақта кімге болыстын?______________________________________________________________
7. Сабақ ұнады ма? Қандай тілегің бар?____________________________________________________
Баға:_________________________________________________________________________________

Топтарға арналған тапсырмалар.

1-топ: 1тапсырма (ауызша)

8x2+5x+10=0 a, b, c-коэффициенттерін теріп жаз
X2-4.5x=0 a, b, c-коэффициенттерін теріп жаз
_________________________________________________________________

2-топ: 1тапсырма (ауызша)

-0.6x2+13x-20=0 a, b, c-коэффициенттерін теріп жаз
20x-x2=0 a, b, c-коэффициенттерін теріп жаз

____________________________________________________________________

3-топ: 1тапсырма (ауызша)

11x2-3x-1=0 a, b, c-коэффициенттерін теріп жаз
-6x2-7=0 a, b, c-коэффициенттерін теріп жаз

1-топ: 2тапсырма (дәптерлеріңе орындаңдар)

№117 (3) №118(4) №120(2)

2-топ: 2тапсырма (дәптерлеріңе орындаңдар)

№117(4) №118(2) №120(1)

3-топ: 2тапсырма (дәптерлеріңе орындаңдар)

№117(2) №118(1) №120(4)


Оқушының аты-жөні: __________________________________
Сыныбы:___________
Өздік жұмысы №1
1. a=-2, b=3, c=0.5 болғандағы квадрат теңдеуді құрыңдар:___________________
жауабы: (-2x2+3x+0.5=0)
2. Теңдеуді ax2+bx+c=0 теңдеудің түріне келтіріп, a,b,c-ның мәндерін анықтаңдар:
10x2-25=16-(3-x)2 ____________________________________________________
жауабы: (11x2-9x-50=0 a=11, b=-9, c=-50)
3. Теңдеуді шешіңдер:
3-1. 6x2-24=0________________________________________________________
жауабы: (x=2, x=-2)
3-2. 17x2-2x=0______________________________________________________
жауабы: (x=0, x=2/17)

Баға:

Оқушының аты-жөні: __________________________________
Сыныбы:___________
Өздік жұмысы №2
1. a=4, b=-0.2, c=3 болғандағы квадрат теңдеуді құрыңдар: _________________________________________________________________________
жауабы: (4x2-0.2x+3=0)
2. Теңдеуді ax2+bx+c=0 теңдеудің түріне келтіріп, a,b,c-ның мәндерін анықтаңдар: (2x+7)(2x-7)+30=6x(1-x)_____________________________________________________
жауабы: (10x2-6x-19=0 a=10, b=-6, c=3)

3. Теңдеуді шешіңдер:
3-1. 5x2-320=0________________________________________________________
жауабы: (x=8, x=-8)
3-2. 13x2-4x=0_____________________________________________________
жауабы: (x=0, x=4/13)

Баға:

Қолданылған әдебиеттер:
1. Алгебра 8-сынып, Шыныбеков, Алматы, Атамұра-2007
2. Дидактикалық материалдар-8сынып, Шыныбеков, Алматы, Атамұра-2007
3. Логика және математика журналы-2010жыл
4. Математика және физика журналы-2009жыл

№ Тапсыр
Аты –жөні Үй тапсырмасын
тексеру Сұрақ-жауап Топпен жұмыс карточка
Деңгейлік тапсырма Өзіндік жұмыс Тест Қорытынды баға
1
2
3
4
5
6
7
8 Тәрбие.орг сайтынан Квадрат теңдеу.Квадрат теңдеудің түрлері Математикадан презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айдана Деменова

Ақтау қаласы №8 жалпы білім беру орта мектебі КММ математика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar