Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ақтан жырау "Он жаман" музыка пәні 5-сынып
  • 29.11.2016
  • 247 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20271

Ақтан жырау «Он жаман» музыка пәні 5-сынып Каирова Гульнар Бейсенбековна
5 - сынып
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының күй өнері мен жыраулық өнері жайында мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: Домбыра құлағында әндетіп салған кеңестердің ерекше қасиеттері жайында түсіндіру.
ә) Дамытушылық: Ұлттық аспаптармен әнді орындау барысында барлық ережелерді сақтау, дауыс баптау жаттығуларын жетік меңгерту.
б) Тәрбиелік: Ақындар мен жыршы жыраулардың өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, орындау мәнерімен танысу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру.
Сабақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, сергіту сәті, топпен жұмыс, пікірталас.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, белсенді тақта, бейнекөріністер, сазгерлердің портреттері, домбыра, баян, фортепиано.
Музыкалық материалдар: Ән үйрену: А. Қоразбаев «Әгугай, домбыра»
Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу ( әндете) оқушыларды түгендеу.
2. Жаңа сабақ. ХІХ ғасырда өмір сүрген ірі жыраулардың бірі – Ақтан жырау. Ақтанның атасы Абдолла айтулы сыншы болған. Атасы Абдолла немересі туылғанда айтулы ақын болсын деген игі тілекпен атын Ақтан қояды. Атасының тілегі қабыл болып, ол жастайынан өлең-жырға құмар болып өседі. Ақтан жырау өзінен бұрын өткен Абыл мен Нұрым жырауды өнеге тұтып, олардан үлгі алады. Сөйтіп, Абыл мен Нұрымнан өнеге алған, Қашаған мен Нүрпейіс жыраулармен үзеңгілес болған Ақтан жырау, өзінің соңында көптеген жыр-толғаулары мен өсиет-нақыл сөздерін қалдырған. Ақтан жыраудың «Не жаман» атты өсиет сөзінде былай деген екен: Біріншіден не жаман – Білімсіз болған ұл жаман, Екіншіден не жаман – Ананың тілін алмаған, Қасарысқан қыз жаман. Үшіншіден не жаман – Үш жерінен буғызып, Көрге бір салған сол жаман. Төртіншіден не жаман – Төресін әділ бермеген, Парақор болған би жаман. Бесіншіден не жаман – Берерің болмай қонаққа, Берекең кетсе сол жаман. Алтыншыдан не жаман – Сүйіп бір алған әйелің топ алдында күнкілдеп, Тіл алмаса сол жаман. Жетіншіден не жаман – Жеткіншектеп оқ тиіп, Жетпей бір қалсаң сол жаман. Сегізіншіден не жаман – Серке санды ат мініп, Сергелдең болған сол жаман. Тоғызыншыдан не жаман – Торғайдай болған бір басың, Топқа түскен сол жаман. Оныншыдан не жаман – Оймақ ауыз, қиғаш қас, Бір перзенттің жоғынан, Мұнлықта болған сол жаман.
3.Шығармашылық жұмыс:
4. Жаңа ән үйрену: А. Қоразбаев «Әгугай домбыра» Сөзі: Т. Қажыбаев
Әсем әуен дала кезіп барады, Ару балқып, жігіт төмен қарады. Селт етерлік сезім кетті сел болып, Домбыраның күй төккенде шанағы.
Перне қуған, сүйрік саусақ салалы. Кейде желіп, кейде орғып шабады. Сала құлаш шанағынан сыңсыған, Аққу ұшып, қаздар қайтып барады.
Тұлпардың дүбір қаққан тұяғы, Көкірекке сырлы сарын құяды. Сыңғырлаған сан мың әуен, япыр-ау, Шанағына қалай ғана сияды?
5. Сабақты қорытындылау сұрақтары: 1. Ақтан жырау қай ғасырда өмір сүрген? 2. Оның бауырлары кім? 3. Ақтан жырау кімдерді ұстаз тұтқан? 4. Ақтанның он жаманында не жайында айтылған?
6. Үйге тапсырма: Ақтан жыраудың « Он жаманын» қайталап, оқып келу.
7. Бағалау.
Каирова Гүлнар Бейсенбековна №21 орта мектептің музыка пәні мұғалімі. Гүлдала ауылы Тәрбие.орг сайтынан Ақтан жырау "Он жаман" музыка пәні 5-сынып Музыкадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Каирова Гульнар Бейсенбековна

Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылы №21 жалпы білім беретін орта мектебі Музыка пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Музыкадан ашық сабақтар | Логин: sembaeva_1976 | Ілмек сөздер: пәні, жаман, 5-сынып, Жырау, музыка, Музыкадан ашық сабақтар, он, АҚтан
Көрсетілім: 247 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar