ҚАЗАҚ БИІ "ТОРСЫҚ"

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 834
  • Музыкадан ашық сабақтар
  • 19/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22663


Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақ биі «Торсық»
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға би арқылы салт-дәстүрімізді сансына сіңіру. Қазақ биінің ерекшелігін дәріптеу.
Сабақтың барысы: І. Оқушылырдың білімін жан-жақты тексеру.
Сәлемдесу (паклон)Енді сабағымызды алдымызда бейнеленген көңілді смайлик кейпінде бастаймыз.(оқушылар бет ишараларымен смайликті бейнелейді)
Дене қыздыру жаттығулары (разминка)
Аяқ қол позицияларын қайталау.
Ең алдымен дайындық позициясында тұрамыз.(аяғымыз ІІІ поз. Қолымыз Ү поз.) Басымыздан бастап жаттықтырамыз. Басымызды оңға солға иіп, сонан соң мойынға жаттығу басты айналдырамыз. Келесі кезек иықта, екі иығымызды алма кезек көтеріп, сонан соң иығымызды бірге көтереміз, түсіреміз. Иықтан кейін бізде қол,білекпен, шынтақпен жұмыс жасаймыз. «айналма» қол қимылын жасаймыз,яғни (поворот кистей) Келесі кезекте беліміз,қолымыз Үпоз-да қалады, оңға-солға иілеміз, сонан соң белімізді айналдырамыз.Кезекті аяққа беріп, жаттықтырамыз. Екі қолымызды тіземізге қойып, тіземізді ішке, сыртқа айналдырамыз,енді оң тіземізге екі қолымызды қойып,оң аяққа отырамыз. Осылай екі аяққа алма-кезек жаттығу жасаймыз. Сонан соң аяқтың ұщымен,өкшемен жұмыс жасаймыз. Осы аяқтың ұщымен, өкшемен жасалған жаттығуларды шеңберде айнала жүріп жасаймыз. Алдымен жай жүріспен бастаймыз.Тағы да басқа шеңберде жасалатын жаттығулармен жалғастырамыз.Енді орнымызға келіп отырамыз,денемізді созамыз.аяғымызды қосып,ұшын тартып,басымызды тіземізге тигіземіз. Сонан соң аяғымыздың арасын ашып,сол қолымызды оң аяғымызға қойып оң жаққа иілеміз,осылай келесі жаққа да жасаймыз. Енді шпагатқа отырып,қолымызды І,ІІ,ІІІ позицияға қойып алма-кезек жасаймыз. Енді демімізді ішке алып,сыртқа шығарып демаламыз.
Ұйымдастыру кезеңі: ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.Енді оқушылар соңғы өткен биімізді, яғни үй тапсырмасын еске түсіреміз. Үй тапсырмасы бізде «Жастар»биі. Жақсы балалар.
ІІІ Жаңа сабақ.Ендігі кезекті жаңа сабағмызға берейік. Бүгін бізде жаңа сабақ қазақ биі «Торсық».Торсық біздің ертеден келе жатқан салт-дәстүріміздің бір түрі.Торсықпен ертеде сусын, қымық-қымыран құйып, жолдан-жорықтан,аңнан келген ер азаматтарымызға беретін болған. Бұл салт-дәстүрімізде қыздарымыздың биязылығын,нәзіктігін көрсетсе,азаматтарымыздың ер мінезділігін, ақ жарқын өжет екендіктерін көрсеткен. Торсықтағы сусынды қалай сапыра құю керектігін би барысында танысамыз. Н.Тілендиевтің «Әлқисса»күйіне қойылған «Торсық»биі. Алдымен Н.Тілендиевке қысқаша тоқталып өтейін.1925 жылы Алматы обл.Ұзынағаш қыстағында

дүниеге келген. Белгілі сазгер, дирижер, он саусағынан өнер тамған күйші-домбырашы.Ол кісі домбыра тартқанда биші секілді саусақтары перне бойын қуалай жөнелетін болған. Н.Тілендиевтің «Аңсау», «Аққу», «Ата толғауы», «Көшкеруен»т.б. күйлері бар. Сонымен қатар «Отырар сазы» оркестірінің іргетасын қалап,қазіргі таңда қызы Дінзухра Тілендиева жалғастыруда. Бұл биде біз реквизит қолданамыз, яғни қыздар торсық ал,ер балалар кесе ұстаймыз. Алдымен әуен тыңдап аламыз,мен қимылдарын жасап көрсетем, сонан соң барлығымыз жасаймыз. Қыз балалар екі топқа бөлініп,алдынғы қатар сол жақтан, артқы қатар оң жақтан шығады.Ортасында ер балалар молдас құрып,қолдарына кесе ұстап отырады. Қыздардың сол қолдарындағы торсық оң иыққа қойылады, оң қолдары жанға созылып тұрады.Алдыңғы және артқы қатардағы қыздар сол аяқтарын алдыға шығарып,оң қолдарын алдыға созады. Осы кезде ер балалар оң қолдарындағы кесені сол қолына сонан соң сол қолына алма-кезек алмастырып,босаған қолдарын бел тұсына қояды. Сонан соң қыздар оң қолдарындағы торсықты жоғары көтеріп,сол аяқтарын ұшын тарта отырып көтереді. Торсықты сол аяқтың қасына қойып, қолымызбен «орама»қол қимылын жасап,жоғары көтеріп «қошқар мүйіз»қол қимылын жасайды. Осы кезде ер балалар орындарынан тұрып,кеселерін оң қолдарына ұстап,аяқтарының арасын алшақ ашып,сол аяқтарынан бастап аяқтарының басын көтеріп, өкшесімен тұрады. Осы кезде қыздар отырып, торсықтарын жоғары көтеріп,оң жаққа сонан соң сол жаққа қарай қоямыз,орнымыздан тұрамыз.Сосын торсықты оң иыққа қойып, сол қолымызды жанымызға созыңқырап бір орында айналамыз, торсықты келесі сол иыққа қойып,оң қолымызды созыңқырап сол жаққа айналамыз. Осы кезде бір-біріне арқаларын беріп,қолдарындағы кеселерін жоғары кіші шеңбер жасап ер балалар айналады әуен ырғағымен оң жаққа сонан соң сол жаққа «беу»сөзін айта айналады да өз орындарына тұрады.Бұл кезде қыздар үлкен шеңбер жасап,торсықтарын оң иықтарына қойып сол қолдарын созып, оң аяққа сонан соң сол аяққа сәл отырыңқырап екі рет орнында айналады да әр оқушы өз орнына тұрады. Жақсы оқушылар бұл бүгінгі өткен жаңа сабағымыздың Ібөлімі болатын.
ІҮ. Сергіту сәті:Ендігі кезекті сергіту сәтіне берсек. Сергіту сәтінде «ритмика» сабағынан өткен аяқ,қол қимылдарының,жүріс түрлерінің атауларын мен айтам, сендер мына қабырғада ілінген сурет ішінен қарап табасыздар. Барлық берілген тапсырмаларды тапқан соң артынан бір сөйлем шығуы керек. Жарайсындар балалар, суреттердің артынан қандай сөйлем шықты? Дұрыс «Ұлыстын ұлы күні құтты болсын!»деген. Иә алдымызда келе жатқан қазақ халқының төл мерекесі «Наурыз»мейрамы келіп жетті. Енді балалар біз әр сабағымыздың соңында 5-10 мин қалдырамыз иә , міне сол дәстүріміз жалғасады,біз берілген уақыт ішінде әр сабақта әртүрлі әуен қосамын да,сол әуен ырғағына әр оқушы өз қалауындағыдай етіп билейді. Бүгін сәл ерекшелеу болады мен қазір лагерлік әуен «Аривваны» қосамын барлығмыз билейміз. Жақсы балалар, жарайсыздар. Енді бағалап өтейін. Бүгінгі сабаққа барлығыңызда жақсы атсалыстыңыздар. Мына алдарыңызда бейнеленген смайлик секілді көңіл-күйлеріңізде жақсы болды.
Ү.Сабақты қортындылау.
Оқушыларды бағалау. Атап айта кетер болсам бүгінгі сабаққа Байғонқызы Нұрайханым,Мағауиа Нұрбике,Тайбекұлы Ербатыр,Қуанышбек Ерасыл,Бекмұханбет

Көркем, Жағыпар Кәусар жақсы қатысты.Үйге тапсырма: Ал, оқушылар «Торсық»биінің Ібөлімін үйден жаттаймыз,әуен ырғағымен билеу.
Енді балалар паклонга тұрайық. Дайындық позициясы. (оқушылар өздеріне қол шапалақтап қошымет көрсетеді)Жақсы сау болыңыздар. Тәрбие.орг сайтынан ҚАЗАҚ БИІ "ТОРСЫҚ" Музыкадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алпысбаева Гүлжайсаң Сәбитқызы

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз балалар өнер мектебі Хореография

Пікірлер: 0

avatar