Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Домбыраны алғашқы ұстау үйрену әдісі.
  • 19.08.2016
  • 537 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19356

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (1.37Mb)

Сыныбы: -1 сынып.

Сабақтың тақырыбы:Домбыраны алғашқы ұстау үйрену әдісі.
Сабақтың мақсаты: Домбыраның құрылысың түсіндіру,балаға домбыраны дұрыс ұстау, дұрыс отыруды үйрету, қағыстарды меңгеру.
Тәрбиелігі:Оқұшының өнерге деген ынта-ықыласын өсіріп, эстетиқалық талғамын арттыру, музыканы дұрыс түсіну,тереңдей түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі:Жаңа сабақ.
Көрнектілігі:Нотаның тұрлері,октаваның атаулары,ноталарының ұзақтығы,такт сызығы, өлшем,қағыс түрлері, қол қойылымдары көрсетілген суреттер.
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру сәті.
2.Домбыра аспабымен таныстыру.
3.Ноталарды меңгеру-қай сызықта жазылатынын.
4.Скрипқалық кілті.
5.Музықалық дыбыстардың ұзақтылығы мен олардың жазылуы.
6.Дыбыстың өлшеуі.Такт.
7.Домбыраны ұстап үйрету.
8.Домбырада төмен,жоғары қағыстарды үйрету.
9.Перне басып ойнату.
10.Қорытынды.
11.Үй жұмысы
1.Ұйымдастыру сәті.
2.Домбыра аспабымен таныстыру.

1.Ұйымдастыру сәті.

2.Домбыра аспабымен таныстыру.
Домбыра шәкірттің жас шамасына дене құралымына сай болу керек кейбір домбырашылардың саусағы қысқа да өте салалы келеді. Кейде салалы саусақтардың созылу қасиеті жоқ, дене бітімі қатаңдары кездеседі. Аспаптың қолайсыздығынан отырыста көптеген қате кетеді. Осыдан келіп дыбыс сапасы да бұзылады. Бұған орындықтан келел залал да көп. Аяғы еденге орнықты қойылмаса сол аяғының өкшесін көтереді де, еңкейіп отырады. Сондықтан ең тиімдісі шақ орындық, сыйымды шанақ лайық сапты домбыра.
1.Ұйымдастыру сәті
2.Домбыра аспабымен таныстыру.
Домбыра шәкірттің жас шамасына дене құралымына сай болу керек кейбір домбырашылардың саусағы қысқа да өте салалы келеді. Кейде салалы саусақтардың созылу қасиеті жоқ, дене бітімі қатаңдары кездеседі. Аспаптың қолайсыздығынан отырыста көптеген қате кетеді. Осыдан келіп дыбыс сапасы да бұзылады. Бұған орындықтан келел залал да көп. Аяғы еденге орнықты қойылмаса сол аяғының өкшесін көтереді де, еңкейіп отырады. Сондықтан ең тиімдісі шақ орындық, сыйымды шанақ лайық сапты домбыра.
1.Ұйымдастыру сәті.

2.Домбыра аспабымен таныстыру.


Домбыра шәкірттің жас шамасына дене құралымына сай болу керек кейбір домбырашылардың саусағы қысқа да өте салалы келеді. Кейде салалы саусақтардың созылу қасиеті жоқ, дене бітімі қатаңдары кездеседі. Аспаптың қолайсыздығынан отырыста көптеген қате кетеді. Осыдан келіп дыбыс сапасы да бұзылады. Бұған орындықтан келел залал да көп. Аяғы еденге орнықты қойылмаса сол аяғының өкшесін көтереді де, еңкейіп отырады. Сондықтан ең тиімдісі шақ орындық, сыйымды шанақ лайық сапты домбыра.
3.Ноталарды меңгеру.
Оқушыға нотаның түрлерін жазу ережесі.
1.Музыкалық дыбыстардың атаулары
ДО РЕ МИ ФА СОЛЬ ЛЯ СИ



2.Октаваның атаулары
Октава -бұл бір дыбыстан келесі аттас дыбысқа дейінгі арақашықтық.Мысалы: до-до, ре-ре, соль-соль, т.б.
Фортопиано клавиатурасының дәл ортасындағы до нотасынан келесі до нотасына дейінгі аралықты, бірінші октава дейді.
Бірінші октавадан жоғары(оң жақта) орналасқан октавалар-екінші,үшінші және төртінші деп аталады.
Ал бірінші октавадан төмен(сол жақта) орналасқан октавалар- кіші,үлкен,контроктава және субконтроктава деп аталады.

Октаваның түрлері
1.Субконтроктава
2.Контроктава
3.Үлкен октава
4.Кіші октава
5.Бірінші октава
6.Екінші октава
7.Үшінші октава
8Төртінші октава



3.Дыбыстардың ноталық жүйеде жазылу ережелері.
Ноталар.
Нота-бұл мұзықалық дыбыстарды жазуға арналған белгі.Ноталық жүйе немесе нота ұстаушы дегеніміз -5 сызықтан тұрадын қатар. Бұл қатарда ноталар орналасады. Ноталар төменнен жоғары қарай саналатын сызықтарда жазылады:
Ноталық жүйе немесе нота ұстаушы

Ноталар жүйе сызықтарының өзінде, сызықтардың арасында, жүйе сызықтарының астында және үстінде жазылады:



Егер де, жүйенің бес сызығы аз болса, онда оның астына немесе үстінде қосымша сызықтар жазылып, ноталар олардың өздерінде немесе араларында жазылады:
4.Скрипкалық кілт
Скрипкалық кілт-бірінші октаваның соль нотасы, жүйенің екінші сызығында жазылатын көрсететін белгі.
Сондықтан оның екінші аты – соль кілті.


Бірінші октава дыбыстарының скрипқалық кілттер
жазылыуы:
5.Ноталардың ұзақтығы
Нотаның ұзақтығы дегеніміз -оның дыбысталу мерзімін өлшейтін белг
Ұзақтықтардың негізгі түрлері:


6.Дыбыстың өлшеуі. Такт. Такт сызығы. Өлшем 2/4.

Дыбысты уақытпен өлшеу үшін, нота жүйесіне тіке сызықтар қойылады.
Осы тіке сызықтарды такт сызығы дейді:

Әр такт сызығынан кейін, бірінші дыбыс қаттырақ алынады да, ол әлді улес деп аталады, екінші дыбыс жай алынады да, әлсіз улес деп аталады. Бәр әлді улестен, келесі әлді үлеске дейінгі аралық такт деп аталады:

Әр такт ішіндегі ноталардың ұзақтылығын білу үшін кілттің он жағына бөлшек сан қойылады. Мысалы:

Осындай бөлшек сан -өлшем деп аталады. Олшемнің түрлері көп.Мысалы: 2/4 өлшемі тұрса, онда әр тактының ішінде екі төрттік нотадан артық және кем болмауы тиіс.
Музықалық шығарма аяқталғанда соңына қос тіке сызық қойылады:
Өлшем 2/4, 3/4, 4/4
Олшемі- бұл әр үлесі төрттік нотаға созылатын, екі үлестік такт.



7.Балаға домбыра ұстау әдісін уйрету
Ер баланың орындыққа отырысындағы айырмашылық-оң аяғын сол аяқ тізе жоғары көтерінкі тобықтан сәл жоғары қоюы.Оң аяқ тізеден сәл жоғары көтерінкі тобық төмендеу, сонда домбыра ұстауға ыңғайлы болады. Екі иық тең табиғи қалпында домбыраның құлақ тұсында кейде сәл-сәл төмен, арқа, омыртқа жоны тіке ұсталады. Домбыра ұстау қалпы бірдей болғанмен ер балаларды тізе көтерінкі болғандықтан ыңғыйлырақ келеді.


8.Домбырада төмен, жоғары қағыстарды үйрету.

Домбыраны алғаш меңгеру барысында оқушы қолдарын еркін әрі бос қозғалтып үйренуі керек. Домбыра тартып үйрену әуелі ашық ішектегі қағыстардан басталады. Домбыра ішегін қолмен қағып, дыбыс шығару әдісін қағыс дейді.Қағыстар бағытына қарай төменгі және жоғары қағыстар болып бөлінеді.Қағыс бағытының негізгі танбалары былай белгіленеді:
Төмен қағыс
Жоғары қағыс
Домбыра тартуды әуелі төмен қағысты қағып үйренуден бастаған жөн.Себебі, ол-оң қолдың табиғи қолдың өте ыңғайлы қағыс.Сондай-ақ домбырада орындалатын ән-күйлердің көпшілігі төмен қағыспен басталады.Төмен қағыс қолдың білезік буынынң қатысуымен сұқ саусақ арқылы алынады.
Оқушы әуелі екі иығын босатып, домбыраны шынтақпен қыспай ұстағаны жөн.Қолды өз салмағымен бос тастай қағуы керек. Қағыс алу барысында қолдың білегі мен буынын әрлі-бері бұрмай, оның қойылымдық қалпының өзгермеуін қадағалап, кіші тиек жағынан екінші қолмен домбыра мойынын сәл демеп отыру керек.Жоғары қағыс төмен қағыстар сияқты бармақпен немесе сұқ саусақпен білезік буынының көмегімен қағылады.Төмен қағыс пен жоғары қағыстың бірінен кейін бірінің кезектесіп келуі алма-кезек қағыс деп аталады.
Алғашқы қағысты меңгеру барысында екі қағыс түріне де (төкпе және шертпе қағымтарына)бірдей жаттығу керек.Төкпе қағысты сұқ саусақ пен бас бармақ, ал шертпе қағысты тек сұқ саусақпен орындаудан бастаған жөн. Ең негізгі бізге белгілі қағыстар түрлері:
• «Тептек қағыс»-Құрманғазы дәстүрдегі кейін Дина дамытқан кең шенберлі қағыс.
• «Төре қағыс»-Төре күйлеріндегі ішектің екі жағынан аса алыс кетпейтін қағыс.
• «Триоль»-сұқ саусақ бас бармақ сұқ саусақ Қазанғап күйлерінде кездесетін қағыс түрлері.
• «Сүйретпе қағыс»-Абылдан келе жатқан бұл қағыс .
• «Сипай қағыс»-саусақтың ұшымен сипай өтетің қағыс.
• «Қара шертіс»-төрт саусақпен шертіп ойнау т б қағыстын түрлері бар.
9.Перне басып үйрету
Домбыра аспабы ойнаған кездегі сол қолдың саусақтарының орналасуы, перне басу тәртібі мен олардың нотадағы белгісі -аплликатура деп аталады.
Олар төмендегідей болып белгіленеді:
0-ашық ішек
1-бірінші(сұқ) саусақ
2-екінші(ортанғы) саусақ
3-үшінші(аты жоқ) саусақ
4-төртінші(шынашақ) саусақ
Б-бас бармақ

Осы белгілердің қай ішекте орындалукеректігін анық көрсету үшін «соль»ішегінде орналасатын нотаның саусақ белгісі-үстінгі, ал «ре»ішегіндегі орналасқан нотаның саусақ белгісі-астында жазылады.
Сол қолдың домбыра пернелерін басып тұрғандағы
қалпын- позиция деп атайды.Егер бірінші «соль» ішегіндегі «ля» бірінші саусақпен, «си» үшінші саусақпен, «до»төртінші саусақпен ноталарын ойнайтын болсақ,бұл бірінші позицияда ойналған дыбыстар болып саналады. Ал енлі қол өзінің бастапқы тұрғысынан сәл сағаға қарай 1-2 перне жылжыса, «си»бірінші саусақпен, «до»екінші саусақпен, «ре»төртінші саусақпен басып ойнайтын болсақ мұны екінші позиция деп атаймыз.Үстінгі «ре» ішігінде бірінші позицияда «ре» ашық ішек, «ми» бірінші саусақ, «фа» екінші саусақ, «соль» төртінші саусақ болып келеді.Сонымен позиция латын тілінде (positio)-орналасу деген сөз.

10.Бекіту
Әйгілі күйшілердің орындауында күйлерді үнтаспа материал бойынша тындатқызу.
11.Үй жұмысы.
Домбыра аспабын дұрыс ұстау, домбыраның құрылысын жаттау, ноталарды жатқа айту, төмен-жоғары қағыстарды меңгеру. Тәрбие.орг сайтынан Домбыраны алғашқы ұстау үйрену әдісі. Музыкадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байшағыр Толқын Келістемірқызы

Қарағанды қаласы №2 өнер мектебі Домбыра пәнің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Музыкадан ашық сабақтар
Көрсетілім: 537 | Жүктеулер: 4
Барлық пікірлер: 0
avatar