Менің жанұям

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 462
  • Музыкадан ашық сабақтар
  • 11/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19996


№3 технологиялық карта
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы:«Менің жанұям»
Мақсаты: музыкалық шығарманы тыңдап, қабылдауға, айырмашылықтарын ажыратуға уйрету. Әуенге әсерлену, ырғақтық, динамикалық есту қабілеттерін дамыту. Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке үлкен-кішіге деген сыйластыққа баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: отбасындағы туыстар бейнелеген суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: үшбұрыш, қонырау, металлофон, бубен аспаптары
Алдын ала орындалатын жұмыс: өз туыстары туралы әңгімелеу өлең-тақпақтар жаттау, жылы лебіз-тілектер айтуды үйрену.
Сөздік жұмыс: аялау, дүрілдеп
№3 технологиялық карта
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы:«Менің жанұям»
Мақсаты: музыкалық шығарманы тыңдап, қабылдауға, айырмашылықтарын ажыратуға уйрету. Әуенге әсерлену, ырғақтық, динамикалық есту қабілеттерін дамыту. Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке үлкен-кішіге деген сыйластыққа баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: отбасындағы туыстар бейнелеген суреттер.
Қажетті құрал-жабдықтар: үшбұрыш, қонырау, металлофон, бубен аспаптары
Алдын ала орындалатын жұмыс: өз туыстары туралы әңгімелеу өлең-тақпақтар жаттау, жылы лебіз-тілектер айтуды үйрену.
Сөздік жұмыс: аялау, дүрілдеп
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің
іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті Есеп
Мотивациялық - қозғаушылық Кел, билейік (В.Конорова) әуенінін ырғағына еркін би қимылдарын жасайды. Би барысында секіртпелі қимылды, орын ауыстыру, бір қырымен бір аяқты келесі аяққа соға секіру қимылдарын қадағалау (боковой галоп). Санамақ айтып, көнілденуге шақырады.
Бас бармағым – атам,
Балаң үйрек – әжем,
Ортан терек – әкем Шылдыр шүмек – анам,
Титтей бөбек – мен. Балалар көтеріңкі көніл күймен би қимылдарын еркін орындап, ырғақты сезіне билейді

Шеңбер бойына тұрып, санамақты саусақтарымен көрсете, сөздерін анықтап айтады.


Ұйымдас-
тырушылық ізденістік

Жүзімізге қараңыз,
Бал күлкілі баламыз.
Бізге қымбат күншуақ,
Бізге қымбат анамыз. (Ф.Оңғасынова)
Музыка тыңдау: Жан анам (Е.Өміров туралы әңгімелеу.)Шығармаларына тоқталу.
Ән үйрену: Бала тілегі (Сатиев, О.Әубәкіров). Әнді орындап, сипаты мен көніл күйі, мағынасы, мазмұны туралы сұрайды.
-Ән қалай орындалды?Сендер әкелеріңе қалай көмектесесіндер? Әннің мәтінін үйретіп, әуенін еске сақтау үшін ырғақты шапалақпен көрсетулерін сұрайды.
Ойын: Аяулы жан
Бастаушы бала сағат тілін өзінің жақсы көретін аяулы жанға бағыттап қояды. Ал қалған балалар өткен әннен үзінді орындап береміз. Немесе бала өз қалауы бойынша отбасы немесе туыстары туралы өлең-тақпақ айтып, ән орындауына болады. Ойынға белсене қатысқан балаларды мадақтау. Ана
Әнді тыңдап, нәзік әуезд сипатын ажыратады. Ән авторлары туралы естіп, біледі.

Ән әуенін үйреніп, сөзін жаттауға, ырғақпен әндетуге үйретеді.

Ойын барысында өздері үйренген, білетін тақпақтарын, әндерін орындайды.
Өз туыстары туралы білетін, жаттаған өлең-тақпақтарын, әндерін айтып, ойынды қызықты өткізуге атсалысады.
Рефлексиялқ –
түзетушілік Анаң – күнің, жүрегің, Әжең – асыл ардағың,
Әкең – өмір тірегің, Атаң – дана қорғаның,
Ағаң – қамқор асқарың, Қарындасың – қанатың
Інің – мөлдір аспаның,
Сен бақытты ұлансың, Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын! Бәрі саған қуансын!
(М.Куанышпеков)
-Туыстарымызды, ата-анамызды сыйлап, ардақтайық, балалар! Туыстарына, ата-анасына арнаған жылы лебіздерін қайталайды.
Балалар өлең жолдарын қайталап, жаттап алуға талпынады.Туыстарына сыйлық дайындайды.


Күтілетін нәтиже:
Біледі: шығармалардың айырмашылықтарын ажыратуды, әнді динамикасын сақтап орындауды.
Игереді: әнді әсерлене орындауды, ырғақтық динамикалық белгілерді қолдануды, ойын шарттарын сақтауды..
Меңгереді: ән мазмұның тындап, әңгімелеуді, әуенге сәйкес мәнерлеп қозғалуды. Тәрбие.орг сайтынан Менің жанұям Музыкадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Махметова Гүлсім Қажыгелдіқызы

№122 мектепке дейінгі гимназиясы Музыка жетекшісі

Пікірлер: 0

avatar