Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Музыка әлеміне саяхат ашық сабақ
  • 27.01.2017
  • 178 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21333

«Музыка әлеміне саяхат»
Мақсаты: Музыка арқылы бала бойындағы дүниетанымдық,адамгершілік қаситтерді дамыту.Өмірге деген сүйіспеншіліктерін жаңа деңгейге көтеру.
Міндеттері:
- Музыкалық дыбыстар туралы білімін қайталау және бекіту;
- Бала бойында таныс әуедерді жаңа бағытта сипаттай білу және айыру ;
- Музыкаға деген қызығушылығын арттыру;
«RELAX» музыка орындалады
1 Ұйымдастыру бөлімі.
Балалар музыка залына әуен ырғағымен кіреді.
Музыка жетекшісі.(Г.М) Саламатсыздарма балалар,! Көңіл күйлеріңіз қалай?(музыкалық сәлемдесу)
Балалар. Саламатсыз ба саламатсыз ба саламатсыз ба .Тамаша!!!
(Балалар орындарына отырады)
Оқу іс-әрекетінің барысы.
- Балалар міне ғажап қараңдаршы біздің музык залында тұрған бұл не болды екен.(Алдын ала дайындалған сиқырлы гүл әсем қорапшаға салынып дайындалып тұрады.) Балалар қараңдаршы бұл не болды екен, есіме түстң бұл біз танитын сиқырлы жеті түсті жапырақшалары бар гүліміз ғой солай балалар?(Балалар жауабы)Бұл жай гүл емес сиқырлы гүл сияқты кінекей балалар неше жапырақшасы бар екен санайықшы (7)
Музыка жетекшісі: менің ойымша бұл ғажайып гүл бізді сиқырлы әлемге шақырғысы келетін сияқты.Балалар сендер бұл гүлді қандай ертегі арқылы білесіңдер? (Балалар жауап береді). Дұрыс айтасыңдар балалар бұл сиқырлы гүл. Ендеше балалар.....
Сиқырлы музыка ойнайды.
Музыка әлеміне саяхат слайды ашылады..
Музыка жетекшісі: балалар қараңдаршы біз қайда келдік?
М.Ж.: Біздер музыка әлеміне келген сияқтымыз.Ал мына сиқырлы фея бізді музыка әлеміне жетелейді. : Ендеше сиқырлы гүлімізбен музыка әлеміне саяхатқа аттанайық, жапырақшамызды ашайық.
«Шыр айналып әлемді
Сиқырлайды бар елді……»
1)Ноталар қалашығы
Қараңыздаршы бұл не? ( Музыкалық нота станына көрсетеді)
Ноталар тұратын сиқырлы үй кімнің есінде?
Нота санында неше сызық бар екен? (5)
Барлық ноталардың патшасының аты кім? (Скрипичный ключ)
Музыка әлемінде неше нота бар. 7.
Ендеше барлық ноталарды әндетейік.
(балалар гамманы әндетеді)
Балалар ал енді ноалар қалашығында біздер онымен қатар музыкалық дыбыстар түрлерімен танысамыз олар балалар легатто стокатто.Ендеше балалар гамманы стаккатто және легатто түрінде айтып шығайық.(Музыка жетекшісі пианинода гамманы балалармен айтады)
Тағы саяхатқа аттанамызба?
М.Ж: Ендеше екінші жапырақшамызды ашайық.
«Шыр айналып әлемді
Сиқырлайды бар елді……»
би ырғағына сай музыканың дыбысы естіледі
М.Ж: Балалар тыңдаңдаршы бір музыка естілетін сияқты.
Бұл қандай музыка екен?
М.Ж. Балалар бұл қандай музыкаға жатады би ырғыма әуен ырғағыма? (Би ырғағы)
Дұрыс айтасыңдар би ырғағы.Балалар біз 2)би әлеміне саяхаттап келдік.Қараңдаршы бұл Солтүстік салқын жақ елі ғой.Біз солтүстік елінің биін білеміз бе?(балалар жауабы) Сиқырлы гүлімізге арнап солтүстік биін билеп берейік
«Солтүстік биі»
М.Ж. Балалар сендерге ұнадыма?
М.Ж: Әрі қарай сахаттайық балалар?
«Шыр айналып әлемді
Сиқырлайды бар елді……»
Барабан дыбысы естіледі.
М.Ж: Қандай ғажап балалар біз қайда келдік?
М.Р. Балалар тыңдайықшы бұл әуенді музыка ма ? (Жоқ)
Не естіп отырсыңдар балалар? (Барабан).
Біз 3) ритмикалық дыбыстар қаласын келдік. Ол музыка яғни әуенге жатама балалар?Жоқ дұрыс айтасыңдар ол ритмикалық дыбысқа жатады.Ритмикалық дыбыстардың қандай түрлері бар кім айтады (шулы дыбыстар және музыкалық дыбыстар) Дұрыс айтасыздар.
Барлық бала біледі
түрлі шулы дыбыстар
Ұшақ ұшып кетеді
машина жүріп барады
жәй жапырақ сыбдыры
шулы дыбысқа жатады
Қандай музыкалық дыбыстар болады?кім жауап береді? (Қатты-жәй, Жоғары-төмен)
Енді сендердің музыкалық қабілеттеріңді тексеріп көрейікші?(Слайд)
«Шулы оркестр ертегісі»
тамаша!
М.Ж.әрі қарай саяхатымызға аттанайық?
(Көздерін жұмады)
«Шыр айналып әлемді
Сиқырлайды бар елді……»
ән дыбыс естіледі «Ақ тілек»
М.Ж: Тағы да музыка естіледі. Бұл әуен сендерге таныс сияқты ғой? (Таныс)
Бұл не екен? (Ән)
М.Ж. Дұрыс айтасыңдар балалар біз 4) ән әлеміндеміз.Біздер түрлі әндер білеміз бірақ ән айтар алдында біздер дауыс жаттығуын және жаңылтпаш қайталап аламыз, дауыс жаттығуы бізге не үшін керек?Ал жаңылтпаштарды не үшін қолданамыз?(Балалар жауабы)
*жаңылтпаш (слайд)
*Дауыс жаттығуы
Ендеше орындарымыздан тұрып ән айтайық
Ән«Ақ тілек»
М.Ж: Жарайсыңдар балалар сендер би билейді екенсіңдер әнді де жақсы айтады екенсіңдер
Қараңдаршы балалар біздің сиқырлы гүлімізде неше жапырақша қалды екен санайықшы(3)
М.Ж. Бірақ балалар біздер ол жапырақшаларды бүгін ашпаймыз,өйткені сиқырлы музыка әлемі өте үлкен және біз ол әлемде әлі де көп саяхаттаймыз.Ал сиқырлы гүліміз бізге болашақта көмектеседі.
М.Ж: Ал енді балалар біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз келді көздерімізді жұмып сиқырлы гүлімізбен балабақшамызға қайтайық
Балалар көздерін жұмады,
«шыр айналып әлемді
Бақшамызға әкетші!»
Сиқырлы музыка естіліп балалар көздерін ашады.
М.Ж. Мінекей бақшамызға да оралдық балалар сендерге саяхатымыз ұнадыма (Балалар жауаптары)
Сендерге саяхатымызда қандай елдер ұнады?
Оқу іс-әрекетінің анализі
Жарайсыңдар балалар маған сендердің билерің әндерің ұнады ал енді осы сиқырлы саяхатымыздан естелік ретінде мен сендерге музыкалық ноталарды таратқым келіп тұр
(Музыка жетекшісі балаларға ноталар таратады)
Балалар осындай оқу іс-әрекетіне тамаша қатысқандарың үшін сендерге көп көп рахмет.келесі кездескенше Сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Музыка әлеміне саяхат ашық сабақ Музыкадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Акманбетова Галия Мирболатовна

"Бөбек "балабақшасы Музыка жетекшісі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Музыкадан ашық сабақтар
Көрсетілім: 178 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar