Музыка сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологиясын қолдану тиімділігі

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 751
  • Музыкадан ашық сабақтар
  • 10/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18571


Аннотация
Доклад на тему: «Использование интерактивно-коммуникационных технологии на уроках музыки»
У.Б.Тастемирова
Учитель музыки
ЗКО, Жангалинского района, п. Пятимар

В докладе пишется о Smart технологии, или об умном обучении, - это гибкое обучение в интерактивной образовательной среде с помощью контента со всего мира, находящегося в свободном доступе. В будущем главным источником знания для обучающихся будет Интернет. Характеристиками данного вида образования являются: обеспечение совместимости программ между разными операционными системами. Это позволит обучающимся заниматься на уроках музыки на равных, не зависимо от используемых устройств, что будет обеспечивать непрерывность образовательного процесса мобильность и скорость доступа к информации. С помощью Smart технологии обучающиеся имеют возможность на уроках музыки слушать музыку с интернета с аудио-видео записями, пользоваться онлайн интернетом, узнать подробно о жизнедеятельности великих композиторов.

Музыка сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологиясын қолдану тиімділігі
БҚО, Жаңақала ауданы
Пятимар ауылы
Пятимар ЖОББМ
музыка пәнінің мұғалімі
У.Б.Тастемирова

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - делінген [1, 16].
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан- жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. [5, с. 384]
Баланы болашаққа дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі мәселесі. ХХІ ғасыр- ақпараттандыру ғасыры. Қоғамды ақпараттандыру – мәдениеттің, білім мен ғылымның дамуына ықпал ететін шарттарының бірі. Осыған орай менің тәжірибемде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрінен басқа, дәстүрлі емес сабақтар түрлері де пайда болуда. Олар көбінесе оқытудың жаңаша әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсатым - әрбір сабақтың оқу - тәрбиелік мүмкіншіліктерін ескере отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру.
Бүгінде оқыту жұмысын осылай ұйымдастыру мен әдістің жаңалығы басқа ұстаздардың жаңа жағдайға байланысты оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен пайдаланудың негізгі өлшеміне айналуда. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері мен пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді.
Жалпы оқушылар мен мұғалімдердің пікірінше, материалды қарапайым аудиторядан гөрі интеракивті тақтамен бірге жүргізілген сабақты ұғыну әлдеқайда қызықты, әрі ұтымды. Интерактивті тақтада компьютерде жасайтын жұмыстарды да жасай аласыз: мәтінді теріп және сақтай аласыз, фильмдер мен слайдтар көрсете аласыз, интернеттен қажетті ақпараттар іздестіре аласыз. Мұғалімнің берген сабағын оқушылар тақтадан анық көре алады, олардың назары тақтада болады.
SMART тақтаны интерактивтік Sympodium планшетімен толықтыруға болады, тыңдаушы кіші топтарды игергендей үлкен аудиторияларды да игеруге болады. Мұғалім, кішігірім экранда жазу жазып, орнынан қозғалмай оқушыларға қарап тұрып, компьютерлік қосымшаларды, сонымен бірге оқушыладың үлкен экранда және интерактивтік тақтада берілген сол көріністі көретінін бақылай алады. Алдын-ала дайындалған мәтіндер, кестелер, диаграммалар, суреттер, музыка, карталар, тематикалық CD-ROM-дар, сондай-ақ мультимедиалық файлдарға гиперсілтемелер және интернет ресурстар сабақты құнарлы етеді. Кәдімгі жай тақтаға мәтінді жазуға немесе экраннан пернетақтаға көшуге көп уақыт кетпейді. Перо құралын қолдана отырып, барлық ресурстарға экранның өзінде түсініктеме беруге және көшірмелерді келесі сабаққа сақтап қоюға болады. Өтілетін сабақ файлдарын әрқашанда ашуға және өткен материалдарды қайталауға болады. Сабақтан соң файлдарды (бастапқы немесе толықтырылған түрде) оқушылар желісінде сақтауға болады, сонда оқушылар қалаған кезінде оған кіре алады. Сондай-ақ, оларды оқушылардың білім деңгейін тексеру барысында келесі сабақтарда да пайдалануға болады.
Smart білім алу –ақылды білім алу мағынасын береді. Яғни кез келген жағдайда, кез келген ортада кедергісіз білім алып қана қоймай, оны тұлғаның қажетіне қарай жарата білуіне мүмкіндік беретін
білім ортасы.

Смарт құрылғылардың қажеттілігі :
• Сабақты қызықты етіп, оқушылардың қызығушылығын арттырады;
• Жеке және әлеуметтік қабілеттерін арттыра отырып, топпен жұмыс жасауға көмектеседі;
• Сақтау және баспаға басу мүмкіндіктері арқасында жазудан құтқарады;
• Материалды түсінікті, көрнекі әрі эффектілі етіп беру арқасында оқушылардың қиын материалдарды да түсінуін жеңілдетеді;
• Оқушылардың өздеріне деген сенімі артып, шығармашылық жұмыс жасаулары артады;
• Оқушылардың сабақтан тыс та көп қызықты жұмыстар жасауына да көмектеседі;

Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн әуендерімен, классикалық музыкамен ұштастыра, шығармашылықпен тақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді. Оқуға ынтасы барды да, ынтасыздарды да, тәртіптілер мен тәртіпсіздерді де музыка әлеміне қызықтырып, оқушылардың рухани бейнесі, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығару - ұстаздардың басты мақсаты.
Осы бағытарда сабақты түрлендіруде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асырып келемін. Мысалы: интерактивті тақтамен жұмыс, мультимедиалық көрніспен, жаңаша тапсырмалар арқылы сабақты түрлендіре отырып өткізуді дәстүрге айналдырдым.
Музыка сабақтарында да электронды оқулықтарды тиімді пайдалануға мүмкіндік бар. Бұл мұғалімнің магнитофон, күйтабақпен жұмысын жеңілдетеді, тақтаға ән мәтінін жазу уақытын үнемдейді. Оқушыларға әр түрлі өлеңдердің әнін тыңдауға, оған өзгертулер енгізуге, өздері орындаған өлеңдерді компьютер арқылы тыңдауға мүмкіндік береді.
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын. Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.
Компьютердің кең мүмкіндіктері музыка пәнінен фонотека, мәліметтер қорын жасақтап, толықтырып отыруға мүмкіндік береді, оларға қол жеткізуді оңтайландырып, сұрыптау мен іріктеу мүмкіндіктерін жетілдіреді.
Осылайша, ақпараттық технологиялар педагогтарға өздерінің жұмысын сапалы тұрғыдан жақсартып, әдістері мен формаларын өзгертіп, оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін толық сақтау мен дамытуға, оқытудағы пәнаралық байланыстарды нығайтуға, оқу үдерісін ұйымдастыруды үнемі динамикалы жаңғыртуға мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Ал басты артықшылығы – дәстүрлі оқу үдерісін түрлендіріп, оған жаңаша көзқарастарды тиімді енгізуге мүмкіндік беріп, оқушылардың білім алуын қызғылықты әрі жеңіл етуге ықпалы. Оқушылардың қызығушылығы белсенділігі артқасын сабақта білім сапасының арттатыны сөзсіз.
Қызығушылық – бұл тұлғаның белгілі бір саламен байланысты бағыталуының басты компонентерінің бірі. Адам өзін қоршаған ортадан өзіне маңызды мен құндыны таңдауға құқылы, бұл оның жалпы мәдениеттік деңгеінің көрсеткіштерін анықтайды. Адамға зерттелетін нақты пән ғана емес, оны тану жолы да қызықты болуы үшін оқу қызығушылыққа айналатындай жағдай жасап, оқу-танымдық үдерістің тартымды әсерін молайту қажет.
Қарапайым тақта мен бордан қарағанда, әрине заманауй технологиялар білім алушыға көбірек әсер етеді.Себебі заман ағымы, бағыты солай болып келе жатыр.Тәжирбемнен байқағаным, тақтаға ілінген сурет, кестеден қарағанда флипчарттағы немесе слайдтағы аудиожазбасымен берілген материалдарға оқушы көбірек қызығады.Себебі оқушыға қатып тұрған суреттен немесе кестеден қарағанда өз қолымен орындайтын жаттығулар ұнайды. Міне осыдан-ақ оқушы үшін де ,ұстаз үшін де электронды көрнекіліктердің маңызы аса жоғары екенінін байқаймын.
Ұлы неміс педагогы А. Дейстербергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» - дегенді. Содықтан да оқушы белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол жаңа инновациялық әдіс- тәсілдері болып табылады.
Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.
Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.
Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық ,нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді.Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын.
Smart education оқытушыға сабақты әзірлеуде техникалық талаптарға уақыт кетірмей, арнайы дайындалған модуль түрінде жүзеге асырылған контентті қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай модульдер технологиясының көмегімен білім контентін кез келген ретте автоматты түрде жинақтауға болады. Ақылды білім беру – белсенді емес контенттен онлайн, интерактивті, белсенді оқыту контенттеріне ауысу болып табылады. Smart education білімнің синхронды жеткізілу шарттарын жасауға мүмкіндік береді: кеше сайтта болса, бүгін оқу материалында қолдануға болады. Ал, дәстүрлі білім бүгінгі таңда интернет ресурстары мен мультимедиа каналдарында орналасқан ақпараттармен салыстырғанда тар көлемде білім береді. Ал, жаһандану мен жаһанданудың жылдамдығын арттырушы күштердің бірі ретінде ақпараттық және коммуникациялық технология саласындағы ілгерілеу күнделікті өмірімізге үлкен өзгерістер әкелуде және ақпарат ағынының көптігі үлкен алаңдаушылық туғызуда.
Сондықтан да, білім беру саласында жүргізіліп отырған ауқымды реформалар ұстаздарға еліміздің әрбір азаматы кәсіби біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті болатындай, ой-өрісі жаңашыл тұлғаны даярлауды міндеттейді. Мұғалімнің білімі мен біліктілігі жоғары деңгейде болғанда ғана баланың білім сапасының жоғары болатыны анық.

Қолданылған әдебиеттер:
1. «Жаңа замандағы музыка пәні деңгейі» Праслова И.Г.
2. Дускалиев Н.К. E-learning жүйесінде контентті жасақтау. // «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің Бірінші Республикалық педагогикалық оқуларының облыстық кезеңінің материалдары, Орал қаласы, 2013
3. Ералиева М. Оқытудың қазіргі технологиялары / М. Ералиева // Бастауыш мектеп. – 2006.
4. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.
5. Педагогтың кәсіби құзіреттілігі – білім сапасын көтерудің фактілері бұл баяндамалар жинағы – 28.03.2014 Тәрбие.орг сайтынан Музыка сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологиясын қолдану тиімділігі Музыкадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: У.Б.Тастемирова

Пікірлер: 0

avatar